2-40. Жасуша қаңқасын түзетін органеллаларға жататыны қайсы: a. митохондрия
b. жасуша орталығы
c. лизосомалар
d. Гольджи кешені
e. микротүтікшелер
2-41. Жасушадағы пигмент қосындысы болып табылатыны: a. меланин
b. бейтарап май
c. гликоген
d. сарыуыз
e. зимогенді түйіршіктер
2-42. Бейтарап май тамшысы жасуша қосындыларының қайсысына жатады: a. секреторлы
b. экскреторлы
c. пигментті
d. трофикалық
e. фагоцитарлы бөтен заттар
2-43. Эритроциттердің цитоплазмасындағы гемоглобин мына қосындылардың қайсысына жатады: a. трофикалық
b. секреторлы
c. экскреторлы
d. эндогенді пигментті
e. экзогенді пигментті
2-44. Ұйқы безінің жасушаларының құрамындағы зимогенді түйіршіктері мына қосындыларының қайсысына жатады: a. секреторлы
b. трофикалық
c. экскреторлы
d. эндогенді пигментті
e. экзогенді пигментті
2-45. Жасуша цитоплазмасындағы трофикалық қосындыларға жататыны: a. билирубин
b. гемосидерин
c. гликоген
d. липофусцин
e. меланин
2-46. Рибосомальді РНҚ синтезіне қатысатын ядроның құрылымы қайсы: a. ядро қабығы
b. ядрошығы
c. кариоплазмасы
d. эухроматині
e. гетерохроматині
2-47. Жасуша ядросының ядрошығы митоздың қай сатысында жойылады: a. интерфазада
b. профазада
c. метафазада
d. анафазада
e. телофазада
2-48. Митозда ядро қабығы майда фрагменттерге, кейде мембраналы көпіршіктерге айналатын мына сатылардың қайсысы: a. интерфаза
b. профаза
c. метафаза
d. анафаза
e. телофаза
2-49. Жасушадағы ядроның сыртқы мембранасы мына органеллалардың қайсысының мембранасымен жалғасады: a. эндоплазмалық тордың
b. лизосоманың
c. пероксисоманың
d. митохондрияның
e. Гольджи кешенінің