Глоссарий



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата22.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#4681
  1   2   3   4   5   6   7

Глоссарий 

 

1.  Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ. 

 2. Гоминид- адамның арғы ата-бабалары. 

 3. Плиоцен- өтпелі кезең. 

 4. Палеолит- ерте тас дәуірі 

 5. Мезолит- орта тас дәуірі.  

 6. Неолит- жаңа тас дәуірі. 

 7. Матриархат- аналық рулық қауым. 

 8. Патриархат – аталық рулық қауым. 

 9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені. 

10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) . 

11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын) 

12. миф-аңыз,ертегі. 

13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы. 

14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек. 

15. Руналық- ежелгі түркі жазуы. 

16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы. 

17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы. 

18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек». 

19. Этногенез- халықтың шығу тегі. 

20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек. 

21. Эфталиттер- ақ ғұндар. 

22. Половецтер- қыпшақ тайпалары. 

23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар. 

24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы. 

25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді. 

26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет. 

27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым. 

28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі. 

29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші. 

30. «Яссы» (Жасақ)- Шыңғыс ханның заңдар жинағы. 

31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба. 

32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.  

33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар. 

34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы. 

35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік. 

36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына 

айтылатын билік сөзі. 

37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік 

құқықтың негізін реформалау үлгісі. 

38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары. 

39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар. 

40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды 

білдіреді. 

41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым. 

42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі. 



 

43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының 



нәтижесінде қазақтардың босуы. 

44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары. 

45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну. 

46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі. 

47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет. 

48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат. 

49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері. 

50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ. 

51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы. 

52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ. 

53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ. 

54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары. 

55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі. 

56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері. 

57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен 

жаулап алуы. 

58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері. 

59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы 

күрес. 

60. Блокада- әскери қысым, қоршау. 



61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа. 

62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)  

63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)   

64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)   

65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы. 

66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды. 

67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс. 

68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс. 

69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет. 

70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы. 

71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы. 

72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту. 

73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан. 

74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін 

орнату саясаты. 

75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары. 

76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс. 

77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954) 

76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы. 

77. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы  Н.С. 

Хрущевтік кезең. 

78. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. саяси-экономикалық,  әлеуметтік  

дағдарыс.  

79. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.  

80. Желтоқсан оқиғасы - 1986ж. жастар, студенттер қозғалысы. 


 

81. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің 



тәуелсіздігі туралы құжат.  

82. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.  

83. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.  

84. Парламент – Заңдар шығарушы өкімет органы.  

85. Сенат- Парламенттің Жоғарғы палатасы  

86. Мәжіліс –  Парламенттің Төменгі палатасы  

87. Үкімет –  мемлекеттің атқарушы органы 

88. «Қазақстан-2030» - Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі 

даму бағдарламасы.  

89. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең 

жоғарғы мемлекеттік лауазымы 

90. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынғы өз 

халқына белгілі мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асырудағы негізгі 

мігндеттері көрсетілген қорытынды есебі мен болашақтың жоспары 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Кіріспе.  Пәннің оқытылу мақсаты мен міндеттері 

  1. «Тарихи тұлға» пәні: оның қарастыратын мәселелері 

2. «Тарихи тұлға» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Пәннің қоғамдағы орны 

      Ежелгі  тас  дәуірі  адамзат  тарихындағы  ең  маңызды  кезеңдердің  бірі. 

Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне 

бейімделуі  іске  асты.  Мұның  өзі  алғашқы  адам  іспеттес  тіршілік 

иелерінің күнкөріс үшін тас қүралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы 

құралдардың  қалдықтары  адамзат  баласының  ең  ұзаққа  созылған  тас 

дәуірінің  уақытын  шартты  түрде  белгілеуге  негіз  болды.  Батыс 

Еуропаның тарихи материалдары негізінде құралған  классикалық схема 

бойынша  ежелгі  палеолит  үш  дәуірге:  дошель,  шель,  ашель  болып 

бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, 

солютре  және  мадлен  болып  айырылады.  Соңғы  жылдары  бұл  схемаға 

кейбір  өзгерістер  енгізілді.  Бірқатар  авторлардың  пікірі  бойынша:  олар 

палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен 

соңғы  палеолит  арасына  меже  қояды.  Көбінесе  Африкада  жаңа 

материалдар  негізінде  адамзат  өміріндегі  әуелгі  дошельді  қамтитын 

ежелгі  кезең  бұл  күнде  олдувэй  дәуірі  деп  аталады.  Ол  б.з.б.  2,6  млн. 

жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шель мен 

ашель  800  мың  жылдан  140  мың  жылға  дейінгі  дәуірді  қамтиды. 

Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің 

заманымыздан  бұрынғы  140-40  мың  жылдықтарға  жатқызады.  Соңғы 

палеолит  40  мың  жылдықтан  12  мың  жылдыққа  дейінгі  уақытқа  сәйкес 

келеді. 

 Еңбекке  бейімі  бар,  адам  тақылеттес  ең  әуелгі  тіршілік  иесі  ғылымда 

презинджантроп  деген  атпен  белгілі.  Оның  сүйектерінің  қалдықтары 

Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда "Ноmо һаЬіlіs" /"шебер адам"/ деп 

аталып  кеткен  ол  осыдан  1  миллион  750  мың  жыл  бұрын  өмір  сүрген. 

Оның  миының  аумағы  652  см

3

,  яғни  ертедегі  маймылдың  миынан 



әжептеуір  көлемді  де  салмақты  болған.  "Шебер  адамның"  еңбек  құралы 

малта  тастың  сындырылған  түрлерінің  қырлары  пышақ  сияқты  өткір 

болып, кесу үшін пайдаланылған. 

 Адамзаттың  дамуындағы  тас  дәуірінің  орта  және  соңғы  кезеңдеріне 

сәйкес  келетін  "Ноmо  еrесtus"  /"түрегелген  немесе  бойын  жазған"/ 

питекантроп  /"маймыл  адам"/  және  синантроп  /"адам"/  болып  екіге 

бөлінеді.  Оның  алғашқысы  мен  соңғысының  араларында  дамудың, 

жетілудің  оң  өзгерістері  болғанын,  сонымен  бірге  олардың  дамуында 

сабақтастық барын байқатады. 

 Бірінші  питекантроп  1891  жылы  Индонезиядағы  Ява  аралында 

табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол 

"Ноmо  һаЬі1іs"-пен  салыстырғанда  елеулі  эволюциялық  өзгерістерге 

ұшыраған.  Ми  көлемі  үлкейіп  (959  см

3

),  бас  сүйегі  мен  жақ  сүйектері 



кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген. 

"Ното  егесtus"-тің  екінші  бір  түрі  синантроп  болды.  Синантроп  1927 

жылы  Қытай  жерінде  Чжоу-коу-дян  үңгірінен  табылды.  Одан 

синантроптың  сүйектерімен  бірге  әр  түрлі  формадағы  тас  құралдар, 

ошақта  көп  жатқан  тастар  және  төменгі  антропоген  /геологиялық  жер 


 

қыртысы/  тарихындағы  ширектік  дәуір  фаунасы  жануарларының  көп 



сүйектері  табылған.  Бұдан  синантроптар  сол  кездің  өзінде-ақ  от  жағуды 

білген  деген  корытынды  жасауға  болады.  Бұл  кезде  піскен  етгі,  өсімдікті 

тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. 

Б.з.б.  300  мың  жыл  бұрын  "Ноmo  егесtus"  қазіргі  кезендегі  адам  түріне, 

немесе  "Ноmо  sаріеnsке"  /"ақылды  адамға  айналды.  "Ақылды  адамның" 

қалдықтары  Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында 

табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал 

б.з.б.  45-35  мың  жылдықта  Франциядағы  Креманьон  жотасында  қазіргі 

адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды. 

Қазақстан жерінде, ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе 

қоймағанына  қарамастан,  олардың  мекен  еткен  аудандарының  бірі  - 

Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші 

Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық 

қазба  жұмыстары  кезінде  ертедегі  адамдардың  еңбек  құралдары  болып 

табылатын  ірілі-уақты  шақпақ  тастардың  табылуы  осыған  айқын  дәлел 

бола алады.  

 

Б.з.д.5  мың  жылдықта  басталған  неолит  –  тас  құралдарын  барынша 



пайдалан  дәуір.Бұл  кезде  еңбек  құралдары  жетілдіріліп,  тастарды 

бұрғылау,  тастарды  тегістеу,  ағашты  арамен  кесу  сияқты  жаңа 

технологиялық  әдістер  қолданылған.Неолит  дәуірінде  Қазақстан  жерінде 

мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, ертедегі адамдардың 

бұрынғы  табиғаттың  даяр  өнімдерін  иемденуден,  яғни  өсімдік  дәндерін 

жинау, аң аулау орнына, өндіруші шаруашылыққа көшуге жағдай жасады. 

 

Тас  дәуірінің  соңғы  кезеңінде  мәдени-тұрмыстық  жаңалықтардың 



ашылуына  әсерін  тигізді,  адам  еңбегінің  ауқымы  мен  көлемі  кеңейді, 

сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. 

 

Қазақстан  жерінде  ғылымға  белгілі  600-ден  астам  неолиттік 



ескерткіштер табылған.Бірақ олардың басым көпшілігі осы уақытқа дейін 

зерттелмеген. Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт 

түрге бөлінеді.Олар: Бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі, 

үңгірдегі  тұрақтар  болып  бөлінеді.Олардың  қалдықтары  Қазақстанның 

барлық аймақтарында кездеседі. 

Біздің  заманымыздан  бұрынғы  екі  мың  жылдықта  мал  және  егіншілік 

шаруашылығымен  қоса  металл  өңдеу  кәсібі  дами  бастады.  Мұның  өзі 

Қазақстан  жеріндегі  әлеуметтік  өсіруші  тайпалар  ірі  және  қуатты 

бірлестіктер  құрды.  Бұлардың  арасында  әр  түрлі  себептермен 

келіспеушіліктер  болып,  қарулы  қақтығыстар  да  орын  алды.  Қару  енді 

жабайы  аңдарды  аулау  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  тайпалардың 

соқтығыстарында  да  жиі  қолданылды,  қару  жасау  бірте-бірте  металл 

өңдеудің дербес саласына айналды. 

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын 

жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде 

сүрменің,  күшаланың,  қорғасынның  қорытпасы.  Мыспен  салыстырғанда 

қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі 

болып  келеді.  Ол  еңбек  қүралдары  мен  қару  жасау  үшін  қолданылатын 

негізгі  шикізат  болып  табылады.  Қазақстан  жерінде  түсті  металдар 


 

өңдеуге,  әсіресе,  мал  өсіруге  мықтап  көңіл  бөлген.  Сөйтіп,  б.з.б.  2  мың 



жылдықтың  аяғында  -  1  мың  жылдықтың  басында  дала  халықтары 

шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады. 



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 

  1. «Тарихтағы жеке тұлғалар» пәнінің қарастыратын мәселелері 

2. «Тарихтағы жеке тұлғалар» пәнінің мақсаты мен міндеттері.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



Сақ патшасы Томирис және оның тарихи портреті 

1.

 

Ғұн шаньюйі Мөде және Еділ (Аттила) патшалар: тарихтағы рөлі 



2.

 

Бұмын және Естеми, Үшелік қағандар 



      Сақ тайпаларының көрнекті патшасының бірі-томирис (Тұмар 

ханшайым) Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ 

халықтарының  байырғы  заманда  ел билеген  атақты  әйел патшаларының 

бірі. Грек жазбаларында  оның елін  «массагет»  деп атайды. Тұмар ханша 

есімінің  тарихқа  еніп,  әлемге  танылуы   Ахемен әулетінен шыққан, «төрт  

құбыланың  тұтас  билеушісі»  атанған парсының  әйгілі  патшасы Кирдің  

(ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға  басқыншылық  жорықпен келген

«жеңілуді білмейді» деп дәріптелген  әскерін ашық шайқаста тас талқанын  

шығарып  жеңуімен  тікелей  байланысты.  

 

Мемлекетінің  аумағын  тойымсыздықпен  кеңейте  беруді  ойлаған  



Кир  патша    батыс    елдеріне    аттанбас  бұрын    әуелі  шығыс    жағын  

қауіпсіздендіру мақсатымен  күнгей  түркі  сақтарды  бағындырып  алуды  

көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші  аттандырып, олардың  ханшасы,  сол 

кезде  күйеуі  өліп  жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне  тұрмысқа  

шығуын  сұрайды. 

 

Бұл    Кирдің    түркі    сақтармен    соғысуға  желеу    іздеуі  еді.  Тұмар 



ханша    Кирдің    ұсынысын    қабылдамай    тастайды.  Осыны    желеу  еткен 

Кир  өзінің  жау  қайдалап  жұтынған  жаужүрек  жауынгерлерін  шығысқа  

қарай   қаптатады. Аракс  дариясына  жетіп,   үстінен  қалқыма  көпірлерді  

құруды  кемелердің   кермесінде  мұнара  қамалдар  тұрғызуды  әмір етеді.  

 

Өздерін  жаулап  алуға  келген  парсылардың  әр қадамын  алыстан  



бақылап,  біліп    отырған    Тұмар    ханша    олардың    дариядан    өту  үшін  

әуреленіп,  көпір    салғалы    жатқанын  естіп,    Кирге  арнайы    жаушы 

жібереді.  

 

-    Мидиялықтардың    патшасы!  -,  дейді  жіберген    жаушысы  арқылы 



Тұмар  ханша    Кирге.  -  Ниетіңнен  қайт.  Салып    жатқан    көпірлеріңнің  

игілігін    көрер  көрмесіңді    өзің  де  білмейсің.  Өнбес    істі    қума.  Өз  

патшалығыңа    бар  да,    өз  билігіңді    жүргізе  бер,    бізді  күндеме.  Ал  егер 

алда  жалда    соғыспай    қоймаймын    десең,    онда    көпір    салып,  уақыт  

өткізіп, әуре  болма.  Дарияның  біз  жақ  бетіне  шығып  соғысамын  десең,  

біз  үш  күншілік  жерге кетіп,  жол ашайық,  ал дарияның   өз  жағыңда 

соғысамын десең, сен  үш  күншілік жерге шегін.  Қалауына  қарай   өзің 

шеш.  


 

Тұмардың   ұсынысын  Кир  әскери  кеңеске  салады.  Біраз   пікір  

таласынан    соң,  Лидияның    бұрынғы    патшасы,  сол  кезде    Кирдің   

қолындағы    мырза  тұтқын    Крездің    ақылымен    дарияның    түркі    сақтар  

жағында  соғысуды ұйғарып,  шешімдерін  Тұмарға  хабарлайды.  

 

Түркі сақтар уәделерінде  тұрып,  үш күншілік  жерге  шегініп кетеді. 



Олардың    кеткеніне    анық  көз    жеткізгеннен    кейін  Кир    бүкіл    әскерін  

дарияның    арғы  бетіне    өткізіп,    Крездің    үйреткен    айласымен    түркі 

сақтардың  шабылдаушы  тобын  алдап  қолға  түсіріп,  түгел  қырғынға  

ұшыратады.  Осы   шабуылшы  топтың   басшысы,    Тұмар   ханшаның    ұлы 

Спаргапты (Спаргапис)  тұтқынға алады.  


 

 



Сүйікті    ұлы  мен  шеп    бұзар    жауынгерлерінің      қайғылы  хабарын  

алған Тұмар  Кирге  жаушы  жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін  жеткізеді.  

 

Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің  ұлымды  ашық  айқаста 



қару    құдіретімен    жеңген    жоқсың.  Шарап    ішкізіп,  алдап  барып,  пенде 

еттің. Енді  менің  мына  ақылымды  ал. Айла амалмен біраз  жауынгерімді  

опат еткеніңді қанағат тұтып,  менің ұлымды өзіме  қайтарып бер де, есен 

сауыңда  жөніңді    тап.  Егер    өйтпесең,  Тәңірі  атымен  ант  етіп  айтайын, 

қанға    қаншама  тойымсыз    болсаң  да,  адам  қанын    сусының    қанғанша 

ішкізермін!  

 

Бар аңсары біреудің  елін шауып, олжаға  батып,  атағын  шығаруға  



ауған  Кир    ханша  ақылын    тыңдамай,    өзінің      шайқасатынын    айтып, 

Тұмардың  жаушысын  кері  қайтарады.  

 

Тұтқынға түскен  Тұмардың  ұлы  өзінің   қандай күйге  ұшырағанын 



мастығы айығып, есі кірген  кезде  ғана бір-ақ  біледі.  Кирден  аяқ қолын  

босатуын  өтінеді.  Қолдан  бұғау,  аяқтан   кісен  алынысымен, ол қасында 

тұрған парсы жауынгерінің  қаруын  жұлып алып,  өзін өзі  өлтіреді.  

 

Келесі күні  екі жақтың  арасында  бұрын соңды  көз көріп,   құлақ 



естімеген  сұрапыл  қырғын  соғыс  басталады. Ақырында  далалық  ұрыс  

тәсілін  тиімді  пайдаланған  түркі      сақтар    парсылардың    әскерін      түгел  

дерлік    жусатып  салады.    Қоршауға    түсіп,    бас  сауғалар    мүмкіндігінен 

айырылған. Кирдің   өзі де  жауынгерлерімен бірге  айқас  алаңында  қаза 

табады.  

 

Тұмар  ханша  шайқас  аяқталған соң, сарбаздарына  Кирдің   денесін  



таптырып  алып,    басын  кестіріп,  қан  толтырылған  меске    салып  тұрып: 

«Әйтеуір    тірі  қалдым,    сені      жеңіп    шықтым  демесем,    жан  дегендегі 

жалғыз  ұлымды      аярлықпен    қолға    түсіріп,  сен  менің    түбіме    жеттің, 

жауыз!  Енді  Тәңірге берген  сертімді  орындап,  басыңды қанға  бөктіріп,  

сусыныңды  қандырғаннан басқа  амалым жоқ»  дейді.  

Осылайша    күнгей  түркі  сақтар  өздерін    жаулауға  жасанып  келген 

басқыншылардан   елінің  тәуелсіздігін  сақтап қалады.  Осылайша Тұмар  

ханша    елбасылық    ұлы  тұлғасымен,      қолбасшылық  асқан  ерлігімен  

тарихқа енеді.  

Түмен  ұлы  Мөде  қаған  (ж.ж.с.д.  228-174)  Сиуңну  (Ғұн) 

империясының    негізін  қалаушы,  жеке  тағдыры      қызық  та    қасіретті 

оқиғаларға  толы,  қаталдығы  мен  даналығы    қабат  өріліп  жатқан  күрделі  

тарихи    тұлға.  Қытай    жазбаларында  оның  есімін    «Маудун»,  ал  билік  

лауазымын  «чәниүй»  деп  атайды.  Чәниүй  атауының  жеке  сөз  ретінде  не 

мағына  беретіні  әлі  күнге  белгісіз,  ал  лауазым    ретіндегі    мағынасы 

сиуңнулар  үшін ортағасырлық  түркілердің «Қаған»  дегенімен мәнзелдес.  

Қазіргі  тарихшылардың  чәниүйді  «тәңірқұт» деп алулары  қате.  

 

 



Мүде  шамамен  18-19  жасында,  ж.ж.с.д.  209  жылы,    әкесі  ТҮмәнді 

өлтіріп,  Сиуңну  хандығының    тағына  отырып,  өзін    сиуңну  елінің  дара  

билеушісімен    деп  жариялайды.  Содан    көп      ұзамай    шығыста    дҮнху, 

батыста  жыужы  (юечжи),    терістігінде    хуниүй,  чуйшы,  динлиң,  гыгун 

және шыңли, оңтүстігінде   лыуфаң,  бай иән секілді  елдерді  жаулап алып, 

шағын Сиуңну  хандығын Шығыста теңдесі  жоқ далалық  ұлы  империяға  

айналдырады.    Осыдан  кейін  елі  оны  «ақылы  асқан  дана» деп  мойындап, 


 

оған «Чиңтижы» деген  ат береді. Бұл қазіргі  түсінікте «Тәңірінің  күші», 



яғни «Құдайдың қаһары»  деген мағынаны  білдіреді.  

 

Ел  билігінің    басына    көсемдік  дарыны  аса  жоғары,    қолбасшылық  



қабілеті  тым  ерен,  көздеген  мақсатына    жетпей  тынбайтын  жігерлі  жас 

Мүденің    келуі    тек  сиуңну  халқының      ғана  емес,  бүкіл  Шығыс 

халықтарының    тағдырына    үлкен  өзгеріс  әкеледі.    Бұрын    жеке  жеке   

хандықтарға  бөлініп,    өзара  қырқысып  жатқан  түркі  халықтарының  басы 

бірігіп,  бәрі  тарихқа танылған үлкен бір далалық  империяның  құрамына 

енеді.  Елді      басқарудың    жаңа  жүйесі  қалыптасады.  Бұл  жүйе    елді  үш 

әкімшілік аумақтық  құрылымға бөліп басқару арқылы жүзеге  асырылып,   

бар билік бір адамның  чәниүйдің   қолына көшеді.  

 

Мүде қаған   тұсында  мемлекетті  басқару жүйесінің  шен дәрежесі 



де  белгіленеді.  Мемлекеттің  шығыс  бөлігін  Сол    тужи  уаң,  батыс  бөлігін 

Оң  тужи  уаң  басқарды.    Қытайша    аталған  бұл  лауазымдардың    билік  

пәрмені  кейінгі    түркілердің    «кіші  хан»    деген  ұғымына    келеді.    Бұдан 

кейінгі  лауазым иелерін  Сол лули уаң, Оң  лули уаң деп атайды.  Бұлар 

кіші  хандарға  бағынышты азық түлікке жауап  беретін уәзірлер. Кезінде 

осы  төрт  лауазым иелерін  топтастырып ортақ бір ақ  атаумен  чәниүйдің 

«төрт мүйізі» деп атаған. Мұның  сыртында «түмен басы» деп аталатын  24 

әкімшілік  басшылары  болған.    Тәрізі    қазақтың  қария    сөзінде    жиі 

айтылатын  «24 баулы ел» деген  тіркес сол бір шалғай  кез кезеңнен  келе  

жатқан үрдіс  болуы  әбден мүмкін.  

 

Мүденің    реформасынан    кейін    мемлекетте  әскери    шен  жүйесі  де 



(бас  қолбасшы,  түменбасы,    мыңбасы,    жүзбасы,    онбасы)  бір  қалыпқа  

түседі. Сиуңну империясы  азаматтарының  бәрінің бірдей  әскер  қатарына  

шақырылуға міндетті  болуы,   шақырылғандардың  әскери  бастықтарына  

сөзсіз  бағынуы, әскердің  үнемі жауынгерлік  рухта  болуы үшін  әскери  

жаттығулардың   жүйелі  жүргізіліп  тұруы  сиуңнудың  тұрақты  армиясы  

болғанын  дәлелдейді.  Оның саны  бір деректе «300 000, екіншісінде  400 

000 еді» деп көрсетіледі.  

 

Сиуңнулардың      ата-баба    дәстүріне    негізделген    азаматтық,  



қылмыстық    заң  жүйесінің    өмірге    келуі  де  осы    Мүде    қағаннан  

басталады. Бірақ  бұл заңдардан  қытайдың  байырғы  жазбалары  арқылы 

бізге жеткені 4-5 бап қана. Олар: 

 

Адамға пышақ, не қанжар  салып,  өлімші  еткендер  өлім жазасына  



кесіледі;  

 

Ұрлық  жасаушының мал-мүлкі  түгел  тәркіленеді; 



 

Жеңіл    қылмыс    жасағандардың  беті  тілінеді.  Қазақтың  «бетің 

тіліңгір»  деген  қарғысы  осы Мүде қаған    заманынан   бүгінге   жеткен бір 

белгі болса керек; 

 

Ауыр қылмыс  жасағандар өлім  жазасына бұйырылады; 



 

Қылмыстыларды    қамауға    алып,    жазасын    беру    он  күннен  әріге   

созылмайды. (Бірақ мемлекетте  мұндай  қамауға  алынатын  қылмыстылар  

онша көп болмаған). 

 

Сиуңнуларға    шын  ниетімен  беріліп,    өлгенше    чәниүй    ордасында  



тұрып,    адал    қызмет    атқарған    қытай      оқымыстысы    Жүншин    Иөннің 

айтуына  қарағанда: «олардың  заңдары  орындауға   жеңіл»  көрінеді. Бұл, 



 

10 


әрине,  оның    Сиуңну    мемлекетінің    заңын  Хaн    патшалығының  

заңдарымен  салыстырудан  шығарған   қорытындысы еді.  

 

Сиуңну    империясы    билігінің    тізгінін  35  жыл  уысында  ұстаған  



Мүде  қаған    ж.ж.с.д.  174  жылы  қайтыс    болғаннан  кейін  де,    кезегімен  

билік  басына  келген  оның  ұрпақтары  ол орнатқан  ел басқару тәртібі 

мен  заңдылықтарды   қатаң  сақтап,  жарты  әлемді  жалпағынан  басқан 

алып мемлекеттің  үш ғасыр  бойы  өмір сүруін  қамтамасыз ете алады. 

Мыңзықұлы  Еділ  (Аттила)  қаған    батыстағы      Ғұн  (сиуңну)  

империясының      аты    аңызға    айналған    әйгілі      билеушісі,    адамзат  

тарихында    өзіндік    орыны    бар    тарихи    ірі  тұлға.  Оны    Еуропа  

тарихшылары  «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы» деп те атайды.  

 

Ежелгі    қытайдың    әулеттік    шежіре  тарихы  «Хан  кітабынан» 



(«Хәншудан»)  қытайлықтар    есімін  білмегендіктен,  «Солтүстік  чәниүй» 

деп  атап  кеткен  Солтүстік    Сиуңну    мемлекетінің  билеушісінің    жаңаша  

жыл  санаудың    92  жылы  Хән    империясы    мен  сиәнбилердің    біріккен  

күшінен    ойсырай    жеңілгеннен    кейін,    батысқа  қарай    ығысып  кеткені 

белгілі. Міне,  осы  сиуңнулар  бірден бірге ығыса  отырып, ІІ ғасырда Еділ 

мен  Жайықтың    ортасында    жаңа  ғұн  ордасының    шаңырағын    көтереді. 

Олар  кейін    күшейе  келе  IV  V    ғасырларда    Қара  теңіз    жағалауы    мен  

Еуропаның    біраз бөлегін   өздеріне   қаратып,   үлкен далалық   империяға  

айналады.    

 

Руғиланың    тұсында  Ғұн  империясы  бұрынғыдан    да    айтарлықтай  



күшейе түсті. Ол  ата баба  дәстүрімен  осы үлкен елді інілері  Ақтар және 

Мыңзықпен бірлесіп басқарады.  Бұл  баяғы  Мүде  қаған  қалыптастырған,  

елді    бір    орталыққа      бағынған    үш    әкімшілік      аумақтық    құрылымға  

бөліп  басқаруға  қатысқан  үштіктің бірі   осы Мыңзықтың баласы. 

 

434 жылы  Руғила  өлгенде  империя  билігі  оның   інілерініңбаласы  



Бледа мен Еділдің  қолына  көшеді. Бірақ  көп ұзамай  Еділ   немере туысы  

Ақтардың   баласы  Бледаны өлтіріп,  билікке  өзі  жеке  дара  ие болады. 

Осыдан    кейін    ол  бұрын    білікті    қолбасшы    ретінде    төңірегіне  мәлім  

болса,    енді    үлкен    саясаткер,    көреген  көсем    ретінде    жарқырап    көзге 

түседі.  «Әділ    билеуші»  атанады.  Оның    есімі  қарсыластары    арасынрда  

үрей  туғызады.  Оны «Құдайдың   қаһары» деп атайды.  

Еділдің    тұсында    империя    өзінің    шарықтау    биігіне  көтеріледі.  

Шығыста  Кавказға,  батыста  Рейнге,    терістікте  даниялық  аралдарға, 

күнгейінде  Дунайға дейінгі жер  Ғұн  империясының иелігіне айналады.  

Еділ  бастаған  ғұн  әскері    447  жылы    Фракия  мен  Иллирияны 

талқандап,  Фермопил  мен    Константинополь  іргесіне    дейін    жетеді. 

Шығыс  Рим  империясы    (Византия)    Еділге    тәуелді      екенін    мойындап,  

алым салық  төлеп тұрады.  

 

Арада  төрт жыл  өткеннен кейін  Рим  императоры  Валентин  ІІІ-тің  



қарындасы    Онорияның    өтінішімен    Еділ    батысқа      аттанып,    Галлияға 

басып  кіреді.    Галлияны  билеуге  Рим    императоры    жіберген    атақты  

қолбасшы  Аэций  вегтгот, алан, франк  корольдерімен тіл табысып, Еділге   

қарсы      көп  әскер    шығарады.    Мұның  аяғы    тарихта    бұрын    болмаған 

үлкен    қырғын    әйгілі    Каталун    шайқасына    әкеледі.  Тарихшылар    осы 


 

11 


шайқаста  майдан  даласында  165  мың жауынгердің өлігі қалды дегенді  

айтады.  

 452  жылы  Еділ    Италияны    ойрандап,    Падуя,  Милан    секілді 

қалаларын   алады. Рим салық төлеп  құтылады. Сөйтіп   ол осынау  ұлы   

жорықтан    Дунай    бойындағы    мемлекетінің      астанасы    Еділқалаға 

(Этзелбургке)  үлкен жеңіспен,  салтанатпен  оралады.  

Осының    алдында      Еділ    герман  тайпаларын    бағындырған    кезде 

Бургундия ханшайымы Илдионаға (Идилкаға)  ғашық  болып  қалған еді. 

453  жылы  елінде    үлкен  той    жасап,    осы    ханшайымға  үйленеді.  Бірақ  

алғашқы  неке  түнінде  белгісіз  жағдайда   кенеттен қайтыс болады.  

 

Оның  орнына    әкесімен    бірге    шерулі      жорықтарға    қатысып,  



қолбасшылық  дарыны  танылып, үлгірген  батыр баласы Эллақ  отырады. 

Еділ  өзінің  көзі тірісінде  оны  мұрагері етіп белгілеген болатын.  

 

Сөйтіп    билік    басында    болған    он  тоғыз    жыл  ішінде    Ғұн 



империясының   жеріне жер,  еліне ел  қосып, даңқын алысқа  жайған  Еділ 

қаған    Шығыстың    ұлы  жаугер    ұлдарының  бірі  ретінде    тарихқа    енді. 

Содан  да  болар,    батыстың  тарихшылары  оның    есімін  «адамзат  

тарихындағы  ұлы адамдар  Александр   Македонский мен Юлий  Цезарь  

есімдерінің  қатарына  қояды». 

Бумын қаған (туған жылы белгісіз  – 552 ж.)  -  түркілердің   өздері  

«Мәңгі  ел»    деп  атаған    әйгілі      Бірінші    Шығыс  Түркі    қағанатының   

негізін  қалаушы    тарихи    ұлы    тұлғалардың    бірі.  Оның    алғаш    тарихқа  

танылуы  түркі  еліне      Батыс    Вей  империясының    елшілерінің    келуімен  

тікелей    байланысты.  Бұл  кезде  түркі    елі    Жыужән    қағанатының  

құрамындағы,  соларға    темір  кенін    өндірумен  айналысатын    бодан  ел 

болатын.  Бумынның    бұл    кездегі    билік  лауазымы  ұлы  йабғу  (даиеху). 

Оған  ол  түркі    елінің  басшысы    болған  әкесі  Ту  (Туву)    өлгеннен  кейін,   

мұрагерлік  жолмен ие болған.  

 

Кезінде    хатталып,  қағаз  бетіне    түспегендіктен,  Батыс  Вей  



империясынан  елші  келгенге  дейінгі    түркі    елінің    де,    оның      басшысы  

Бумынның    да  тарихы    белгісіз.  Сондықтан  да  болар    тарихшылар  

ортағасырлық  түркілердің   тарихын,  шартты  түрде,  осы елшілер еклген 

да  тун  жылнамасының    он  бірінші      жылынан,  яғни    545    жылдан  

бастайды. 

Елшінің    келген  мақсаты  түркілердің  Батыс  Вей    империясының 

бақталасы Шығыс Вей империясының  одақтасы  болып отырған  Жыужән 

мемлекетіне    қарсы    қойып,  қарсыластар    күшін    әлсірету  әрі    оларды 

күресте  өздерінің  жақтасы  ету  болатын.  Бумынның  аса ірі  саясаткер, 

көреген  басшы    екенін    танытатын    тұс  та,  міне,    осы  кез.  Ол  алып  

империяның  айдапсалына  елігіп,    билікке  таласушылардың    қол 

шоқпарына  айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.  

Асылы,  Бумын  өзін  империя    қолдайды  екен  деп,    аңдаусыз  аяқ 

басудың    апатқа    ұрындырарын  мейлінше    ұққан  сақ  жан.    Жылнамалар  

жеткізген    тапшы    деректер    осыны    дәлелдейді.  Ол  Батыс    Вей  секілді 

империяның    қолдауын    пайдаланып  қалайын  деп,  телылар    сияқты  

жанталасып,  бірден атқа қонбайды.  Батыс Вейдің  елшісі  кеткеннен кейін  

оларға өзінің  елшісін   жіберіп, бар жағдайды  өз адамдары  арқылы толық 



 

12 


біліп алады.  Күресте  көмектеседі деген  империясының  өз көмегіне  зәру  

мүшкіл    хәлін    көреді.  Азаттық    күресінде  тек    өз  күшіне  ғана    сүйену 

керектігін,  қазіргі    жағдайында    қыздырманың    тіліне  еріп,      қарсы 

шыққанменен,  дәуірлеп  тұрған  жыужәндарды  жеңуге    шамасы  

жетпейтінін  түсінеді. Сол себепті  де ол ешкім  күтпеген  әрекетке  барып,  

жыужәндарға қарсы  жорыққа  аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, 

оларға  тосыннан тиісіп, бүкіл  елін  өз  қарауына қосып алады. 

Бұл  ретте    «Жыу  кітабы»  (Жыушу):  «Осы  кезде  (546ж.)  телылар 

жыужәндарға    қарсы    жаза    жорығына  шығады.  Тумын  (Бумын)    өзіне  

қарасты  тайпаларды  бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын  

шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік  бүкіл елін бағындырады» деген дерек  

береді.  

Осылайша    еліне    ел  қосып,    жауынгерлер    санын  көбейтіп,  әскери  

қуатын нығайтып алғаннан кейін барып, ол жыужәндарға қарсы  шығудың  

әрекетіне    көшеді.  Онда  да  өзі  бірден  тиіспей,  жыужәндардың    өзін 

соғысуға мәжбүрлейді. Жыужән  мемлекетінің билеушісі  Анагүйге қызын 

өзіне  әйелдікке  беруді  сұрап,  елшісін    жібереді.  Бұл  сол  кездің  

дипломатиясында:  «менің  енді  сенімен  терезем  тең.  Менімен  санасуға 

тиістісің» дегенді  білдіретін еді. Бұған, әрине, Анагүй келісе алмады,  тас  

талқан  болып  ашуланып,  Бумынды    балағаттап,  «Сен  менің  темірші 

құлымсың,  бұлай  істеуге  қалай  батылың  барады»  деп,    арнайы  

шапқыншысын жібереді. 

Бумынның    күткені    де  осы  еді.  Дәстүр  бойынша,  енді    оның  

қорланған  жан  есебінде  не  істеймін  десе  де  еркі  бар,  халықтың  толық 

қолдауына  ие  болады.  Осыны  қапысыз  пайдаланған  Бумын  өшпенділікті 

одан әрі  өршіте түсу үшін  Анагүйдің шапқыншысының  басын алуға әмір 

береді. Қаған шапқыншысын өлтіру бұл дағы соғыс ашудың  бір сылтауы 

болатын.  

Ақыры фи ди жылнамасының  бірінші   жылының   (552ж.)  бірінші 

айында  Хуәй хуанның терістігіндегі  кең жазықта   жыужәндар мен түркі 

әскері    шешуші    айқасқа    шықты.  Осы    шайқасқа    жеті    жыл    бойы  

қапысыз    дайындалған  Бумын    ашудың    жетегінде  асығыс  жиналған 

жыужән әскерінің   тас талқанын шығарды. Ойсырай жеңілген Анагүй өзін 

өзі жарып өлтірді. Сөйтіп байтақ далада бір жарым ғасыр бойы  дара билік 

жүргізген Жыужән қағандығы   құлады. Оның орнына  кейін Ұлы Далаға  

бірнеше    ғасыр    бойы  үстемдігін    жүргізген    атақты    Түркі    қағанаты  

орнады.  

Түркі  елі  жиналып,  Бумынды    ақ  киізге    көтеріп,  «Ел  қағаны»  деп  

жариялады.  Әйеліне  «Ел  Білге  қатын»  деген  атақ  берді.    Бірақ    Бумын 

қаған    өзі  орнатқан  қағанаттың      дәуірлеп  дүркірегенін  көре  алмады.  553 

жылдың  қозы айында   өз ажалынан  қайтыс болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет