Сенат – 1) Ежелгі Римдегі мемлекеттік биліктің жоғарғы органы ретіндегі ақсүйектер
кеңесі; 2) Ресейде Боярлар думасының орнына 1711 жылы І Петр кіргізген жоғарғы
үкіметтік мекеме. Ол І Александр кезінде жоғарғы сот органына айналады; 3) бірқатар
мемлекеттердегі парламенттің жоғарғы палатасының аты. Мысалы, АҚШ, Бельгия,
Ирландия, Италия және Латын Америкасының кӛптеген елдерінде осылай аталады.
Сепаратизм – бӛлектену, оңашалануға тырысушылық. Кӛп ұлтты мемлекеттердегі аз
ұлттың ӛкілдері ӛзіне бӛлек мемлекет болып бӛлініп шығуға немесе автономия алуға
ұмтылуы. Ұлтазаттық қозғалыстан ерекшелігі – оның жалпыхалықтық, бұқаралық сипаты
болмайды, ол ұлттың бір бӛлігінің мүддесін қамтиды.
Сот билігі – құқықтар мен заңдар ережелеріне сүйеніп әділеттілікті қамтамасыз
ететін мемлекеттік органның билігі. Ол парламент немесе президент қабылдаған
заңдардың,
конституциялық
жарғылардың
сәйкестігін
анықтайды,
заңды
бұрмалаушылықтан сақтайды, адамдардың құқықтарын қорғайды. Сот билігін халық
немесе ӛкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке
тәуелсіз. Ӛз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік
органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім
толығымен күшін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: