ІІІ- катализдік, мұнда фермент-гуанилатциклаза (ГЦ-аза).
ГЦ-аза келесі реакцияны катализдейді:
ГТФ цГМФ + Н4Р2О7
цГМФ протеинкиназа G-ды активтендіреді.
Активсіз ПК G екі суббірліктен тұрады. Әр қайсысында реттеуші мен катализдік домен бар. 2 цГМФ реттеуші домендермен байланысқанда, ПК G активті күйге айналады.
ПК G диссоцияланбайды.
ПК G кейбір жасуша ішілік нәруыздардың фосфорлануына әкеледі.
Гуанилатциклаза
Мембранамен байланысқан ГЦ-ды жүйенің активаторлары: натрийуретикалық пептид (НУП) пен бактериалды термостабильді эндотоксин.
НУП вазодилатацияның, натрийурез бен диурездің жоғарылауына әкеледі. цГМФтың натрийуретикалық эффектісі катиондық каналдардың ашылуымен байланысты.
НУП ағзада қан көлемі көбейгенде (гиперволемия), жүрекшелерде түзіледі. Ол бүйрекке тасымалданып, бүйрек түтікшелерінің жасушаларында мембранамен байланысқан ГЦ-ды жүйені активтеп, натрий мен судың экскрециясын жоғарылатады. Қан көлемінің азаюына әкеледі.
Қан тамырларының тегіс бұлшық ет жасушаларында да ГЦ-ды жүйе болады, оның әсерінен бұлшық ет босаңсуы іске асады. ГЦ арқылы эндогенді (азот оксиді) және экзогенді вазодилятаторлар да әсер етеді.
Бактериалды эндотоксин ішектің эпителий жасушаларындағы ГЦ-ды жүйені активтеп, ішекке судың сіңірілуін баяулатады және диареяны дамытады.
Цитозольды ГЦ-аза
Бұл фермент 2 суббірліктен тұрады, коферменті - гем.
NО үнемі қан тамырларының қабырғасында түзіліп отырады:
2НАДФН2 2НАДФ
Аргинин цитруллин + NО
2О2 2Н2О
Фермент- NOS (NO-синтаза).
NO ГЦ-ның гемімен әрекеттескенде, цГМФ түзіледі. NO қысқа уақыт (бірнеше секунд) әсер етеді. Бұндай эффектіні ұзағырақ нитроглицерин көрсетеді. Ол ұзақ уақыт NO бөліп отырады.
Сұрақтар
1- І механизм арқылы әсер ететін гормондардың рецепторлары қай жерде орналасады?