Глоссарий академиялық күнтізбе


Ассамблея –халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның  Бас Ассамблеясы.  Ассимиляция



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Ассамблея –халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның 
Бас Ассамблеясы. 
Ассимиляция – бір халықтың ӛз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, 
екінші халыққа сіңіп кетуі. 
Атқарушы билік– биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару 
органдарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда 
оларды заң шығарушы ӛкілдік оргондар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік 
солардың бақылауында болады және олардың алдында есеп береді. Олардың жұмысы 
заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі мүмкін. Президенттік республикаларда мемлекет 
басшысы да президент болады. Оны парламент сияқты халық сайлағандықтан ол 
парламент алдында тікелей жауап бермейді. Бірақ бұдан президент парламентпен 
санаспай іс істеуі керек деген ой тумауы керек. 
Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүделер мен 
қажеттіліктерді қанағаттандыруға, лайықты ӛмір салтын орнатуға бағытталған саяси 
шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын 
жақсарту, жалақыны кӛтеру, денсаулық сақтау, білімін кӛтеру, тұрғын үймен қамтамасыз 
ету және т.б. жатады. 
Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты 
бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар. 
Билік – 1) адамдардың іс әрекетіне, қызметіне, тағдырына, белгілі бір адамдардың 
(бедел, жігер, құқық, зорлықтың) кӛмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси 
билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік 
ӛкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары. 
Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай ӛз ісін атқаруы үшін 
және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот 
билігі етіп үш тармаққа бӛлу. Оның негізін салған ағылшын ойшылы Джон Локк (1632–
1704), одан әрі дамытушы француз ғалымы Шарль Луи Монтеске (1689–1753) болды. 
Биліктің бұлай тармақталуы елдің конституциясында бекітіледі. Ол азаматтардың 
құқықтарының орындалуына негізгі кепілдік бола алады. Ал билік бір қолда болса, оның 
үстінен шағым айту қиын болар еді. 
Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс- әрәкетін талдауға негізделген 
әдістемелік бағыт. XX ғасырдың 20–30 жылдарында пайда болған. Бұл әдісті 
жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс- әректтерін талдау арқылы 
түсініп білуге болады дейді. 
Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссӛзге 
қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми 
адамдардың ақпарат құралдары ӛкілдерімен кездесуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет