Глоссарий академиялық деңгей (Degree)


Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы



бет6/8
Дата24.11.2023
өлшемі30,97 Kb.
#125427
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (копия)

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы, оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы жəне оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы болып бөлінеді.
Оқу бағдарламасы - əрбір оқу пəні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
Оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пəндерінің тізбесі мен көлемін, оларды зерделеу тəртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.
Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік əріптік жүйесі - халықаралық тəжірибеде қабылданған əріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сəйкес келетін жəне білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі.
Оқу жұмыс жоспары - мамандықтың ҮОЖ жəне білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес əзірлейтін құжат.
Оқыту заңдылықтары – бұл жоғары оқу орнындағы педагогикалық үрдіс компоненттері арасындағы объективті болатын, қайталанып отыратын, тұрақты байланыстар, оларға сүйену арқылы осы үрдістің тиімділігі арттырылады.
Оқыту принциптері – бұл блім беру үрдісінің бағыттылығын, мазмұнын, əдістемелік құрылымын, оқытушы əрекетінің сипатын анықтайтын ереже-талаптар.
Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пəндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы.
Парадигма – барлығымен мойындалып қабылданған ғылыми жетістіктер, олар ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыт аралығында мəселелерді анықтау жəне оларды шешудің моделін ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет