Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Саясат субъектілері – іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ. 
Саясаттың субъектісі дегенде ӛз мүдделеріне байланысты саяси ӛмірге белсене араласып, 
басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі 
ӛзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат 


субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, кӛздеген мақсат-мүдделері және 
т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік 
топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады. 
Саясаттану – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-
қатынасы туралы ұғым. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам ӛмірінің барлық 
салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді. 
Саяси әлеуметтену – қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір 
саяси рӛл атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуы. Саяси әлеуметтену отбасы, құрдастар 
тобы, мектеп, жоғары немесе арнаулы орта оқу орны, саяси ұйым, ұжым сияқты ӛмірдің 
сан саласының ортасында пайда болып, одан әрі ӛрбиді. Ол тәрбие, үлгі-ӛнеге, саяси 
насихат, ӛмір салтының ықпалын және ӛзінің саяси тәрбиесі арқылы іске асады. Оның 
қалыптасуына сол кездегі тарихи дәуір, шетелдегі жағдай, осы мемлекеттің саяси-
әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіптің 
сипаты, топтың, таптың, ұлттың ӛзгешеліктері және т.с.с. әсер етеді. 
Саяси бостандықтар – мемлекет конституциясы кепілдік беріп, заң бойынша 
қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялықтүрде еркін саяси процестерге қатысу 
құқықтары. Оларға сайлау және сайлану құқығы, сӛз, ақпарат алу бостандығы, еркін, тең, 
жүйелі ӛткізілетін сайлау құқығы, саяси ұйымдар құру, азаматтардың ӛз мақсат – 
мүдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т. б. Жатады. Саяси бостандықтар БҰҰ Бас 
Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға 
бірдей Декларациясында толық қарастырылған. 
Саяси жүйе – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен 
мемлекеттер арасындағы ӛзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті 
қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі 
элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және 
т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет