ортақ келеді. Мысалы, Греция, Италия, Қазақстан, Норвегия, Польша, Финляндия,
Франция, Жапония және т.т.
Ұлтжандылық – Отанға, халқына, оның тарихы, тілі, мәдениетіне деген
сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау.
Отан сүйгіштік, ұлтжандылық үлкен азаматтық, мәдениеттілігінің белгісі. Ол ӛз мүддесі
мен елінің, халқының мүддесі бір, ортақ екенін сезінуге әкеледі. Сондықтан бұл сезім
Отанның егемендігін, абыройын қорғауға шақырады. Оны ұлтшылдықпен шатастыруға
болмайды.
Ұлттардың ӛзін-ӛзі билеуі – ұлттардың ӛзінің мемлекеттік құрлысын ӛзі шешу
принципі.
Бұл
мәселе
ағылшында
Еуропада
буржуазиялық-демократиялық
революциялардың жеңуіне байланысты пайда болды. Ең бірінші бұл пікір 1776 жылы
Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық кӛрді.
Ұлттық және интернационалистік – Ұлттардың қалыптасуы мен даму жолында
кездесетін ӛзара байланысты екі үрдіс. Біріншісі – әрбір халықтың ӛзінің ұлттық
қажеттіктерін (тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, тұрмыс салтын және т.б. сақтау және
дамытуды) қанағаттандыруға тырысушылық. Екіншісі – халықтар арасындағы
байланыстың қалыптасуы мен дамуын білдіреді.
Ұлттық мінез – белгілі бір ұлтқа тән дүние танудағы негізгі ерекшеліктер. Ол сол ұлт
ӛкілдерінің қызу қандылығында, іс-әрекеттерінде, талғамында, әдет-ғұрпында және т.с.с
кӛрініс береді.
Ұлттық сана сезім – белгілі бір ұлттың этникалық бірлестікке тән, оның рухани даму
ерекшелігін білдіретін саяси, әлеуметтік, экономикалық, философиялық, адамгершілік,
діни және т.б. идеялар пікірлер, кӛзқарастар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: