Клиникасы:Жүрек ырғағы бұзылысы. Тахикардия – жиілігі минутына 100 немесе одан көп жүрек циклі.
Қызметі: Нерв импульсін өткізу, тітіркену реакциясына өткізу.
9 -апта. Ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімі: ауыз қуысы, жұтқыншақ, ірі сілекей бездері, өңеш. Жас ерекшеліктері.
Өңештің қабырғасы: кілегейлі, кілегей асты негізден, бұлшық етті және адвентициальді қабықтардан тұрады. Кілегейлі және кілегей асты негізі өңештің қуысына енетін 7-10-дай қатпарларды түзеді.
Өңештің кілегейлі қабығы эпителийден және меншікті пластинка мен ет пластинкасынан түзілген. Эпителиі көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін, бірақ егде тартқан шақта (қартайған адамдарда) эпителийдің үстіңгі жасушалары мүйізделеді. Адам өңешіндегі эпителийдің үстіңгі қабатында кератогиалиннің аздаған мөлшері болады. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы эпителийге еніп тұратын дәнекер тінді бүртіктері де түзеді. Мұнда шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғырлары орналасады, тіпті кейде олар жекеленген лимфа түйіндерін де құрайды. Меншікті пластинкада өңештің кардиальді бездері орналасқан. Бұлар екі топ түрінде көрінеді. Бірі көмекейдің жүзік тәрізді шеміршегі мен кеңірдектің 5-ші сақинасының деңгейінде, ал екіншісі асқазанның кіре-берісі маңайында немесе өңештің асқазанмен байланысқан жерінде көрінеді. Құрылысы жағынан бұл бездер асқазанның кардиальді бездерін еске салады. Бұлар қарапайым тармақталған түтікшелі бездер. Құрамында бірнеше жасуша топтары бар. Өңештің кардиальді бездерінің құрылысы мен қызметі дәрігерлер үшін маңызды, өйткені олардын орналасқан жерлерінде көбіне көптеген дивертикулдар мен сары су жиналып, жара немесе ісік пайда болады. Өңештің кілегейлі қабығының ет пластинкасы иілгіш талшықтардың торымен қоршалған миоциттер жігі.
Өңештің кілегей асты негізі, құрамында борпылдақ, дәнекер тіні бар, қан мен лимфа тамырларына бай қабық. Құрамындағы элементтері тамақты жұту кезінде жазылатын көптеген бойлық қатпарларды құрайды. Кілегей асты негізінде өңештің меншікті бездері орналасады. Бұлар күрделі, тармақталған альвеолярлы түтікшелі бездер. Бездердің секреторлы бөліктері миоциттермен қоршалған. Өңештің бұл бездері оның жоғарғы үштен бір (1/3) бөлігінің вентральді бетінде орналаскан.
Өңештің меншікті бездерінің қызметі кілегейлі қабықтың бетін үнемі ылғалдандырып, тамақ түйірлерінің өтуіне септесетін шырышты секрет бөледі.
Өңештің етті қабығы — ішкісі айналмалы, сыртқысы бойлық қабаттардан тұрады. Өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінде бұл қабат жұтқыншақтың бұлшық етті тінінің жалғасы болып табылады да, көлденең жолақ ет тіні түрінде көрінеді.
Ал, төменгі бөлігінде тегіс салалы миоциттер жігінен тұрады. Бұл ерекшеліктері бойынша гистологиялық кесінді арқылы өңеш деңгейін анықтауға болады. Өңештің бұлшық етті қабығының жиырылуы тамақтың өңеш бойымен асқазанға қарай жылжуына жәрдемдеседі.