Глоссарий акмеология кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Айтылым



бет3/5
Дата27.01.2023
өлшемі27,12 Kb.
#63229
түріСабақ
1   2   3   4   5
22.Коммуникативтік коғамдық-әлеуметтік мәні бар тілдік катынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам болмайтыны сияқты,адамнан тыс тіл де болмайды. Бірақ ол тіл - жеке адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда өмір сүруші адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу кұралы. Сондықтан тіл әрі қоғамдык, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады.
23.Коммуникабелді - тез тіл табысатын, түсінісуге, сөйлесуге, бейім, «коммуникабельдік» - түсінушілік т.б.
24.Коммуникация - қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды білдіреді.
25.Кәсіби тілдесім - тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Оқушылар арасындағы тілдік қатынасты әртүрлі мамандық иелерімен қалай сөйлесіп, тіл табысуға болады, соған қарай кұруға тура келеді.
26.Қазақ тілін оқыту туралы ұстаным - осы саладағы заңдылықтарға, оқытудың мақсаты мен маңызына, міндеттің орындалу қажеттілігіне сай ережесіне, сол ереженің іске асуының жолдарына, окытудың басты бағытына, тағы сол сияқты негізгі белгілердің барлығына сүйенетін ең тиімді, сұрыпталған ерекшелік.
27.Қазақ тіл үйірмесі. Қазақ тілі үйірмесі сыныптан тыс жұмыстың бір түрі. Тілді тереңдетіп оқыту және қызығушылығы бар балалар үшін ұйымдастырылады.
28.Қатысымдық құзіреттілік дегеніміз - студенттің түрлі жағдаятта тең дәрежеде қарым-катынас жасауға қабілеттілігі және әлеуметтік-мәдени нормаларды сактай отырып, ұйымдастыру біліктілігі.
29.Қабылдаушы - белгілі бір хабарды қабылдап алып, оның мәнін тілдік бірліктер арқылы түсініп, ой мен пайымдау арқылы өз санасына өткізіп ұғынудың нәтижесінде тілдік қатынасты ары қарай іске асырушы.
30.Қатысымдық қызмет бойынша баяндаушы мен қабылдаушылар тілдік қарым-қатынастың барлык түрлерін іс жүзіне асыра келіп, хабар арқылы бір-бірімен қарым-қатынастық қызмет атқарады.
31.Қалыптасқан /формальный/ тілдесім - әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуі, түсінісуі. Адамдар жастың өсуіне қарай-бала, әке, ана, туыс т.б. тәрізді табиғи кезеңдерден өтеді. Олардың әрқайсысының қалыптасқан өзіндік рөлі бар. Адамдардың осындай қарым-қатынасына негізделген сөйлесуді қалыптаскан тілдесім деп атауға болады. Өсе келе әр бала әке не ана болады, аға не әкпе болады, бұл - күнделікті адамдық қарым-қатынастың ең негізгі және ең жиі кездесетін үлгілері, адамдар осы тұрғыдан да бір-бірімен тілдесіп, түсінісе білуі заңды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет