Фибробласттар борпылдақ талшықты дәнекер тіннің саны жағынан ең көп функциясы бойынша жетекші жасуша. Жетілу дәрежесі мен функциялық белсенділігі бойынша олар әр түрлі болады: жас фибробласттар, пісіп жетілген фибробласттар, фиброциттер
Жас фибробласттар – адвентициялық
жасушалардан ірілеу аз өсінділі жасушалар.
Дөңгелек немесе сопақ ядросында 1-2
ядрошығы бар. Жас фибробласттар бағытталған миграцияға, митоздық көбеюге және әртүрлі жасушаларға кемелденген фибробласттарға,
фиброкласттарға, миофибробласттарға және адопоциттерге дифференциялануға қабілетті.
Пісіп жетілген фибробласттар (лат. Fibra – талшық, гр. Blastos –ұрық, өркен) талшықтар мен негізгі аморфты затты құрайтын коллаген, эластин ақуыздарын, фибронектинді және гликозамингликандарды өндіретін талшықты дәнекер тіннің басты жасушалары. Ядросы
сопақша пішінді, ұсақ дисперсиялы хроматин болуына байланысты ашық түсті.
Фиброциттер – фибробласттар дамуының ақырғы формасы, яғни қартайған фибробласттар.
Фиброциттер функциясы жағынан белсенділігі төмен жасушалар. Фиброциттер – ұзақ өмір сүретін
жасушалар.
Жетілу дәрежесі әр түрлі фибробласттардың ультрамикроскопиялық құрылысы: А- жас
фибробласт, Б- пісіп жетілген фибробласт, В-
фиброцит.
Достарыңызбен бөлісу: |