Глоссарий акмеология кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Айтылым



бет4/5
Дата27.01.2023
өлшемі27,12 Kb.
#63229
түріСабақ
1   2   3   4   5
32.Құзырлылық - білім алушының белгілі бір кәсіби саладағы білім, білік, дағдыларының жиынтығы.
33.Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін болмайды. Іскерлік (икемділік) -әрекет тәсілі, ол арқылы шәкірт алған біліміне сүйенеді, оны үй тапсырмаларын орындауға қолданады, жаңа білім алады.
34.Лингвомәдени құзіреттілік дегеніміз студенттің тілдік және мәдени бірліктерді контексте орынды қолдануы, мәдени-тарихи және ерекше ұлттық акпараттарды тілдік қарым-қатынаста пайдалануы, лингвоелтанушылық білімдер жүйесін меңгеруі, ұлт тарихы, дәстүрі, мәдениеті туралы білімін сөйлеуде ұтымды пайдалануы, сөйлеу мәдениетін игеруі.
35.Мәтін - ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау құбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі бірлік.
36.Мамандық - белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрі.
37.Мотив - белілі бір іс-әрекетті орындауға қозғау салу, соған итермелеу .
38.Оқу - оқушылардың нақты білім алып, біліктер мен дағдыларды меңгеруді қамтамасыз ететін, бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын максатқа бағытталған барыс.
39.Оқу жоспары - оқытудың көлемі мен мазмұның көрсететін ресми құжат.
40.Оқу бағдарламалары - нақты пән бойынша оқыту мазмұнын түбегейлі, толық ашатын құжат.
41.Оқыту кұралдары - оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға, білім негізін қалауға арналған түрлі акпарат көздері. Оның көмегімен оқытушы мен оқушы белгілі бір мақсатқа жету жолында бірлескен іс-әрекет жасайды.
42.Оқулық - білім алушылар меңгеруге міндетті пәндік ақпараттар көзі қызметін атқарушы, білім алушылардың логикалык ойлауын қалыптастырушы, біліктілігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытушы және адами құндылықтарды тасымалдаушы, әрі оқушы санасына дарытушы құрал.
43.Орфографияны оқыту әдістемесі - білім алушылардың орфографиялық сауаттылығы мен іскерлігін қарастыратын қазак тілін оқыту әдістемесінің бір саласы. Мектепте орфографияны оқытудың басты және нақты мақсаттары болады. Оқушылардың жалпы жазу сауаттылығын қалыптастыру - орфографияны окытудың басты мақсаты болып табылады.
44.Оқылым - графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде кабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан кажетті деректі түсініп, сұрыптап алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет