Глосарий 2020



Pdf көрінісі
бет24/24
Дата31.12.2021
өлшемі151,11 Kb.
#23591
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
глоссарий соли

Физикалық  өзгерістер  –  химиялық  қасиеттерінің  өзгерісінсіз  жүретін 

өзгеріс (мысалы, фазалық). 



Фарадей – 96500 кулонға (Кл) тең 1 моль электронның қосынды заряды. 

Химиялық  қасиет  –  заттың  құрамын  жəне  реакциялық  қабілетін 

сипаттайтын  қасиеті  (реакцияға  түсетін  заттың  қабілеті  немесе  басқа  затқа 

ауысуы). 

Химиялық  өзгеріс  –  бір  немесе  бірнеше  зат  басқа  заттарға  ауысатын 

процесс. 



Эквиваленттік нүктесі – үстінен қосылған еріген зат ерітіндідегі еріген 

заттармен толығымен əрекеттесетін титрлеу сəтін айтады. 



Эвтектика  –  бір  мезгілде  барлық  қатты  фазалар  жүйеге  сырттан  жылу 

бергенде  сұйық  эвтетикалық  фазаға,  немесе  жүйеден  жылу  сыртқа  алып 

кеткенде  сұйық  фаза  эвтетикалық  қатты  фазаға  айналатын  екі  немесе  одан  да 

көп  қатты  фаза  мен  сұйық  фазаның  новариантты  тепе-теңдігіндегі 

температурасы мен құрамы. 

Эвтоника  –  екі  немесе  одан  да  көп  қатты  фазамен  нонвариантты  тепе-

теңдікте  тұратын  тұрақты  қысым  мен  тұрақты  температурадағы  қаныққан 

ерітіндінің  құрамы,  эвтоникалық  ерітіндінің  тұздық  құрамы  тепе-теңдіктегі 

қатты  фазаның  тұздық  құрамынан  түзілген  фигураның  ішкі  жағында  жатады. 

Эвтоникалық  ерітіндіні  изтермиялық  буландырғанда  құрамы  ерітіндінің 

эвтоникалық  тұздық  құрамына  сəйкес  келетін  тепе-теңдіктегі  барлық  қатты 

фазалар бөлінеді. 

Энантиотропты  өзгеріс  –  процестің  жүру  барысының  шарттарының 

өзгерістерінде тəуелді бір немесе оған қарама-қарсы бағытта өздігінен жүретін 

процессте бір фазаның  басқа фазаға ауысуын айтады. 

Эндотермиялық процесс – Энергия – жұмысты орындау немесе жылуды 

тасымалдау қабілеті. 



Экзотермиялық  процесс  –  қоршаған  ортаға  жылуды  бөле  отырып 

жүретін жүйедегі процесті айтады. 



Энтальпия  –  жүйенің  жылу  мөлшері.  Тұрақты  қысымда  реакцияға 

сіңірілетін немесе бөлінетін жылудың, яғни энтальпияның өзгерісі. 




Энтропия  –  əртүрлі  эквивалентті  энергетикалық  күйлердің  санымен 

немесе  жүйелер  табылатын  кеңістіктегі  орналасуымен  байланысқан 

термодинамикалық  функция.  Энтропия  термодинамикалық  күй  функциясы 

болып  табылады,  бұл  дегеніміз  жүйенің  болуы  туралы  шарттар  берілсе,  яғни 

температура,  қысым  жəне  т.б.  факторлар  онда  жүйенің  энтропиясы  бірден 

анықталады. 



Эффузия – өте кішкене тесігі бар ыдыстан газдың шығуы. 

Электролит  –  суда  ерігенде  иондық  ерітінді  түзетін  зат,  мұнай  ерітінді 

электр  тогын  өткізуі  қажет.  Күшті  электролиттер  (күшті  қышқылдар,  күшті 

негіздер  жəне  тараған  тұздар)  –  ерітіндіде  толығымен  иондарға  ыдырайтын 

заттар. Əлсіз электролиттер – ерітіндіде жартылай иондарға ыдырайтын заттар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет