1. Әдейілеп тәртіп бұзу – қарсыласпен әдейілеп қақтығысқа түсу үшін ойыншы жіберген қателік. Допты бақылайтын ойыншылар да осындай тәртіп бұзулар жасайды.
2. Көп қайталанатын тәртіп бұзу – бір команданың екі немесе одан да көп ойыншысының қарсыласқа қатысты бір мезгілде қателік жіберуі.
4. Тәсілдік тәртіп бұзу – ойын кезінде әдепсіз мінез-құлқы үшін жаттықтырушыларға, негізгі және қосымша ойыншыларға беріледі; төрешілерге дөрекі қатынасы үшін; ойыншыға және төрешіге жекіп сөйлегені үшін; ойын уақытын әдейі тоқтатқаны үшін; ескерту жасағаннан кейін ойыншының қолын көтеруден бас тартқаны үшін; төрешіге ескертпей, ойыншының реттік санын ауыстырғаны үшін; ойын барысында төрешінің рұқсатынсыз алаңға шыққаны үшін; допты аяғымен тепкені үшін; доп салынғаннан кейін торға асылып тұрғаны үшін беріледі.