Мемлекеттік билік – барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке- дара
құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін
саяси биліктің түрі.
Менталитет – 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы. 2) адамның,
топтың, таптың, халықтың дуниетанымы, өмірге, саястқа, билікке қатынасы. 3) рухани
өмірдің ерекшелігі.
Модернизация – қазіргі жəне жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу.
Сясатта саяси жуйенің, əдіс-тəсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі.
Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.
Монархия – мемлекеттің жоғарғы билігі жеке – дара бір билеушінің қолында
болып, ол əкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, потша, император, король,
сұлтан, шах жəне т.б. деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) жəне
конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі
бүтіндей, тұтыс, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған
қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мұндай түрі кең тараған болатын, қазір
жоқ. Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік –
парламентпен шектеледі. Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония,
Иордания, Ұлыбритания жəне т.б. елдер жатады.
|