Гос 1 ә «Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. Индустрияландыру



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата20.04.2023
өлшемі428,21 Kb.
#84810
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
11-с емтихан жауаптары2022ж

Көші-қон халық санының, ұлттық құрамның өзгеруіне, оның 
облыстар 
бойынша 
бөлінуіне 
әсер 
ететін 
маңызды 
факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, көші-қон 
ауыл мен қала халқының арақатынасын өзгертуде, әлеуметтік-
экономикалық проблемалар мен елдің қауіпсіздігі мәселелерін 
шешуде үлкен рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы 


жылдарында Қазақстанда байырғы қазақ халқының пайызы 
төмен болды. 
Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі 
әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдың ерекшеліктеріне 
сәйкес белсенді көші-қон саясатын жүргізе бастады. 1992 жылғы 
маусымда көші-қон процесін заңнамалық ретке келтірудің 
құқықтық негіздерін қамтитын "Көшіп келу туралы" заң 
қабылданды. 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ел 
аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам еркін жүріп-тұруға, 
сондай-ақ тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға 
құқығы бар. Әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне
сондай-ақ Қазақстанға қайтып оралуына құқығы бар. 
5
6
Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қалалардың пайда болуы 
мен дамуындағы рөлін талдаңыз. 
Ең үлкен керуен жолы б.з. д. II ғасырда, Қытайдан Жерорта 
теңізіне қарай сауда жолдары салынған кезде жұмыс істей 
бастады. Ұлы Жібек жолының бір бөлігі Оңтүстік Қазақстан мен 
Жетісу аумағы арқылы өткен. Ұлы Жібек жолы Жетісудан 
шығысқа қарай, ал Оңтүстік Қазақстаннан Батысқа қарай бет 
алды, сондықтан Қазақстан Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің 
өзара ықпалы мен өзара байыту жолындағы байланыстырушы 
буын болды. 
Ұлы Жібек жолы және Қазақстан халықтар мен елдер 
арасындағы 
сауданы 
жолға 
қоюда, 
мәдениеттердің 
жақындасуында, Қазақстандағы қалаларды дамытуда оның 
аумағы арқылы өткен Ұлы Жібек жолы маңызды рөл атқарды. 
Қазақстан аумағы арқылы өткен Ұлы Жібек Жолы Тараз, Суяб, 
Испиджаб, Отырар, Түркістан, Сауран сияқты бірқатар шағын 
және ірі қалалардың пайда болуына және дамуына ықпал етті. 


5
7
Картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек 
жолының негізгі бағыттарын анықтаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет