Гистология 2-аралық бақылау ескерту аманатқА Қиянат жасамаңыз материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады


Клиникасы: Миокард инфарктысы – жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену ошағының пайда болуы. Қызметі



бет8/18
Дата26.12.2023
өлшемі45,49 Mb.
#143400
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Гистология рк 2 аралық бақылау

Клиникасы: Миокард инфарктысы – жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену ошағының пайда болуы.
Қызметі: насостық, эндокринді информациялық.

Синустік түйінде импульстің қалыптасуы жүзеге асады. Түйіннің ортасында өз бетінше жиырыла алатын бірінші типті жасушалар - өткізгіш немесе Пейсмекер жасушалары болады ( Р-жасушалары). Бұл жасушалар көпбұрышты, диаметрі 8-10 мкм, аздаған миофибриллалары бар. Миофибриллалары сирек орналасқан, онда А және 1 дисклері анық көрінбейді де, Т-жүйесі болмайды, бірақ кавеолалары мен көпіршіктері бар. Пейсмекер жасушаларының цитоплазмасындағы бос Са" ионы синустік түйіндегі жасушалардын импульсті туғызып өздігінен жиырылуына мүмкіндік туғызады. Бұған қажетті энергия гликолиз процесінен алынады. Жасушалардың екінші типіне аралық жасушалар тобы жатады, бұлар ұзынша келген, жіпше тәрізді жасушалар. Параллель орналасқан миофибриллалары жақсы дамыған. Т-жүйесі бар, олар бір-бірімен қыстырма дисклермен байланысады. Бұлардың ең негізгі қызметі қозуды Р- жасушаларынан Гисс шоғырының жасушаларына, одан жұмысшы кардиомиоциттерге береді. Жасушалардың үшінші түріне Пуркинье талшықтарының жасушалары жатады. Бұл жасушалардың құрамында спираль тәрізді болып келген ұзын миофибриллалары болады. Қызметі қозуды аралық жасушалардан жүрек қарыншасының жұмысшы кардиомиоциттеріне береді. Бұл жасушалардың диаметрі ірі(15мкм), Т-жүйесі болмайды, ядросы эксцентрлі орналасқан. Ал миофибриллалары өте жіңішке, көбінесе жасушалардың шетінде ретсіз орын алған. Пуркинье жасушалары ең ірі, гликогенге бай, Т-жүйесі болмайтын жасушалар. Бұлар бір-бірімен нексустар мен десмосомалар арқылы байланысады.


Жүрек миокардында афферентті және эфферентті нерв талшықтары өте көп. Мұнда нерв пен кардиомиоциттер арасында синапс болмайды. Өткізгіш жүйенің нерв талшықтары, жүрекке келетін нервтердің тітіркенуі жүректің (жиырылу) ритмінің өзгеруін туғызады. Бүл болса нерв жүйесінің жүрек кызметінде (ритмінде) шешуші рөлін көрсетеді де, өткізгіш жүйесі арқылы нерв импульстері беріліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет