Арнайы білім беру ұйымдары – кемтар балалардың диагностикасы
және кеңес алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшін құрылған ұйымдар:
психологиялық-медициналық-педагогикалық
кеңестер, оңалту орталықтары,
балабақшалар, логопедиялық пунктер және тағы басқа ұйымдар.
Арнайы түзету ұйымдары – дамуында кемтар болып қалған балаларға
арналған ұйымдар.
Психологиялық тексеру – кемтар балалардың психикалық жағдайының
ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерін
анықтау.
Әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас
нормативтерін
ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақылығы,
әдеттегі
қызметпен айналысу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін
әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтау.
Медициналық тексеру – балалардың тіршілік әрекетінің шектелуіне
себеп болатын жекелеген ағза қызметінің бұзылу түрін, ауырлығын анықтау.
Педагогикалық тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас
нормативтерін ескере отырып, балалардың
ақыл-ой жағынан даму
ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас
жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: