Глоссарий Антициклон


Биотоп – қоршаған орта жағдайы біртипті, белгілі бір биоценоз қалыптасқан жер бетінің бөлігі. Биоценоз



бет2/4
Дата02.12.2022
өлшемі2,63 Mb.
#54279
1   2   3   4
Биотоп – қоршаған орта жағдайы біртипті, белгілі бір биоценоз қалыптасқан жер бетінің бөлігі.
Биоценоз - белгілі бір құрлық немесе су қоймасының бөлігін мекендейтін өзара қатынаспен қоршаған орта жағдайына бейімделумен сипатталады (мысалы: көлдің, орманның биоценозы өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар жиынтығы).
Биогеоценоз - (био... гео...деген грек. koinos - ортақ)- тұрақты, өзін өзі реттейтін, кеңістікте шектелген табиғи жүйе, онда тірі ағзалар мен оларды қоршаған абиотикалық орта функциональды өзара байланысқан. Бұл терминді алғаш рет В. Н. Сукачев (1940); ғылымға енгізген болатын.
Географиялық ландшафт құрамындағы табиғат құраушылары (жер бедері, климат, су, топырақ, өсімдік бірлестіктері мен жануарлар) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс, жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі. “Ландшафт” (нем. land- жер, schaft - өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген.
Геожүйе, географиялық жүйе - географиялық қабыктың өзара байланыстағы және өзара әрекеттес көптеген құрамбеліктерінен тұратын географиялық түзілім. Қазірге дейін барлық қалыптасқан анықтамалар бойынша геожүйе - әр текті элементтердің жүйелік қасиеттерінің (тұтастығы, өзара байланысы) көрінуі; осы анықтамалардың екінші бөлігі - жүйенің теографиялылытъшың белтілері (жүйе элементтерінің немесе бөліктерінің аумақтық реттілігінің қатынастары; Жерге, жер бетіне, географиялық қабыққа, тағы да басқалары қатыстылығы) көрсетіледі. 
Географиялық белдеулер - географиялық қабықтағы ең ірі зоналық бөлімшелер. Жылу мен ылғал, ауа массаларының айналымы,биохимиялық және геоморфологиялық процестердің өзіндік көрсеткіштері мен ырғақтылығының ортақ ерекшеліктерімен сипатталады. Географиялық белдеулер шегінде климаттық факторлардың күрт құбылуына байланысты жеке белдеулердің ішінде түрлі географиялык зоналар мен зонашықтар бөлінуі мүмкін.
Гумус, қара шірінді – топырақ құрамындағы шіріп ыдыраған қара қоңыр түсті органикалық заттар; гумус қышқылдарынан (гумин қышқылы және фульвоқышқылдар), гуминнен, т.б. заттардан тұрады. Гумус қышқылдары сілтілі ортада жақсы ериді. Суда нашар ериді, ал басқа қышқылдарда мүлде ерімейді.
Жазық - беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы. Мұнда көршілес орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы өте аз болады. Жазық ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның көпшілігі бір жағына қарай сәл еңістеу келеді. Жазық - салыстырмалы биіктігі бірдей және геол. құрылымы біртектес жер бедерінің пішіні;
Морфомүсін (грекше morphe– пішін, түр және латын sculptura – мүсін), Жер бетінің салыстырмалы шағын бедерінің формалары (сай, жыра, өзен аңғары, төбе, мореналық қырқалар, жағалық шағылдар, карстық шұңқырлар, т.б.), морфоқұрылымның бөлшектері жатады. Бұлардың пайда болу кезеңінде сыртқы – экзогендік (жел, су тасқыны, күн энергиясы) процестер басты орын алады.
Морфоқұрылым (грекше morphe – пішін, түр және латынша structura – құрылымы) –эндогендік (жердің ішкі), экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болған жер бедерінің ірі элементтері және теңіздер мен мұхиттардың түбі. Мұнда эндогендік процестер (жанартау атқылау, жер сілкіну т.б.) жетекші рөл атқарады.
Морена (французша moraіne), мореналық шөгінділер – тікелей глетчер мұзынан және әр түрлі пішінді тау жыныстарынан жиналған шөгінділер. Морена беткейлерден мұздық аңғарына келіп түсетін әр түрлі пішінді материалдардан және мұздық астындағы тау жыныстарының сыдырылып қирауынан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет