Глоссарий



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата22.02.2017
өлшемі0,68 Mb.
#4681
1   2   3   4   5   6   7

 

Көшпелі  қазақ  мал  шаруашылықтарын  күштеп  отырықшылдандыру 

және  ұжымдастыру    Қазақстан  экономикасын  құлдыратып  төмен  түсіріп 

жіберді.  Республика  экономикасының  құлдырап  төмендеуі  1932-1933 

жылдардағы  қуаңшылықпен  тұтаса  келді.Ел  қолдан  жасалынған  аштықта 

көптеп қырылды.Қазақтар жартысынан айрылды. 1 млн.750 мың адамнан, 

яғни  қазақ  ұлтының  49  пайызы  осы  аштықта  көз  жұмған 

болатын.Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан азайды. 

 

Қазақстанға  Ф.И.Голощекиннің  өлкелік  партия  комитетінің  бірінші 



хатшысы болып келуі  қазақ  халқына  адам  айтқысыз бақытсыздық  әкелді. 

Голощекин әміршіл - әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, сұрқия саясат 

қолданып,  қазақ  зиялыларын  бір-біріне  айдап  салды,  «халық  жауы»  деп 

жала  жауып,  мыңдаған  қазақ  азаматтарының  қанын  төкті.  Голощекиннің 

тікелей басшылығымен 1929 жылы – 31, 1930 жылы – 82, 1931 жылы – 80 

жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі 



 

59 


болды  деген  жаламен  он  мыңға  тарта  қазақтың  бетке  шығар  азаматтары 

қамауға алынды. 

 

Сөйтіп,  тарихшы  ғалымдардың  соңғы  жылдардағы  зерттеулері 



көрсеткендей,  қазақ  халқы  аса  ауыр  шығынға  ұшырады.  Ашаршалықтан 

және  онымен  байланысты  туған  эпидемиялардың  салдарынан,  сондай-ақ 

өлім-жітімнің  көп  көп  болуы,  халықтың  басқа  республикаларға,  Қытайға, 

Иранға, Монголияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше 

миллиондаған адамдарынан айрылды. 

 

Қазақстанда  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  аяқталғаннан 

кейіи елді ипдустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустриялаидыру 

ондіріс  құрал-жабдықтарын  жасайтын,  халық  тұтынатын  тауарларды 

шығаратын  зау-ыт,  фабрикаларды  салумен  тығыз  байланысты  болды. 

Мұндай  кәсіпорындар  бүрынғы  КСРО-ның  шығыс  аудан-дарында,  оның 

ішінде  Қазақстанда  көптеп  бой  көтерді.  Олардың  салынуы  артта  қалған 

шет  аймақтарды  өндірісі,  өнеркәсібі  дамыған  орталық  аудандармен 

теңестіру  ұра-нымен  жүргізілді.  Мұндай  оң  ниетті  мақсаттың  қойылуына 

сол шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда бай шикізат қорының болуы 

да өз әссрін тигізді, өлкеде темірдің, көмір-дің, мұнайдың, түсті металдың 

мол қоры бар болатын. Осы қорды игеру мүдделері бүл жерлерде көптеген 

жаңа өндіріс орындары мен қүрылыстарын салуға себеп болды. 

Индустрияландыру  Қазакстан  еңбекшілерінің  өмірлік  мүдделеріне 

қайшы  келген  жоқ.  Оның  дамуы,  біріншіден,  үлттық  жүмысшы  табының 

қалыптасуына, 

екіншіден

жүмысшылардың 

өндірістік-техникалық 

дәрежесін көтеру-ге, үшіншіден, Қазақстанныц өнеркәсіптік деңгейін биік-

тетуге,  сол  арқылы  колік  шаруашылығын,  ауыл  шаруашы-лығьш  және 

басқа  да  салаларды  жаңа  техникалық  негізде  Қаита  қүруға,  сөйтіп 

халықтың  материалдық  жағдайын,  әл-ауқатьш  көтеруге  мүмкіндік  беруге 

тиіс  еді.  Қазақстанның  индустриялық  дамуына  бағыт  үстауьша 

байланысты  бұл  мәселеде  ұлы  державалық  шовинистік  және  жергілкті 

ұлтшылдық  психология  мен  пиғылдардьт  да  бой  көрсеткенін  айта  кету 

керек. Республикада өнер-кәсіпті өркендету саясаты іске аспайды, өйткені 

"артта  қал-ған  көшпелі  халық"  индустрияның  дамуына  шыдай  алмай-ды 

деген  шовинистік  көзқарастар  және  дамудың  феодал-дық  сатысынан 

социализмге  өту  мүмкін  емес,  кешпелі  қазақ  халқының  өз  үлттық 

ерекшелігі  бар,  ал  индустрияландыру  осы  "ұлттық  ерекшелікті"  бүзады 

деген  пайымдаулар  да  айтылды.  Өлкеде  өз  алдына  томаға-түйық, 

шаруашылық қүру "теориясын" үсьшушылар да кездесті. 

Ф.  И.  Голощекин  республикада  индустрияландыру  иде-ясын  қолдай 

отырып,  Қазақстанда  ауыр  өнеркәсіп  салала-рының  орнына,  ауыл 

шаруашылығымен  байланысты  үсақ  және  орта  кәсіпорындарды  дамыту 

жоспарын  үсынды.  Голо-щекиндік  индустрияландырудың  мәнін  тез  арада 

түсінген  қазақтың  алдыңғы  қатарлы  интеллигенция  өкілдері  оған  үзілді-

кесілді  қарсы  шықты.  Олар  республика  болашағына  аса  маңызы  бар  бүл 

мәселеде  өлкелік  партия  комитетінің  қойған  мақсатын  қайта  қарауды 

талап  етгі.  Бүлардың  арасынан,  әсіресе,  Смағүл  Сәдуақасов  Голощекин 

идеясына  ашық  қарсы  шығып,  республикада  шикізат  байлықтарын  қайта 

евдеп  шығаратын  кәсіпорындар  салу  талаптарын  қойды.  Алайда, 


 

60 


Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дүрыс қойған саясатын 

Голощекин  жергілікті  үлтшылдықтың  белгісі  деп  бағалады,  оларды  енді 

қуғынға сала бастады. 

 

Қазақстанда өндіріс күштерін әрге бастыруды, табиғат байлықтарын 



игеруді  тездетуде  Түркістан-Сібір  темір  жолының  маңызы  зор  еді.  1927 

жылдан  басталған  бүл  қүры-лысқа  мемлекет  тарапынан  200  млн.  сом 

қаржы  жүмсалып,  тез  аяқталу  үшін  істелген  шаралардың  нәтижесінде  ол 

ме-різімінен  17  ай  бүрын  1930  жылы  25  сәуірде  іске  қосылды.  Оның 

қүрылысын  жүргізуге  бүл  түста  РКСФР  ХалкомЫ  төрағасының 

орынбасары Т. Рысқүлов, темір жол инже-нері М. Тынышбаев, т. б. елеулі 

үлес  қосты.  Сол  жылдарда  республикада  түсті  металл  ендіру  қарқыны 

едәуір  күшейді-Риддер  полиметаллл,  Қарсақпай  мыс  қорыту  комбинатта-

ры  іске  қосылып,  жаңа  техникамен  жарақтанды.  Кезінде  дүние  жүзіндегі 

өзі  тектес  өнеркәсіп  орындарының  ірісі  ,    Балқаш  мыс  қорыту  зауыты, 

қуаттылығы  жағынан  мізде  бірінші  орынға  шыққан  Шымкент  қорғасын 

зауыі  жүмыс  істей  бастады.  Жезқазған  мыс  қорыту,  Текелі  лиметалл 

комбинаттары,  Өскемен  мырыш  зауыты  салыбастады.  Сейтіп,  соғысқа 

дейінгі  бесжылдықтарда  түсті  металл  кәсіпорындарының  негізгі  ендіріс 

қоры  27  есе  артып,  республика  ірі  онеркәсібі  негізгі  өндіріс  қорының  40 

пайызын қүрады. Қазақстан кемір өнеркәсібінің, әсіресе Карағанды көмір 

алқабының зор маңызы болды. Республика  мүнай  өнеркәсібі  алғашқы үш 

бес  жылдықта  бүкіл  елдегі  мүнай  өнімінің  бестен  бірін  беріп,  Одақта 

үшінші  орынға  шықты.  Сойтіп,  түсті  металл,  мұнай,  көмір  өнеркәсіп 

салалары Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгендігін 

көрсетті.  Сонымен  қатар  химия,  энергетика,  металл  өндеу  сияқты 

өнеркәсіп салалары да өркендей түсті. 

Республикада  –  кен  химия  онеркәсібінің  түңғышы  Ақтөбе  химия 

комбинаты  сальшды.  Ол  кезінде  ел  шығысын-дағы  жоғарғы  сапалы 

тыңайтқыш  ендіретін  бірден-бір,  ал  Одак  бойынша  екінші  кәсіпорын 

болды.  Шымкент  химия-фармацевтік  зауыты,  Арал  сульфат  комбинаты 

іске  қосы-лып,  Теміртау  синтетикалық  каучук  зауыты,  Қаратау  химия 

комбинаты  салына  бастады.  Көптеген  электр  стансала-ры  жүмыс  істеп, 

соғыс  алдында  Ертіс  өзенінің  бойында  Өскемен  су  электр  стансасының 

және Қарағанды жылу электр стансасының қүрылысы жүрді. 

Жеңіл  және  тамақ  онеркәсібінің  көптеген  кәсіпорында-ры  бой  көтерді. 

Олардың  ішінде  қуаты  жағынан  үшінші  орын  алатын  Семей  ет,  Гурьев 

балық  консерві,  Алматы  жеміс  консерві  комбинаттары,  Жамбыл,  Мерке, 

Талдықор-ған қант зауыттары сияқты кәсіпорындар іске қосылды. 

Ауыр  индустрия  кәсіпорындарының  ескілерін  қалпына  келтіру, 

жаңаларын салу және техникалық жағынан қайта Құру осыған сай куатты 

энергетикалық  база  жасауды  та-лап  етті.  Осыған  байланысты  Қарағанды 

ОЭС-і,  Ульба  СЭС-і,  Балқаш  мыс  балқыту  комбинатының,  Шымкент 

қорғасын  зауытының,  Ақтөбе  химкомбинатынын,  Ащысай  полиме-талл 

комбинатының жылу электр стансалары салынды.  Электр қуатын өндіру 

республикада 1913 жылмен салыс-тьірғанда 486 есеге өсті. Соғысқа дейін 

республикада  мыңдаған  шақырым  жаңа  жол  салынды.  600-ден  астам 

өнеркәсіп  орындары  іске  қосылды.  Негізгі өндіріс  қорының 96,4  пайызы, 


 

61 


барлық  жұмысшы  табының  77,5  пайызы  осы  ірі  өнеркәсіп  орында-рында 

жұмыс  істеді.  Бүкіл  өнеркәсіптің  жалпы  өнімі  1913  жылмен 

салыстырғанда  сегіз  еседей  артса,  ірі  өнеркәсіптің  жалпы  өнімі  19,5  есе 

өсті. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында 

да  өз  әсерін  тигізді.  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындары  мен 

техникумдары  халық  шаруашылығы-ның  кадр  жөніндегі  қажетін 

қанағаттандыра  алмады.  Сту-денттер  мен  профессор-оқытушылар 

қүрамында  жергілікті    халыктың  өкілдерінің  саны  баяу  өсті.  1936  ж. 

Қазақтың  мемлекеттік  университетіндегі  42  оқытушының  8  ғана  қазақ 

болды. 


Партиялық-мемлекеттік  қүрылымның  идеологияландырылған  саясаты 

профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян 

келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен 

жазалау  шаралары  20-шы  жылдарда  басталып,  Сталин  елгенге  дейін 

жүргізілді.  Осының  нәтижесінде  30-шы  жылдардың  орта  кезінде  А. 

Байтүрсынов,  С.  Асфендияров,  X.  Досмүхаме-дов,  Т.  Жүргенов,  О. 

Жандосов  және  басқа  аса  көрнекті  қоғам  қайраткерлер,  ғалым, 

педагогтердің өмірі қиылып кетті. 

Жоғары  оқу  орындарының  өмірі  партиялық  және  тап-тык  принциптер 

негізінде  қүрылды.  Сондықтан  универси-тет  пен  институттардьщ  жәие 

техиикумдардың шет елдердің ездері сияқты оқу орындарымен байланысы 

жоқтың  қасын-да  болды.  Көптеген  оқу  бағдарламаларының,  көмекші 

құралдар  мен  окулықтардың  мазмүны  еркін  творчестволық  ойлауды 

қалыптастырмады.  Олардың  мәні  мен  мазмүны  ғылымның,  техника  мен 

технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Кадрлар 

және  студенттер  қүрамын  толықтыруда  пара  алушылыққа,  жершілдікке 

және әлеуметтік әділетсіздіктің басқа түрлеріне жол берілді. 

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 

1.

 



С.Меңдешев, Т.Рысқұлов тарихи тұлға ретінде тарихта алатын орны? 

2.

 



С.Садуақасов, С.Қожанов жеке тұлға ретінде тарихта алатын орны? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

62 


Тақырып  11-12:  20-30  жылдардағы  Қазақстандағы  мәдени  құрылыс 

кезіндегі тарихи тұлғалар 

1.Араб графикасының  негізі қалаушы А.Байтұрсынов 

2.Әдебиет 

пен 


өнер 

қайраткерлері: 

С.Сейфуллин., 

Б.Майлин., 

С.Торайғыров 

3.М.Әуезов шығармашылығы және ұлттық мәдениет 

     Байтұрсынұлы  Ахмет  (1873-1937)  -  қазақтың  ұлы  ағартушысы,  ірі 

ғалым-лингвист,  түріктанушы,  ақын,  аудармашы,  әдебиет  жинаушы  һәм 

зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – 

бұрынғы  Торғай  уезінің  Тосын  болысы  (Қазіргі  Қостанай  облысының 

Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). Батырлықты, билікті салт қылған 

ірі мінезді адамдары көп ортада туып, өскен Ахметтің тәрбиесі мал бағып, 

күйбің  тірлік  кешкен  өзге  қазақы  ортадан  бөлектеу  еді.  Әділетті  жақтау, 

қиянатқа  төзбеу  -  атадан  балаға  қалған  мұра  секілді  қасиет  еді  мұнда. 

Әділеттің  ісін  тізіп,  әріге  бармай-ақ,  беріден  қайырсақ,  әкесі 

Байтұрсынның  параға  сатылып,  аулына  қиянат  жасаған  Торғай  уезінің 

начальнигі,  «кәрі  ояз»  атанған  Яковлевті  сабап,  басын  жаруы  да  сол 

қасиеттің  құдіреті болатын.  Осы  қасиет  Ахметті де  өз ортасынан  суырып 

алып,  күрес  жолына  салды.  Патша  өкіметінің  зұлым  саясатын,  халқына 

жасап отырған көрнеу зорлық-зомбылығын, қорлығын көріп, біліп отырып, 

жан  бағып,  жайына  жүре  алмады.  Бар  оқығаны:  ауылдағы  екі  жылдық, 

Орынбордағы  төрт  жылдық  мұғалімдер  мектептерімен  шектелгеніне 

қарамастан, «өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, 

құлдыққа  көніп,  ұйқы  басқан  қалың  қазақтың  ұлт  намысын  жыртып, 

ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол 

уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш 

болып,  кейбірі  арын  сатып  ұлықтық  іздеп  жүргенде,  Ахмет  қазақ  ұлтына 

жанын аямай қызмет қылды…, халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі 

үшін  бір  басын  бәйгеге  тікті»  (С.  Сейфуллин).  Ол  замана  ағымымен 

кетпей,  өзгелер  құсап  қазақ  халқын  бай,  кедейге  бөлмей,  тұтас  жақсы 

көрді,  намысын  бірдей  жыртты,  арын  бірге  жоқтады. Ол  отаршылықтың 

озбыр саясатына  қарсы халықты  ояту  үшін халықты  ағартудан  басқа  жол 

жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, 

бар  ғұмырын  осы  жолға  арнады.  Қуғын-сүргінге  түсті  -  мұқалмады; 

түрмеге қамалды – жасып, жұқармады. Мұғалім болып, бала оқытып, жас 

ұрпақтың  көзін  ашты;  газет  шығарып,  мақала  жазып,  ұйқыдағы  ұлтын 

оятып,  замана  аңғарын  түсіндірді;  өлең  жазып,  мақсат-мүддесін  танытты, 

түрлі қызмет істеп, үлгі - өнегеге көрсетті, Ол өзі атқарған үлкенді–кішілі 

қызметті де, сабақ берген мектепті де, мақаласы мен өлеңдерін шығарған 

баспа  орындарын  да  –  бәрін-бәрін  халқына  қалтқысыз  қызмет  етудегі  өз 

идеясын,  өз  саясатын  жүзеге  асырудың  құралы  етті.  «Ахаң  ашқан  қазақ 

мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – 

«Қырық  мысал»,  «Маса»;  «Қазақ»  газетінің  қан  жылаған  қазақ  баласына 

істеген  еңбегі,  өнер-білім,  саясат  жолындағы  қажымаған  қайраты,  біз 

ұмытсақ  та,  тарих  ұмытпайтын  істер  болатын»  (М.Әуезов).  Бірақ 

зорлықпен,  күшпен  дегенін  болдырып  үйренген  большевиктер  бұл 

ақиқатты  теріске  шығарып,  оның  есімін  де,  еңбегін  де  тарихтан  өшіруге 


 

63 


тырысып  бақты.  Оны  бар  ғұмырын  адал  қызмет  етуге  арнаған  туған 

халқына  жау  етіп  көрсетіп,  «халық  жауы»  деген  жалалы  жамылғысын 

жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына 

жете  алмады.  Жала  –  бұлт,  шындық  –  күн  екен,  заманы  қайта  туып, 

шындықтың  шұғыласы  өз  нұрын  төкті.  Ұлтын  сүйген  ұлтжанды  Ахаң, 

Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты. 

 

 Тынышбаев Мұхаммеджан (1879-1937) – қоғам қайраткері, қазақтың 



тұңғыш  теміржол  инженері,  тарихшы  ғалым,  ІІ  Мемлекеттік  Думаның 

депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. 

Туған жері – бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы – 

Садыр болысындағы Жыланды тауының етегі, қазіргі Алматы облысының 

Қабанбай ауданы. Оқып, білім алу үшін уез бастығының тізіміне қазақтың 

кедейі түгіл, бай баласының ілуде, біреуі  зорға ілігетін сол бір қиын кезде 

кедей  шаруа  Тынышбайдың  баласының  Верный  қаласындағы  ерлер 

гимназиясының  екі  жылдық  дайындық  класына  алынуы  айтарлықтай 

ерекше  оқиға  еді.  Тағдыры  тартқан  тосын  сыйдың  мәні  «балам  оқып, 

білімді  азамат  болса»  деп  армандаған  әке  тілегімен  үйлесіп  жатқанын 

жанымен  сезінген  он  бір  жасар  Мұхамеджан  алғашқы  күннен  сабағын 

жақсы  оқып,  орыс  тілін  жетік  меңгеруге  күш  салады.  Осындай  ынта-

ықыласына  табиғи  қабілеттілігі  қосылып,  ол  аз  уақыт  ішінде  гимназия 

оқытушыларының назарын өзіне аударады. Жыл сайын кластан класқа І – 

дәрежелі  наградамен  көшіп,  үздік  үлгірім,  өнегелі  тәртібімен 

ұстаздарының ықыласына бөленеді. Гимназияны бітіргенде педагогикалық 

кеңестің  шешімімен  ол  ғылымда,  әсіресе,  математикада  үздік  жетістікке 

жеткені  үшін  Алтын  медальмен  марапатталады.  Гимназияның  Алтын 

медалі мен педагогикалық кеңестің жоғары бағалаған мінездемесі жиырма 

жасар  Мұхамеджанның  Жетісу  әскери  губернаторының  кеңсесіне  тілмаш 

болып  орналасуына  жол  ашады.  Бірақ  оқуға  ынталы  жас  жоғары  білім 

алуға  ұмтылып,  император  Александр  І  атындағы  Петербург  теміржол 

транспорты институтына түсуге тілек білдіреді. Бұл жолы да тағдыр оған 

күле  қарайды.  Өзінің  мұғалімі,  гимназия  директоры  М.В.Вахрушевтің 

көмегімен  қазынадан  360  сом  жылдық  стипендия  алып,  Петербургке 

аттанады.  Мұнда  да  ол  ерен  қабілетімен  ұстаздарын  таңқалдырып, 

институтты үздік бағамен бітіреді. Институттың соңғы курсында жүргенде 

1905  жылғы  төңкеріске  қатысады.  Сол  жылы  өткен  автономистерінің 

съезіне  қатысып,  онда  «Қазақтар  және  қоғамдық  қозғалыс»  деген 

тақырыпта баяндама  жасайды,  өз халқының  мұңын  жеткізіп,  Министрлер 

комитеті  атына  өтініш  жолдайды.  Онда  қазақтарды  басқарудың  басты 

принциптерінің  қазақтардың  мүддесімен  сай  келмейтіндігін  ғылыми 

тұрғыдан  негіздеуге  күш  салады  және  басқарудың  әскери  жүйесінен 

азаматтық  жүйеге  көшуді  талап  етеді.  Жас  саясатшының  бұл  талабының 

атақты «Қарқаралы петициясы» талабымен үндесіп жатуы  - халқым деген 

қазақ азаматтарының әр жерде жүріп, бір мақсатқа қызмет еткенін айқын 

көрсетеді. Жалпы М.Тынышбаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының 

қоғамдық саяси өміріне белсене араласа бастайды, Ресей ІІ-ші Мемлекеттік 

Думасына  Жетісу  облысынан  депутат  болып  сайланады.  Қазақ 

депутаттарының  Дума  трибунасынан  Столыпиннің  аграрлық  саясатын 



 

64 


сынаған  үндері  естіледі,  әсіресе  Бақытжан  Қаратаевтың  жасаған 

баяндамасы үлкен шу тудырды. Мұның аяғы 1907 жылдың 3 маусымдағы 

заң  бойынша  «еркіндікшіл»  Дума  таратылып,  қазақтардың  Мемлекеттік 

Думаға  өз  өкілдерін  сайлау  құқығынан  айырылуымен  тынады. Ақпан 

төңкерісіне  дейін  Мұхамеджан  өзінің  темір  жол  инженері  мамандығы 

бойынша  Орта  Азияда,  Жетісу  облысында  біраз  жыл  қызмет  етеді.  1917 

жылғы Ақпан төңкерісінен өзге қазақ зиялылары сияқты ол да үлкен үміт 

күткен  еді.  Сондықтан  да  ол  бұл  кезде  бел  шеше  қызмет  етіп,  қоғамдық-

саяси  қайраткер  ретінде  тез  танылады.  Сол  жылы  көктемде  Уақытша 

үкіметтің  Түркістан  комитетінің  мүшесі,  сонымен  қатар  осы  үкіметтің 

Жетісу  облысындағы  комиссары  болып  тағайындалады. Алаштың  арысы 

Әлихан  Бөкейхановтың  төңірегіне  топтасқан  ұлттық-демократиялық 

интеллигенция  өкілдерімен  бірге  М.Тынышбаев  та  жалпыұлттық  «Алаш» 

партиясын  құруға  тікелей  араласып,  1917  жылғы  желтоқсан  айында 

жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады, 

«Алаш  автономиясы  аумағындағы  уақытша  жер  пайдалану  туралы 

Ереженің»  жобасын  қабылдауға  қатысады. Осының  алдында  ол 

бүкілтүркістандық  ІV  –  мұсылмандар  съезіне қатысып, онда жарияланған 

Түркістан («Қоқан») автономиясының премьер-министрі болып сайланады. 

Түркістан  автономиясын  Кеңес  өкіметі  күшпен  талқандағаннан  кейін 

М.Тынышбаев  Алашорда  қайраткерлерімен  тізе  біріктіре  отырып,  азамат 

соғысы  жылдарында  қызылдарға  қарсы  күреседі.  Бірақ  одан  күткендей 

нәтиже  болмайтынын  көргеннен  соң,  1920  жылдан  бастап,  Кеңес 

өкіметінің  жағына  шығып,  «буржуазиялық  маман»  ретінде  Ташкентте, 

Қызылордада, Алматыда әр деңгейдегі шаруашылық мекемелерінде еңбек 

етеді.  1926  жылдан  бастап  Тұрар  Рысқұловтың  қолдауымен  Түркістан-

Сібір  жолын  салуға  қатысады. Халыққа  азаттық  әпермек болған істерінен 

нәтиже шықпай, кеше өзі қарсы болған қызылдарға қызмет етуге мәжбүр 

болған  ол  енді  бар  күшін  халықтың  тарихи  санасын  қалыптастыруға 

жұмсап, ғылыми-зерттеу  жұмысымен  айналысады.  Қазақ  халқының  арғы-

бергі  тарихына  қалам  тартып,  бүгінгі  күндері  де  маңызын  жоймаған 

зерттеу  еңбектерін  жариялайды,  қазақ  шежіресін  түзеді. Алайда  қара 

тізімге  алып,  әр  қадамын  қалтқысыз  баққан  қызыл  жендеттер  оған 

халқының  тарихын  жазуға  мүмкіндік  бермей,  қамауға  алып,  Ресейдің 

қаратопырақты  аймағына  (қазіргі  Воронеж  облысы)  бес  жылға  жер 

аударады.  Айдауда  жүрген  кезінде  М.Тынышбаев  Москва-Донбасс  темір 

жолын  жобалау  бөлімінде  жұмыс  істейді.  Содан  кесілген  мерзімін  өтеп 

елге  оралады.  Бірақ  ұзамай,  ол  1937  жылдың  қараша  айында  қайтадан 

тұтқындалып, көп кешікпей атылады. 

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 

1.

 



20-30  жылдардағы  Қазақстандағы  мәдени  құрылыс  кезіндегі  тарихи 

тұлғалардың тарихта алатын орны? 

2.

 

Араб  графикасының    негізі  қалаушы  А.Байтұрсыновтың  тарихта 



алатын орны? 

3.

 



Әдебиет  пен  өнер  қайраткерлері:  С.Сейфуллин.,  Б.Майлин., 

С.Торайғыровтардың жеке тұлға ретінде тарихта алатын орны? 

4.

 

М.Әуезов шығармашылығы және ұлттық мәдениетте қосқан үлесі? 



 

65 


 

Тақырып  13-14:  ХХ  ғасырдың  50-80  жылдарындағы  Қазақстанды 

өркендетудегі тарихи тұлғалар 

1.Қазақстан және оның басшылығындағы тарихи тұлғалар: Ж.Шаяхметов, 

Д.А.Қонаев 

2.Қоғамның  рухани  өміріндегі  жетістіктерді  қалаушы    қайраткерлер  

туралы 

       Қонаев  Дінмұхамед  Ахметұлы (1912-1993 ) -  аса көрнекті  мемлекет  



және  қоғам    қайраткері,  үш  мәрте    Социалистік    Еңбек  Ері,  Қазақ    КСР  

Ғылым    академиясының      академигі,    техника  ғылымының    докторы,  

КСРО шет ел ордендері мен  медальдарының   иегері.  

 

Алматы    қаласында,  қызметкерлердің    отбасында    өмірге      келген.  



Орта  мектепті  бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік  комсомол комитеті 

оны    Москваның      Түсті  металл    алтын    институтына  оқуға    жібереді.  

Институтты      ойдағыдай    бітіріп,    тау  кен  инженері  мамандығын    алған 

Д.Қонаев    Балқаш    мыс  қорыту    комбинатының      Қоңырат    руднигіне   

жұмысқа      орналасып,    онда  бұрғылау    станогының      машинисі,    цех  

бастығы,      руднигтің    бас  инженері      және  оның      директоры      болып 

істейді.  

 

Екінші   дүниежүзілік  соғысының   қиын   күндерінде  ол тылдағы  



жұмысты  ұйымдастыруда   іскерлігімен  көзге түседі. «Алтайполиметалл»  

комбинаты    бас    инженерінің    орынбасары,    Риддер    руднигінің    және  

КСРО  қорғасын  мырыш   өнеркәсібінің  ең ірі  кәсіпорындарының  бірі  

Ленингор   кен  басқармасының   директоры   қызметтерін  атқарады. 1942-

52  жылдары  Қазақ  КСР    Министрлер    Кеңесінің      төрағасының  

орынбасары    болып    қызмет  етеді.  Осында  жүргенде    Қазақстан   

ғалымдары      оған  зор  сенім    көрсетіп,    оны    Қазақ  КСР    Ғылым   

академиясының   академигі  және  оның  президенті   етіп   сайлайды.  Тау 

кен    ісі      саласының      ірі  ғалымы      Д.Қонаев    республика      ғылымының  

дамуы   жолында  зор еңбек   сіңіреді.  Ғылыми  ұйымдық   жұмыстарды   

жақсарту,  ғылыми зерттеулердің  негізгі   салаларын  білікті   кадрлармен  

нығайту  шаралары  оның басшылығымен  жүзеге   асырылады.  

Д.Қонаев    1955-60    және    1962-64  жылдары    Қазақ    КСР    Жоғарғы   

Кеңесінің    төрағасы,    1960-62  және  1964-1986    жылдары    Қазақстан  

коммунистік    партиясының    Орталық      комитетінің    бірінші      хатшысы   

болды.  Ол  Қазақстанның    экономикасы    мен  мәдениетін    өркендету  

жолына      өзінің      білімін,    мол  тәжірибесін    және      ұйымдастырушылық   

қабілетін   аянбай   жұмсай  білді.  

Ол бірнеше  мәрте   КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің    депутаты  болып 

сайланды.  СОКП      ның  19  съезінен    бастап      кейінгі    съездерінің    бәріне   

делегат    болды.  Парламент      және  партия    делегациясын  басқарып, 

әлденеше рет   шетелдерде   болып  қайтты.  1956   жылдан бастап СОКП  

Орталық    комитетінің      мүшесі.    Партияның      23  съезінде  ол  СОКП  

Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросының   мүшелігіне   кандидат,  ал  24  

съезде  мүше    болып  сайланды.  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі      Президиумының  

және  Қазақ  КСР Жоғарғы  Кеңесі  ПРезидиумының  мүшесі болды.  



 

66 


Д.Қонаев    өз  заманының    ұлы  саясаткері    бола  білді.  Ол  билік  

басында    болған    уақыт      қаншалықты      күрделі,    қарама-қайшылықты  

болғанымен,      елдің      экономикасын,  әлеуметтік    саласын,    ғылымын, 

ұлттық  мәдениетін дамыту  ісіне  айтулы  еңбек сіңірді.  Түрлі   деңгейдегі   

партия    және      кеңес      қызметін    атқара    жүріп,    Орталықтың      өктем  

саясатының  ығымен  кете бермей,  ел мүддесін, болашақ   қамын да бір сәт 

естен шығарған жоқ. Алпысыншы   жылдардың   басында  Н.С.Хрущевтің  

озбырлығымен  Өзбестанға   беріліп кеткен  қазақ  жерінің  біраз бөлігін  

қайта  қайтарып  алуы  соның  айқын бір дәлелі еді. 

1986  жылы    СОКП  Орталық    Комитетінің    Бас    Хатшысы    болып 

М.С. Горбачевтің келуіне   байланысты  Д.Қонаев  Қазақстан Компартиясы  

Орталық    Комитетінің  бірінші    хатшылығынан    босатылды.  Орталықтың  

жүргізіп    отырған    әділетсіз    саясатына    қарсы    республика    жастары    өз 

қарсылықтарын      білдіріп    алаңға    шықты.  Бұл  әйгілі    Желтоқсан  

оқиғасына ұласты.  

Дінмұхамед    Ахметұлы  Қонаев    Республика    партия    ұйымын 

басқарған    ширек      ғасырға    жуық  уақыт    ішінде    өзінің    үлкен 

мәдениеттілігімен,  иманжүзді    ізеттілігімен  танылып,    халық    дәстүрін  

жақсы білетін,  тағылымы  терең, ой өресі биік жан  екенін  көрсетті. Кейін  

мемлекет  ісінен  қол үзген   кезде   де ол  білімдар  білікті   жан  ретінде   

елде   жүріп жатқан   реформа   бағыттарын, қоғамды  демократияландыру  

қажет  екенін  терең сезініп,   қолдай білді. 

Өзі  өмір   сүрген    күрделі     уақыттың      адал   перзенті   бола білген   

абзал      азамат    1993    жылғы  тамыздың    22-сінде,      82  жасқа      қараған   

шағында  кенеттен  қайтыс болды.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет