Глоссарий академиялық күнтізбе


Репрессия  –  мемлекеттік  құрылымдардың  жазалау  шарасы,  қуғын-сүргінге  ұшырату.  Республика



Pdf көрінісі
бет30/42
Дата02.05.2022
өлшемі319,68 Kb.
#33045
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Репрессия  –  мемлекеттік  құрылымдардың  жазалау  шарасы,  қуғын-сүргінге 

ұшырату. 



Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа 

сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік 

басқарудың түрі. Азаматтардың билік құрылымдарына қатысы əр түрлі болуы мүмкін. 

Алайда, билік органдары сайланбалы болып, азаматтардың формальды түрде болса да 

билік  етуге  құқығы  болса,  ондай  мемлекет  республикаға  жатады.  Республика 

президенттік,  парламенттік,  “аралас”  (президенттік  жəне  парламенттік  белгілерді 

қамтитын) немесе теократиялық (Иран) болуы мүмкін. 

Референдум  –  маңызды  заң  шығарушы  немесе  ішкі  жəне  сыртқы  мəселені 

түпкілікті  шешу  мақсатында  сайлаушылардың  көңілін  білдіруі.  Мысалы,  онда 

конституцияны  немесе  оған  түзету  кіргізу,  мемлекеттік  құрылыс  немесе  билік  түрін 

өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға 

кіру, мемлекетаралық келісімге қосылу жəне т.с.с. мəселелер қаралады. Бұл мəселелерді 

конституия  не  заң  ережелеріне  сəйкес  парламент  немесе  үкімет  басшысы  қояды. 

Мысалы,  біздің  республикамызда  1995  жылғы  29  сəуірде  президенттің  өкілеттілігін 

ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум болды. 



Реформа – қоғамдық құрылысты жəне оның институттарын жетілдіру үшін билік 

жүйесіне,  саяси  қызметтердің  түрлі  жақтарына  өзгерістер  енгізу.  Ол  қоғамның  саяси 

жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін. 

Сайлау  жүйесі  –  белгілі  бір  билік  түрін,  мемлекеттік  өкілеттік,  заң  шығаратын, 

атқару,  сот  орындарын  қалыптастыруға  қатысуды  қамтамасыз  ететін  ережелер  мен 

əдістердің  жиынтығы.  Сайлау  жүйесі  мажоритарлық,  пропорционалдық,  азшылықтың 

өкілдігі болып үшке бөлінеді. 



Сайлау құқығы – мемлекеттің өкілеттік органдарына азаматтардың сайлау жəне 

сайлану құқықтары. Ол адам құқықтарының жалпы декларациясынан туындайды. Соған 

байланысты  əр  елдің  конституциясы  бойынша  18  жасқа  толған  əрбір  азамат  (заңмен 

шектелген жағдайлардан басқа) сайлауға қатыса алады. 



Сайлау  науқаны  –  өкімет  басқару  органдарына  жəне  т.б.  сайлау  сияқты  арнайы 

қоғамдық-саяси  мəселелерді  шешу  үшін  ұйымдастырылған  жəне  жүргізіліп  отырған 

науқан. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет