Глоссарий академиялық деңгей (Degree)


Белсенді үлестірмелі материалдар



бет2/8
Дата24.11.2023
өлшемі30,97 Kb.
#125427
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (копия)

Белсенді үлестірмелі материалдар - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дəріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
Білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нəтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пəнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші.
Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пəннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рəсім.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пəндерінің игеру дəрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рəсім.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары - өз бетінше оқуға берілген, оқу-əдістемелік əдебиеттермен жəне ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары, магистранттың өзіндік жұмыстары жəне докторанттың өзіндік жұмыстары болып бөлінеді; Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады.
Білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын жəне жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың əртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауакадемиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық жəне аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сəйкес жүйелі түрде тексеру.
Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны, құндылықтар мен əрекет тəжірибесін игеру үрдісі мен оның нəтижесі. Білім беру - бұл əлеуметтік құбылыс ретінде дербес жүйе, оның негізгі функциясы қоғам мүшелерін оқыту жəне тəрбиелеу, белгілі бір білімді, идеяларды, адамгершілік құндылықтарды, іскерлік, дағдылар, мінез құлық нормаларын меңгеруге бағытталады, олардың мазмұны қоғамдағы əлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты жəне қоғамның материалдық техникалық даму деңгейін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет