Гистология



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата03.12.2023
өлшемі221,73 Kb.
#133300
1   2
Липидті тамшылардың 
поляризациялық жарқылының ерекшелігі-заттық шыныны 
айналдырса объектінің жарықтығы жəне мальтикалық крест бағыты тұрақты болып 
қала береді. Май тамшыларын зерттеу арқылы липоидурия, цилиндрурия, липидоз, 
атеросклероз сияқты ауруларды анықтайды.


Көптеген аурулар несеп тұнбасын талдау арқылы анықталады. Олардың арасында – 
липоидурия 
(липурия). Бұл жағдайда несеп құрамынан липидті тамшыларды 
байқауға болады, олар айқасқан полярларда мальтикалық крест түрінде байқалады. 
Липоидурия несеппен анизотропты, екі қабатты май құрылымдарын (anisotropic fat 
crystals) шығарумен бірге жүреді. (Липурия – несеппен холестериннің бөлінуі) 
поляризацияланған жарықта тамшылар жарқыраған сегменттері бар қара крест 
түрінде көрінеді – Мальтикалық крест. Олардың болуы сұйық кристалды фазадағы 
холестерин эфирлерінің пайда болуымен байланысты. Егер тамшыларда 
холестерин эфирлері болмаса, олар жарқырамайды. Олардың түзілуі бүйрек 
каналдарының эпителий жасушаларының майлы дегенерациясымен байланысты. 
Липоидурия генезіне қарамастан нефротикалық синдромға өте тəн. Бұл құрылымдар
майлы дистрофияда пайда болады.
Кристалдар мен талшықтарды зерттеу
кезінде басқа да ерекшеліктер көрінеді: 
объектінің бақылау осінің айналасында толық бұрылу кезеңі ішінде бейненің 


жарықтығын біртіндеп өзгеруі. Бұл топқа жататын объект ауруларына, подагра, 
уролит, селикожатады. 
Синовиальды сұйықтықта 
подагра ауруында
(gout) ине пішінді жəне теріс екі жақты 
сəулеленуі бар натрий моноуратының кристалдары байқалады. Синовиалды 
сұйықтықта қыздыру кезінде поляризациялық микроскопияның көмегімен зəр 
қышқылының инелі кристалдарының шырағдануын байқауға болады. Синовиальды 
сұйықтықта псевдоподаграда кальций пирофосфатының кристалдары байқалады, 
олар ромб тəрізді немесе тікбұрышты пішінді қысқа түзу шыбықтар түрінде жəне оң 
екі жақты сəуле түсіргішке ие. Кальций пирофосфаты кристалдары синовиальды 
сұйықтықта түзілмейді, буын шеміршегінен буын қуысына түседі, онда қабыну 
реакциясын тудырады.
Кəсіби ауру – талькоз (talcosis) да , тальк шаңынан туындаған өкпе ауруы,
поляризациялық əдістермен диагностикаланады.


Поляризациялық микроскопияның жаңа жəне қарқынды дамып келе жатқан бағыты 
биологиялық сұйықтықтардың құрамы мен құрылымын зерттеу болды: қан сарысуын 
немесе плазмасын, зəрді, синовиальды сұйықтықты, лимфаны, жас жəне т.б. 
Зерттелетін тамшы заттық жəне жабынды əйнектер арасында көрсетіледі. Судың 
булануы есебінен тамшының бүйір беті арқылы кептіріледі жəне кристалдар түзіледі.
Бұл кристалдар поляризациялық микроскоп арқылы зерттеледі. Кристалдар саны, 
олардың пішіні мен өлшемдері əр түрлі аурулардың ерте диагностикасын жүргізуге 
мүмкіндік береді. Поляризациялық əдістің артықшылығы кристалдар жарық арқылы
қарапайым бақылау əдісі кезінде көрінбейді.
Талшықтарды поляризациялық микроскопия əдісімен жүрек бұлшықеттері, жүйке, 
тері талшықтарын зерттеуге болады.
Cот-медициналық сараптама үшін адамның жедел өлу жағдайдағы себептерін 
анықтау кезінде миокард инфарктінің бар-жоғына талдау жүргізу өте маңызды 
мəселе болып табылады . Бұл диагностиканы поляризациялық микроскопия арқылы 
жедел жүргізуге болады.
Пайдаланылған əдебиеттер
1. https://referattar.kazaksha.info/%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D1%8F%D1%80%D0
%B8%D0%B7%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B-
%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D1%80%D0%BE%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%
BF
2. http://www.photonics.su/journal/article/3075


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет