Гүлді өсімдіктерге морфологиялық талдау


Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары



бет5/6
Дата07.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#90890
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

 Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары


Жарықтың жасыл өсімдіктер үшін физиологиялық мәні зор,олар жарық жеткілікті болған жағдайда ғана қалыпты өсіп дами алады. Жарық өсімдіктердің сыртқы көрінісіне, анатомиялық құрылысына әсер етеді. Жарық жеткіліксіз жерде өскен өсімдіктердің реңі солғын жасыл, буынаралықтары ұзарған жапырақтары майда болады. Табиғатта белгілі дәрежеде этилонданған өсімдіктер орманның төменгі белдеуінде, шалғында кездеседі. Жарықтың өсімдіктердің сыртқы пішіні ғана емес, ішкі құрылымына да, әсіресе бәрі бірдей дәрежеде қажет етпейді. Соған байланысты өсімдіктерді 3 топқа бөледі.
Жарық сүйгіш өсімдіктер-гелиофиттер (грекще «гелиос»-күн). Бұлар жарық мол жерде ғана өседі. Бұған тундра,шөл дала және ормансыз тау шыңдарының өсімдіктерін жатқызуға болады. Қарағай, балқарағай, шаған, емен, тал жарық сүйгіш өсімдіктерге жатады.
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер жарық мол жерде тіршілік ете алады және көлеңкеге де төзімді болады. Бұған шалғынның көптеген өсімдіктері, шырша, самырсын, жөке ағашы, үйіңкі, көптеген папоротниктер мен мүктер жатады.
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер - сциофиттер (грекше «циа»-көлеңке). Бұлар көлеңкелі жерлерде ғана тіршілік ете алады. Бұған Еуропа құсықшөбі, саумалдық және көптегенн орман өсімдіктері жатады.
Гелиофиттер
Факультативті гелиофиттер
Сциофиттер
Күн мен түннiң ұзактығы ( фотопериодизм ) өсiмдiктiң дамуына үлкен әсерін тигізеді . Соның нәтижесiнде солтүстік аймақтың өсімдіктері оңтүстікпен салыстырғанда даму циклiн қыска мерзім ішінде өтеді . Солтүстікте жылудың жетiспеуі жарыктың ұзақ түсуімен толыктырылады . Осыған байланысты өсімдіктердiң екi тобын ажыратады:
1.Ұзақ күн өсiмдiктерi - солтүстік ендiктерi мен биік тау өсімдіктері . Мәдени өсімдіктерден арпа , сұлы , қара бидай , көкнәр , шалғам және тағы басқалар .
2. Қысқа күн өсімдіктері - бұған тропика және субтропика табиғат аймақтарының өсімдіктері мен коңыржай климаттың ерте көктемгі , коңыр күздегi есiмдiктерi жатады. Мәдени өсiмдiктерден : қытайбұршақ , күріш , темекі , макта , және тағы басқалар .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет