ГЛОССАРИЙ
Арнайы білім – денсаулықтарында мүмкіндіктері
шектеулі адамдарға
арнайы жағдай жасап, мектепке дейінгі, жалпы және кәсіби білім беру.
Ерте қолға алу – психикалық және дене бұзылыстары бар балаларға
скринингін, медициналық психологиялық–педагогикалық диагностиканы,
емдеуді,
дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі)
балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзету
арқылы
қолдану.
Мүмкіндігі шектеулі тұлға – белгіленген тәртіппен расталған, туа
біткен,
тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттың
салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар он
сегіз жасқа дейінгі балалар.
Психикалық кемістік – адам психикасы дамуының және жұмыс
жасауының уақытша
немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық,
сөйлеу тілі, эмоциялық еркі, ми, ақыл-ой бұзылыстарының салдарынан
психикалық дамуының тежелуі немесе осыған байланысты оқып, үйренудегі
өзіндік қиындықтар.
Кемтар балаларды әлеуметтік және педагогикалық-медициналық
түзеу арқылы қолдау – кемтар балаларға тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді
жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін
және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін
жасауға
бағытталған арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру
қызметтерін көрсететін білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулықты
сақтау ұйымдарының қызметі.
Дене кемістігі – ағзасы (ағзалары) дамуының және жұмыс істеуінің ұзақ
уақыт бойы әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы
қолдауды қажет ететіндей созылмалы бұзылыстар.
Ауыр кемістік – мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім
беру қол жетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өз-өзіне қызмет
көрсету
дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерін немесе
аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық
немесе дене кемістігі.