Гидатофиттер - су өсімдіктері Бұларға балдырлар, сужапырақ, валлиснерия, көптеген шыландар,егеушөп, мүйізжапырақ, тұңғиық, сары тұңғиық, наяда, дүңгіршек,т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне бекініп, біразы су қабаттарында бос жүреді.
Валиснерия
Элодея
Наяда
Егеушөп
Жапырақтары жұқа. Мысалы, сужапырақ жасушалардың екі қабатынан ғана тұрады.
Жапырақтары жұқа. Мысалы, сужапырақ жасушалардың екі қабатынан ғана тұрады.
Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп кеткен.
Дене беткейлері көлемді. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су өсімдіктеріне жарық жетіспейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де. біразы су бетінен шағылысып, сіңе алмайды. Сондықтан оларға көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктері тән.
Гидатофиттердің тіршілік ортасына байланысты құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар:
Гидрофиттер
Гидрофиттер - әдетте су қоймаларының жағалауында өседі. Жебежапырақ, алисма, кара өлеңшөп, қамыс, қорыс қырықбуыны, көптеген киякөлеңдер. Су қоймаларының түбіне көптеген қосалқы тамырлары немесе жапырақты өркендері шығып тұрады. Гидрофиттердің барлық мүшелерінде су қоймасы түбіндегі және суға батып тұрған бөліктерін оттегімен қамтамасыз ететін жасушааралық қуыстары жақсы жетілген. Көптеген гидрофиттерде пішіні және құрылымы дамып жетілген орта жағдайына байланысты әртүрлі жапырақтар пайда болған. Мысалы, жебежапырақ, оның су бетінен жоғары көтеріліп тұрған жапырағының сабағы мықты, жапырақ тақтасы тығыз, пішіні жебе тәрізді, мезофилінде бағаналы ұлпа жақсы жетілген, жапырақ сабағында,сол сияқты тақтасында да жасушааралық қуыстары бар.
Гигрофиттер - ылғалды ормандар мен өзен аңғарларының батпақты шалғындардың өсімдіктері. Өсіп тұрған ортасында ауа ылғалы жоғары болғандықтан, бұларда судың булануы баяу жүреді немесе буланбайды, мұның нәтижесінде жоғары ағыс жолымен минералдық заттардың қозғалуы баяулайды. Гидрофиттерге көптеген шаяноттар, көкбұталар, кейбір бегониялар жатады. Қоңыржай аймақтың гидрофиттеріне баймана, шытырлақ, батпақ қызылбояуы, кейбір қырықбуындар жатады. Мәдени өсімдіктерден күрішті атауға болады.