Present Perfect ережесі қазақша қазіргі шақтың бір түрін белгілейді. Бұл шақ мына екі жағдайда қолданылады:
1) казіргі мезетке дейін аяқталған іс-әрекеттер болғанда, мысалы I have played - мен ойнадым;
2) не казіргі уақыт аралығын қамтыған период ішінде аяқталған оқиғаларға, мысалы I have finished reading “Hamlet” this week, мен "Гамлет" кітабің осы аптада оқып шықтым. Қашан? Осы аптада, апта бітті ме? Жоқ!
Present Perfect құрылу жолдары
Болымды сөйлем:
I have played
We have played
You have played
You have played
He / she / it has played
They have played
Сұрақ қою:
Have I played?
Have we played?
Have you played?
Have you played?
Has he / she / it played?
Have they played?
Теріске шығару:
I have not played
We have not played
You have not played
You have not played
He / she / it has not played
They have not played
Present Perfect қолдану жолдары
Present Perfect болған оқиғаның өзі ғана маңызға ие, ал оқиға болған уақыт және себептер маңызды болмаған жағдайда:
I have been to London - мен Лондонда болдым. Қашан болдым? Не үшін сол қалаға бардым деген сұрақтар қойылмаған. Оқиға болған уақыт маңызды болса және бұл уақыт аралығы аяқталса Past Simple ережесі қолданылады:
I went to Almaty last year - мен Алматыда өткен жылы болдым.
Оқиға баяғыда басталып, бірақ әлі күнге дейін аяқталмаса:
I’ve studied English since childhood - мен ағылшын тілін балалық шақтан бері үйреніп жатырмын.