Глоссарий арнайы білім


Медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата10.03.2023
өлшемі345,75 Kb.
#73179
1   2   3   4
Медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика – 
әр-түрлі кемістіктерді анықтау мен емдеудің, оқыту мен тәрбиелеудің сайма-
сай жағдайларын белгілеу үшін балалардың психикалық дене дамуын 
кешенді салааралық бағалау.
Арнайы білім беру – кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай 
отырып, білім беру. 
Арнайы білім беру бағдарламалары – мүмкіндігі шектеулі балаларды 
оқытуға арналған бағдарламалар. 
Арнайы білім беру жағдайлары – техникалық және өзге де көмекші 
құралдары, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және кемтар балалардың 
білім беру бағдарламаларын игеруі онсыз мүмкін болмайтын өзге де 
қызметтерді қоса алғанда, арнайы білім алу үшін жасалатын жағдайлар. 


Арнайы білім беру ұйымдары – кемтар балалардың диагностикасы 
және кеңес алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшін құрылған ұйымдар: 
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер, оңалту орталықтары, 
балабақшалар, логопедиялық пунктер және тағы басқа ұйымдар. 
Арнайы түзету ұйымдары – дамуында кемтар болып қалған балаларға 
арналған ұйымдар. 
Психологиялық тексеру – кемтар балалардың психикалық жағдайының 
ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерін 
анықтау. 
Әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас 
нормативтерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақылығы, әдеттегі 
қызметпен айналысу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін 
әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтау. 
Медициналық тексеру – балалардың тіршілік әрекетінің шектелуіне 
себеп болатын жекелеген ағза қызметінің бұзылу түрін, ауырлығын анықтау. 
Педагогикалық тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас 
нормативтерін ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму 
ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас 
жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет