Диаграмма режимі Мастер көмегімен диаграммасы бар жаңа басылым жасау үшін қолданылады. Пошталық жапсырмалар (Почтовые наклейки) режимі Мастер көмегімен жапсырмалар жасау үшін қажет. Сұхбаттасу режимінде жапсырманың форматы мен өрістерінің орналасуын анықтап, жапсырма мәтінінің қарпі, көлемі, қанықтылығы, стилі және жапсырма мәтінінің түсі сияқты параметрлерді таңдап алуға болады.
7.2 Басылымдар шебері режимінде басылымдар жасау
Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимі таңдап алынған өрістер негізінде шебер көмегімен жаңа басылымдар жасау үшін қолданылады, мұнда стиль таңдауға және байланысқан кестелердің өрістерін пайдалануға болады. Сондай-ақ, мәліметтерді топтастыру мүмкіндігі бар, мысалы, уақытқа байланысты ақпараттардағы күн-ай мерзімі өрісі үшін жылдар, тоқсандар, күндер, немесе басқа да уақыт аралықтары бойынша мәліметтерді топтастыра аламыз. Өрістердің сандық және қаржылық типтері үшін Толық мәні бойынша (По полному значению) немесе Аралық (Интервал) (10, 50 және т.б.) мәндер бойынша да топтастырылу жүргізіледі. Мәтіндік өрістерді толық мәні, бірінші символы немесе алғашқы бірнеше символдары бойынша топтастыруға болады. Сұрыптау жүргізіп (ең көп дегенде 4 өріс бойынша), әрбір топ үшін есептеліп шығарылатын қорытындылық нәтиже алуға (жалпы қосындысы, орташа, максимум, минимум мәндері) да мүмкіндік бар. Парақтарға альбомдық немесе кітаптық бағытта мәтіндер басып, өрістердің де қажетті енін тағайындауға болады.
«Авто» кестесі үшін Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимінде басылым жасау ісін қарастырып көрелік. Сұхбаттасудың бірінші қадамында керекті өрістер таңдалып алынады, мысалы: Нөмірі, Маркасы, Түсі, Шығарылу мерзімі, Қуаттылығы және Сатып алынған мерзімі өрістерін алайық (108 сурет). Екінші қадамда жазбаларды топтастыру өрісі, яғни Маркасы өрісі таңдалынады (109 сурет). Топтастыру (Группировка) батырмасын шертіп, жазбаларды топтастыру аралығын беруге болады. 110 суреттегі мысалда қарапайым аралық берілген. Сұхбаттасудың үшінші қадамында сұрыптау өрісін, яғни Түсі (Цвет) өрісін тағайындайық (111 сурет). Нәтижелер (Итоги) батырмасын шертіп, осы топ үшін қандай өріс бойынша қорытынды есептеулер жүргізілетінін және есептеулердің қай түрі жүргізілетінін көрсетуге болады. 112 суреттен бұл өрістің Қуаттылығы өрісі екенін және онда орташа мән есептелінетінін көреміз. Сондай-ақ, басылымда нәтиже де, мәліметтер де көрсетілетіні жайлы мағлұмат беретін жалауша белгіленген. Сұхбаттасудың келесі қадамында басылымның түрі – «1 құрылым» («структура 1») ретінде таңдалып алынғаны көрініп тұр (113 сурет). Бұдан ары басылымның стилі – «белгіленген» («выделенный») деген жол белгіленген (114 сурет). Соңғы қадамда басылымның аты енгізіледі (115 сурет). Сонымен, «Авто» кестесінің бастапқы көрінісі 55-суретте, ал одан жасалған басылым 116-суретте көрсетілген.
Сұхбаттасу кезінде басылымды басқаша етіп те құруға болады. Мысалы, басылымдарға бірнеше кестелер мен сұраныстардан алынған өрістер енгізуге, топтастыру ісін жүргізбеуге, топтастыру жүргізілгенде, оның әртүрлі аралықтарын таңдауға, топ ішінде сұрыптау жүргізу үшін бір немесе бірнеше өрістерді таңдап алуға мүмкіндіктер бар. Бұларға қосымша қорытынды нәтижелер есептеу үшін бір немесе бірнеше өрістер тағайындап, сондай-ақ, тек нәтижелерден ғана тұратын басылымдар да жасауға, яғни басылымдардың түрі мен стилін таңдауға болады.
108 сурет. Басылым үшін кестелер мен өрістер таңдау
109 сурет. Жазбаларды топтастыру үшін өрістер таңдау
110 сурет. Топтастыру кезіндегі аралықтарды тағайындау
111 сурет. Сұрыптау өрісін таңдау
112 сурет. Нәтижелерді шығару тәсілін беру
113 сурет. Жоба түрін таңдау
114 сурет. Басылым стилін таңдау
115 сурет. Басылым атын енгізу
116 сурет. «Авто» басылымы бейнесі
7.3 Автобасылым режимінде басылым жасау
Достарыңызбен бөлісу: |