ТАКТИКА (греч.) – қоғамдық және саяси айқастағы тәсіл мен амал, қандай да болмасын
мақсатқа жетудегі тәсіл.
ТЕҢДІК - әртүрлі тарихи дәуір қоғамындағы адамдардың
әлеуметтік жағдайының
айырмашылығының түсінігі. Қоғамдық топтардың теңдік жағдайы. Қоғамның дамуына ӛз
үлестерін қосуын бірдей және құқықтарының бірдей екендігін кӛрсететін мағына.
ТЕОКРАТИЯ – мемлекеттің басшысы бір уақытта
діни басшы да бола алатын
басқарудың формасы; шіркеуге қатысты саяси билік.
ТЕРРОРИЗМ (лат.) – саяси қарсыласты ізіне түсіп,қорқытып, күш
шаралары арқылы
физикалық жоюға дейін бару.
ТЕХНОКРАТИЯ (греч.) – қазіргі кезедегі қоғамдық-саяси ойдың бір бағыты. Ол
бойынша саяси билік саясаткерлер мен меншік
иелерінен ғылым мен техника
интеллигенциясына,
мамандарға, технократарға ӛтуі тиіс. Т. теориясы “технологиялық
детерминизм”, яғни техникалық ортаның
әлеуметтік саяси жағдайларға,
техникалық
прогреске байланысты болса да әлеуметтік прогрестен тәуелсіздігі
тұжырымдамасына
негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: