Жақсылық пен жамандық шекарасын ажыратқан ол адамның рақымшыл мінез-құлық ережесінің болатынын дәріптеді. Бақыт пен рақымшылдық бірдей, зұлымдық жақсылықты білмеуден туындайды.
«Өзіңді өзің таны» – Сократ үшін барлық адамға ортақ рақымшылдықты
табуды білдіреді. Яғни сенің рухыңа және денеңе не керек екендігін анықтау.
ПЛАТОН ФИЛОСОФИЯСЫ
Сократтың оқушысы ұлы ойшыл Аристокл (б.з.д. 427-347 жж.) өзінің кең жауырынды болғаны үшін Платон (кең жауырынды) деген лақап атқа ие болған. Өз өмірінде 34 диалог түрінде еңбек жазған және олар біздің күнімізге толық жеткен. Негізгі еңбектері: «Сократты жоқтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т.б.