ГЛОССАРИЙ Технология – (грек-techne-өнер, шеберлік, іскерлік және логия – ілім, білім) – дайын бұйым алу үшін пайдаланылатын тәсіл.
Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.(орыс тілінің түсіндірме сөздігі)
Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрамдас,процессуалдық бөлігі (М.Чошанов).
Оқу-тәрбие процесін технологияландыру - білім беру мен тәрбиелеу проблемаларын сапалы жаңа деңгейде шешуге мүмкіндік беретін объективті құбылыс.
Педагогикалық технология - оқу процесін жүзеге асыратын мазмұндық техника (В.П.Беспалько).
Педагогикалық технология – бұл оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету рпоцесін сипаттау (И.П.Волков).
Педагогикалық технология - әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешу мақсатында педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың әдістерінің жиынтығын қолдануға байланысты педагогтың іс-қимылдарының өзара байланысқан жүйесі.
Оқыту бірлігі – семантикалық,синтаксистік және прагматикалық тұтастығы бар,бір бүтін ретінде рәсімделген және оның мазмұны мен құрылымын формалдауға қолданылатын электрондық оқу басылымының бөлігі.
Оқыту технологиясының міндеттері оқыту жүйесінің барлық элементтерін зерттеу мен оқыту процесін жобалауда болып табылады,осының арқасында мектептегі (мұғалімнің) оқу тәрбие жұмысы реттелмеген әрекеттер жиынтығынан белгілі бір мақсатты көздейтін процеске айналады.
Оқыту моделі – адам оқыту процесінің негізіне алынған модель.Оқыту моделінің екі типін қарастырады-дескриптивті және нормативті.Оқытудың дескриптивті моделі адам оқитын іс-әрекет рпоцесін сипаттау негізінде құрылады.Оқытудың нормативті моделі алдын-ала жасалып беріледі. Нормативті типтегі оқытуды – мұғалімді оқыту деп атау қабылданған.
Оқыту технологиясы- оқытушының іс қимыл үрдісінің қисындық – тәжірибелік қажеттілігін нәтижеге бағдарлау, оны үнемі ширату.
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Педагогикалық жүйе - жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы.
Инновация педагогикалық (жаңаны енгізу)- білім беру ортасына оның жеке бөліктерін,компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін,мақсатты көздейтін өзгеріс.
Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту.
Деңгейлеп оқыту - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Дамыта оқыту - жоғары қиындықта оқыту.
Модульдік оқыту технологиясы - оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру.
Модуль - бір ғана оқу пәннің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Ақпараттық технологиялар - ақпаратты алу,түрлендіру,сақтау,тарату және пайдалану әдістері мен құралдары.
Оқытуды ақпараттандыру - есептеуіш техникамен және оған байланысты ақпараттық технологияларды оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару құралы ретінде пайдалану және оқушы мен мұғалімге білім мазмұнын толықтыратын қажетті мәтіндік және көрнекі ақпараттарды беру.
Педагогикалық технология – оқытуда пайдаланылатын материалдық және идеалдық (білімдер) құралдар жүйесі және осы жүйені қолданысқа енгізу тәсілдері (Е.И.Машбиц).