Материктік қайраң, шельф - теңіздер мен мұхиттардың жағаларын жиектеп жататын, су астындағы саяз жазың. Ені - бірнеше километрден 1300 км-ге жетеді, ауданы - Дүние жүзілік мұхит түбінің жалпы ауданының 8 %-індей. Бұл 130—140 м (орташа есеппен) тереңдікте материктік беткейге айналады.
Материктік беткей - қайраң мен материк баурайының аралығындағы кейде 3500 м тереңдікке дейін созылатын материктің су асты шетінің бөлігі. Беткейдің еңістігі орта есеппен 4—7 градус, ал кейде 20—30 градусқа дейін жетеді.
Материктік беткей - қайраң мен материк баурайының аралығындағы кейде 3500 м тереңдікке дейін созылатын материктің су асты шетінің бөлігі. Беткейдің еңістігі орта есеппен 4—7 градус, ал кейде 20—30 градусқа дейін жетеді.
Қорық - аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Сельва, сельвас (порт. selva - орман) — мезгіл-мезгіл су басатын ылғалды экваторлық орманның бразилиялык атауы. Негізінен, Оңтүстік Америкадағы Амазонка өзенініңалабында таралған. Ылғалды және ыстық климат жағдайында сан алуан мәңгі жасыл өсімдік түрлері өседі.
Синклиналь - мульда, иілген бөлігі төмен қарап тұрған жер қабығы қабаттарының астау тәріздес қатпарлануы.
Тектоника (грекше tektonіkos – құрылыс), геотектоника –геологияның Жер қыртысының құрылысын, ондағы тектоникалық құрылымдарды және олардың орналасу, даму заңдылықтарын зерттейтін бөлімі.
Цунами (жапонша — тсунами) - мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт. ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400 — 800 км/сағ-қа дейін. Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат - 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды.
Шұңғыма, мұхит шұңғымасы, тереңсулы шұңғымалар – мұхит шарасының тереңдегі 5000 метрден астам ұзынша әрі жіңішке келген ойыңқы бөлігі. Шұңғыма ұзындығы бірнеше мың км-ге, ені – ондаған және жүздеген км-ге жетеді.Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (тереңдегі 11022 м).
География -жер бетінің табиғатын, табиғи құбылыстарының себептерін және халқының шаруашылығын зерттейтін ғылым. География негізінен физикалық география және экономикалық география болып екіге бөлінеді.