Адвентициальді қабық- өңешті сыртынан қоршап жатқан кеуде аралық дәнекер тінімен байланысқан. Бұл қабықты бойлай орналасқан қан тамырлары мен нервтері өте көп. Өңештің асқазанмен байланысқан жері, мезотелийдің астындағы дәнекер тінімен бірге түзілген сірлі қабықпен қапталған.
Клиникасы:Өңеш ахалазиясы – өңештің кардиальді бөлігінің өткізгіштігінің қызметтік бұзылуымен ерекшеленетін патологиялық жағдай.
Қ ызметі: Астың механикалық өңдеу.
Жақ асты безі (gl. submandibulare) күрделі альвеолярлы тармақталған, бөлетін секрет аралас (белокты шырышты). Соңғы секреторлы - бөліктерінің құрамында екі түрлі жасушалары бар: белокты және шырышты. Сероциттердің құрамындағы секреторлы түйіршіктері электронды өте тығыз. Соңғы бөліктеріндегі ацинустарының құрамында 10-18 дей серо мукозды жасушалары болады. Секреттерінің құрамында гликолипидтермен гликопротеидтер болады. Аралас секреторлы соңғы бөліктері ірі, құлақ қасы бездің ацинусына қарағанда аралас болғандықтан екі түрлі жасушадан тұрады. олар: шырышты мукоциттер мен белокты - сероциттер болып табылады. Шырышты мукоциттер ірілеу, сероциттермен салыстырғанда, ацинустық орталық бөлігінде орналасады. Бұл жасушалардың цитоплазмасы көпіршікті, себебі пырышты секреторлы түйіршіктері көбірек. Сероциттері ацинустің сыртын қоршап, жарты айшық түрінде, Джиануцци деп аталады. Бұл бездің де соңғы бөлігін миоэпителиоциттер коршайды.
Секреторлы өзектері: қыстырма, сызықты бұлар барып, бөлік аралықөзектеріне айналады да, соңынан бездің денесінен жалпы секретшығаратын өзегі шығады. Бұл өзек тіл асты тартпасының алдыңғы жағынан ашылады. Қабырғасы көп қабатты эпителиймен тысталған.
Клиникасы: Сиалоаденит – сілекей бездерінің қабынуы. Сиалоаденоз – сілекей бездерінің қабынусыз ауруы, олардың ұлғаюы немесе қызметінің бұзылуынан дамуы.
Қ ызметі: сілекей өңдеп шығару.
Құлақ қасы безі (gl.parotis) - күрделі альвеоллярлы тармақталған без, секреті-белокты, эндокринді де қызмет атқарады. Сырты тығыз дәнекер тінді капсуламен қапталған. Без бөлшектелген, бөлшектерінің арасында дәнекер тінді перделері болады. Бұл перделерінде көптеген қан мен лимфа тамырлары мен бөлік аралық секрет шығаратын өзектері орналасады. Секреторлы соңғы бөліктері белокты серозды. Бұл бөлігі конус тәрізді- сероциттерден тұрады. Сероциттердің сыртын миоэпителиоциттер қоршайды.
Сероциттер цитоплазмасында ацидофильді көпіршіктері бар. Секретінің құрамында мукополисахаридтер мен белокты заттар да болады. Сероциттердің арасында секреторлы өзектері, d=1,0 мкм болып орналасады. Жалпы секреторлы аумағы жұп бездің 1,5 м² дей болады. - Миоэпителиоциттердің шығу тегі эпителиоциттер, ал қызметі жиырылғыш ет жасушаларына ұқсас. Бұлар базальді мембрана мен секреторлы сероциттердің арасында орналасады, пішіндері кейде өсінділі жұлдыз тәрізді болып та келеді. Осы өсінділер жиырылып, секреторлы бөліктерін қысып, секретті өзекке пығаруға үлес қосады. Қыстырма, бөлік ішкі өзектері бездің ішкі бөліктерінен бастап, қабырғасы куб және жалпақ эпителиймен тысталған. Сыртын миоэпителийлер қоршайды.