Глоссарий 1. Құқық мемлекет орнатқан жəне оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тəртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.
2. Заң мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы: референдумтəртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
3. Мемлекет белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дəрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
4. Республика мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын, не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы.
5. Демократия халық билігі, теңдік пен бостандық, мемлекеттің негізгі органдарын сайлау қағидаларына, халықты биліктің көзі ретінде тануға негізделген мемлекеттің құрылым нысаны.
6. Құқық бұзушылыққоғамға зиян келтіретін жəне заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы əрекет.
7. Жауапкершілік адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет.
Міндет - адамға жүктелген орындалуы тиіс ереже.
9. Бостандық - бұл адамның өз құндылықтарына, критерийлеріне, ақыл-ойына жəне еркіне сəйкес əрекет ету қабілеті немесе қабілеті.
10. Еркіндік адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай əрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.
11. Шешім - проблемалық жағдаяттың ойлау операцияларының қалыптасуы.
12. Меншік - жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.
13. Билік – мақсаты - қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мəн-мазмұны - үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру.
14.