Саясат субъектілері – іс-əрекет жасаушы жеке адам немесе əлеуметтік топ.
Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене
араласып, басқалардың санасына, іс-əрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси
қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не əлеуметтік
топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-əрекеттерінің түрлері, тəсілдері, көздеген
мақсат-мүдделері жəне т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған
азаматтар, əлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы
қоғам да жатады.
Саясаттану – саясат туралы, саясаттың адам жəне қоғам арасындағы қарым-
қатынасы туралы ұғым. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық
салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.
Достарыңызбен бөлісу: |