Тыңдаушының оқу жетістіктерін бақылау - əр түлі бақылау тапсырмаларының
(жазбаша жұмыстар, тестер, практикалық жұмыстар, ауызша сауал жəне т.б.) негізінде
нақты пəн бойынша тыңдаушының білім жетістіктерін тексеру; ол өз кезеңінде
ағымдық, аралық жəне қорытынды бақылауға бөлінеді.
Оқу жоспары (Curriculum) – білім беру деңгейінің оқу пəндерінің тізімін жəне
көлемін, оқу тəртібін реттейтін негізгі құжат.
Оқу пəнінің саясаты – оқытушы пəнді оқыту барысында студентке қойылатын
талап деңгейінің жүйесі. Талап ету жүйесі сабаққа қатысу, сбақтағы тəртіп ережесі,
мадақтау мен жазалау жүйелеріне байланысты.
Оқытудың кредиттік жүйесі – оқу үрдісін регламенттеу жəне білім көлемін кредит
түрінде есепке алу шегінде білім траекториясын таңдау, жекелендіру негізінде өз
бетінше білім алуды жоғарылату жəне білімді шығармашылық түрде игеруге
бағытталған білім беру жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |