№1 Дәріс: Асқорыту жүйесінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының гистологиялық құрылысының ерекшеліктері. Бадамша бездері.
Аға оқытушы, м.ғ.м. Ахаева А.Е.
Ақтөбе – 2023 ж.
Мақсаты:
гистогенездің ерекшеліктерін зерттеу, ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлігінің мүшелерін құрылымдық ұйымдастыру, оларды диагностикалау, сондай-ақ ауыз қуысы мен өңеш мүшелерінің гистологиялық микропрепараттарын микроскоппен қарау және сурет салу дағдыларын игеру және бекіту.
Асқорыту жолының жалпы құрылысы
Жалпы сипаттамасы Асқорыту жүйесі бір –біріне қалыпты жалғасып, байланысқан түтікше мүшелерден тұрады. Бұл мүшелерден тыс орналасқан бауыр мен ұйқы безі де ас қорыту жүйесіне қатысып, маңызды қызметтер атқарады. «Асқорыту» тағамның механикалық және химиялық өңделіп, толық қорытылудан өтіп одан ыдыраған пайдалы өнімдері қанға не лимфаға сорылып сіңуі болып табылады
3 бөлімнен тұрады: 1. Алдыңғы бөлім (механикалық өңдеу) 2. Ортаңғы бөлім (химиялық өңдеу) 3. Соңғы бөлім (эвакуация)
Асқорыту жүйесіндегі мүшелердің гистогенезі Кілегей қабығының эпителийі мен бездері ұрықтың эктодермасы мен энтодермасынан дамиды. Эктодермадан ауыз қуысының көп қабатты жалпақ эпителиімен одан тыс орналасқан сілекей бездері және тік ішектің соңғы бөлігі дамып жетіледі. Энтодермадан асқазан, аш ішек және тоқ ішектердің кілегейлі қабығының бір қабатты призмалы эпителиі, ұйқы безі мен бауырдың гландулоциттері дамиды. Мезенхимадан дәнекер тінді қабықтары мен ондағы қантамырлары дамиды. Мезодермадан сыртқы сірлі қабығы мен оның мезотелиі дамиды.