Глоссарий академиялық деңгей (Degree)



бет7/8
Дата24.11.2023
өлшемі30,97 Kb.
#125427
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (копия)

Педагогикалық үрдіс – белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған жəне тəрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған жағдайға өзгеруіне əкелетін тəрбиеші мен тəрбиеленушілердің дамып отыратын өзара əрекеттесу процесі.
Пəндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пəннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы жəне əдебиеттер тізімі.
Тəрбие кең əлеуметтік мағынасында – адамзаттың тарихи қалыптастырған əлеуметтік тəжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру үрдісі ретінде қарастырылады. Бұл жерде тəрбие үрдісі мəдениет пен білімді ұрпақтан ұрпаққа трансформациялау құралы ретінде анықталған. Əрбір ұрпақтың міндеті аға ұрпақ тəжірибесін меңгере отырып оны байыту, жетілдіру жəне келесі ұрпаққа алмастыру болып табылады.
Тəрбие тар мағынасында – тəрбиеленушілер бойында көзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен əлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тəрбиеші мен тəрбиеленушілердің өзара əрекеттесу үрдісі. Тəрбие үрдісінің бұл анықтамасы осы үрдістің екі жақтылығы мен мақсаттылығын, нəтижеге бағыттылығын сипаттайды.
Транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық жəне əріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пəндердің тізбесі бар құжат.
Тьютор – студенттің нақты пəнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы.
Үлгілік оқу жоспары - білім берудің кəсіптік оқу бағдарламасының оқу пəндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тəртібін жəне бақылау нысандарын реттейтін құжат.
Эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тəлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) жəне оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет