Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу


Үңгір аллегориясы Адам қайдан біледі?



бет7/7
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#20594
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Үңгір аллегориясы

Үңгір аллегориясы

Адам қайдан біледі?

Адам қайдан біледі?

Платонның қалыптасуына түрлі нәрселер ықпал етті. Оны ежелгі грек әлемінің тылсым діни жүйелері шабытқа бөледі. Ол математиканы қатты құрмет тұтты. (Сол кезде мистика мен математика тығыз байланысты деп есептелді). Платон нақты дүние - мәңгілік, уақытпен шектелмеген, ал оның өзгермелілігін қабылдау иллюзия ғана деп сенді. Сократтың ықпалымен ол 26 этикаға қызығып, дүниені оның себептері тұрғысынан еиес, мақсаттарымен байланыстыра отырып түсіндіруге тырысты. Адам интеллектуалды және адамгершілікке үндейтін ғылымдарды үйлестіру арқылы ғана ізгілікті таныпбіле алады.

Философтың маңыздылығы

Философтың маңыздылығы

Бұл пікірлер Платонды «ең жақсы мемлекет тұрақты және жан-жақты болуы тиіс: ізгілік пен нақты дүние уақыттан тыс, мәңгілік» деген қорытындыға әкелді. Ең озық билеуші - мәңгілік ізгілікті ұғынған адам. Осыны игерген адам ғана мемлекетті басқаруға атсалыса алады. Мемлекет билеушілеріне білім беру ұзақ уақыт, жан-жақты және мұқият жүргізілуі тиіс. Оған математиканы енгізу қажет, себебі онсыз даналық жоқ. Даналық адамның бойына біртіндеп сіңіріліп, мемлекетті дұрыс басқаруға қабілетті етеді. Даналыққа жетуде бос уақыт маңызды рөл атқарады. Адам күн көру үшін ақша табумен айналысатын болса, ойланып, пайымдауға уақыты қалмайды.

Жанның үш бөлігі

Жанның үш бөлігі

Платон адамның жаны үш бөліктен тұрады деп есептеді. Біріншісі - рационалды бөлік, ақыл-ой негізі. Даналық - оның ең басты құндылығы. Екінші - жандағы рухани, қуатты бөлік, оның ерекше құндылығы - батырлық пен батылдық. Үшіншісі - адам жанының қалауын қанағаттандыруға ұмтылатын бөлік. Оның басты құндылықтары - ұстамдылық және бағыныштылық.

Пайдаланылған әдебиет

Дерек ДЖОНСТОН ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ СОКРАТТАН ДЕРРИДАҒА ДЕЙІН. Астана 2018. 25 бет Сократ пен Платон: от пен күн

Назарларыңыз үшін рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет