Глоссарий (анықтама, сөздік) Ақпарат


Сабақтардың технологиялық карталары



бет11/11
Дата07.01.2022
өлшемі22,44 Kb.
#19037
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Глоссарий дүниетану

Сабақтардың технологиялық карталары (СТК-лар) – педагог пен білім алушының сабақ үстіндегі іс-әрекеттерін жеке-жеке сипаттайтын процессуалдық модель, сабақты жоспарлаудың жаңартылған, тиімді нұсқасы.

Сөздік әдістер - баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, әңгімелесу.

Таяудағы даму аймағы – баланың өз бетімен орындайтын тапсырма­лары арқылы айыруға болатын ағымдағы даму дәрежесі мен өздігінен емес, өзге біреулермен бірлесе отырып жететін (яғни, әлеуеметтік дамуының) дәрежесі арасындағы арақашықтық (Л.С. Выготский).

Технологияландыру – ұйымдаспаған және ретсіз қызмет нысандарын ұйымдасқан әрі ретті күйге қолдан көшіру процесі немесе мақсатты қызметті ұйымдастырудың бір нысанын екіншісіне, жаңалауына әрі тиімдірегіне ауыстыру. Т. кез келген тиімді саланың сәтті болуының әмбебап негізі ретінде күнбе-күнгі операцияларды біріздендіре отырып еңбек мәдениетін ұдайы өсіреді, түйсікті және эмпирикалық шығармашылықты дәл ғылымға айналдырады; уақытты үнемдеп, оны кәсіби қызметтің жаңа аумақтарын ашып, игеруге жұмсауға мүмкіндік береді.

Технологиялық тұрғыда ашық оқулық – өзі және онымен бірге пайдаланылуға тиіс ОӘК-лері педагогикалық технологияларды оқыту бары­сында қолдануға ыңғайлы (қолайлы) келетін оқулық.

Тұжырымдама - немесе концепция (латынша conceptio) – 1) көзқарастар жүйесі, құбылыстар мен процестерді түсінудің қайсыбір жолы; 2) қандай да бір туынды, ғылыми еңбек және т.т-дың негізінде жататын бір ой, түпкі, жетекші идея.

Тәрбие- педагогикалық мағынада-педагогтермен тұлғаны қалыптастыру бойынша іске асырылатын мақсаты бағытталған үрдіс.



Ізгілендіру - немесе гуманизация – қоғамдағы адамдарда адамгершілік, адамсүйгіштік, яғни адами қасиеттерді қалыптастыру, оларды дамыту. Білім беруді І. заманауи білім беру жүйесінің гуманистік парадигмасы жағдайында дамудың әлеуметтік-педагогикалық принципі болып табылады.

Эмпатия – өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен жай-күйін білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет