Глоссарий Құқық



бет2/4
Дата02.02.2023
өлшемі17,87 Kb.
#64802
1   2   3   4
 Жеке тұлға - белгілі бір əлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-əрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын жəне өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. 
15. Заңды тұлға заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кəсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. 
16. Филиал - заңды тұлғаның оқшауландырылған бөлімшесі. 
17. Өкілдіктапсырылған өкілет бойынша бір тұлғаның атынан басқа тұлғаның мəміле не басқа да құқықтық маңызы бар əрекет (мысалы, талапкер атынан сотқақатысу) жасауы.
18. Лизинг құнды мүлікті белгілі мерзімге жалға беру жəне лизинг алушыға осы мүлікті аталған мерзім өткеннен кейін сатып алуға мүмкіндік беру.
19. Заем несие беру рөлін атқаруына байланысты несиелік қарым-
қатынастардың бір түрі. 
20. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық жəне саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы.
21. Пара белгілі бір мəселе тиімді шешілу үшін лауазымды адамға берілген ақша, бағалы қағаз, басқа да мүлік немесе мүліктік құқық. 
22. Адалдық адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-əрекеттер. 
23. Парасаттылық адам бойындағы кісілік қасиет. Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мəдениеттілік, көрегенділік, зерделілік мағынасында қолданылады. 
24. Үстемдік қоғамды басқарушы жəне бағынушы топтарға бөлуді, билік жүргізуді сипаттайтын, сондай-ақ, ерекше басқарушы аппаратты бөлумен ерекшеленетін жəне институционалды түрге ие болатын түсінік. 
25. Норма қоғамның даму барысында қалыптасқан мінез-құлық ережесі. 
26. Референдум мемлекеттік маңызы бар мəселені халықтық дауысқа салу. 
27. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет