Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, 
белсенділері кӛп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет алып, 
мүшелік жарна тӛлемейді. Мысалы, АҚШ-тың республикалық және демократиялық 
партиялары, Ұлыбританияның лейбористер партиясы т.б. 


Бұрмалаушылық – ӛз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, 
жалғандылық. 
Бюрократизм – істің мәніне немқұрайды, формальды қарау, істі кӛпке созу. 
Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу 
немесе заңның күшін тоқтату. 
Вотум – ӛкіметке я оның кейбір мүшелеріне (министрлеріне) сенім білдіру (вотум 
доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы 
қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан 
кетуге мәжбүр болады. 
Геноцид – адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің ӛкілі болуына байланысты 
әдейі қыру емесе қудалау. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германия 
еврейлер мен цыгандарға қарсы осындай саясат жүргізеді. Қазіргі кезде ол халықаралық 
қылмыс болып саналды. 
Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, 
қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы 
Ф. Ратцель, Х. Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен 
даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді. 
Глобальдылық – бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған 
ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, 
айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды 
тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тің ӛріс алуын 
тоқтату және т.с.с. жатады. 
Гуманизм – қайта ӛркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсаунан адам баласын 
босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың 
дұрыс қалыптасуы мен дамуына қажетті әлеуметтік- эканомикалық, саяси және рухани 
жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси кӛзқарастар,идеялар жүйесін білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет