Глоссарий академиялық деңгей (Degree)



бет4/8
Дата24.11.2023
өлшемі30,97 Kb.
#125427
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (копия)

Екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі жəне екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі.
Еуропалық трансферт (аударым) жəне несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны жəне оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пəндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру жəне қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын б ілім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу əдісі.
Жеке оқу жоспары - білім алушымен ҮОЖ жəне элективті пəндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен əрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары.
Инновациялық - білім беру консорциумы – жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық иннова-циялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық жəне өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік.
Инновациялық университет – инновациялық қызметтің толық циклін, іргелі жəне іздестіру зерттеулерін, қолданбалы зерттеулер мен тəжірибелік-конструкторлық əзірлемелерді жүргізуді жəне өндіріске ғылыми-зерттеулер нəтижелерін енгізуді іске асыруға қабілетті ғылыми-білім беру кешені.
Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымының білім беру бағдарламаларын мəлімделген мəртебесіне сəйкес сапалы ұсынуы жөніндегі қызметін бағалау.
Көзқарас (подход) – мəселелерді шешу негізінде жатқан идеялар, принциптер, əдістер жиынтығы. Кейбір кезде көзқарасты əдіске теңейді (мысалы жүйелілік көзқарас немесе жүйелілік əдіс), бірақ көзқарас ұғымы əдістен қарағанда кең ұғым. бұл мəселені шешудің идеологиясы мен əдіснамасы, ол негізгі идеяны, əлеуметтік-экономикалық, философиялық, психологиялық-педагогикалық алғышарттарды, негізгі мақсаттарды, сол мақсаттарға жетудің принциптерін, кезеңдерін, механизмдерін анықтайды. Əдіс – ол тар ұғым, ол белгілі бір жағдайда белгілі бір міндетті шешуде қалай əрекет ету қажеттігі туралы білім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет