2. Изотониялық немесе физиологиялық - осмостық қысымы қан қысымына тең келетін NaCl ерітіндісі, ол 0,85-0,9% NaCl ерітіндісі 3.Эритроциттер натрий хлоридінің0,85%-тен төмен NaCl ерітіндісіне орналастырылған, себебі бұл гипотониялық ерітінді болып саналады. 5. Тексеру кезінде әйелдің қанына жалпы талдау жасағанда анықталды: эритроциттер - 5,7х1012 / л, гематокрит - 46%.
Сұрақтар:
1. Осы қан көрсеткіштері бойынша науқаста қандай эритроциттер индексін анықтауға болады?
2. Осы эритроциттер индексінің анықтамасын беріңіз.
3. Осы эритроциттер индексінің қалыпты көрсеткіштері.
4. Эритроциттер саны қалыпты көрсеткішке сәйкес келе ма?
Жауаптар: Бұлар арқылы эритроциттің орташа көлемін анықтауға болады.
ЭК-анемияларды(микроциттік, макроциттік, нормоциттік) анықтау үшін қолданылатын эритроциттердің орташа көлемін көрсететін есептік көрсеткіш, ол қалыпты жағдайда 75-95 мкм3 болуы керек.
Ол қалыпты жағдайда 75-95 мкм3 болуы керек.
ЭК= Нrt/Эр. • 10=80мкм3-бұл қалыпты мөлшерге сәйкес келеді.
6. Тексеру кезінде ер адамның жалпы қан анализінде анықталды: гематокрит - 45%, гемоглобин - 145 г/л.
Сұрақтар:
1. Осы қан көрсеткіштері бойынша науқаста қандай эритроциттер индексін анықтауға болады?
2. Осы эритроциттер индексінің анықтамасын беріңіз.
3. Осы эритроциттер индексінің қалыпты көрсеткіштері.
4. Гемоглобин көрсеткіші индексі қалыптыға сәйкес келе ма?
Жауаптар: 1.Науқаста эритроциттегі гемоглобиннің орташа көрсеткішін анықтаймыз. 2.Эритроциттердегі гемоглобиннің орташа концентрациясы –эритроциттің гемоглобинмен қанығу индекаторын айтамыз.Бұл жасушаның гемоглобинмен толтырудың тығыздығын сипаттайды. 3.Қалыпты көрсеткіші 30-38%. 4.Гемоглобин көрсеткіш индексі қалыптыға сәйкес келеді,себебі ЭГК 32% көрсетіп тұр. 7.Гипохромды анемия ауруымен ауыратын 45 жастағы әйелді тексергенде жалпы қан анализінде анықталды: эритроциттер - 3,2х1012 / л, гемоглобин - 50 г/л.
Сұрақтар:
1. Осы қан параметрлері бойынша науқаста қандай эритроциттер индексін анықтауға болады?
2. Осы эритроциттер индексінің анықтамасын беріңіз.
3. Осы эритроциттер индексінің норма көрсеткіштері.
4. Ерлер мен әйелдердегі эритроциттер мен гемоглобин нормаларының көрсеткіштері.