4
«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» ҚАЛАЛЫҚ
СЫРТТАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУДІҢ
(бұдан әрі – Педагогикалық сырттай олимпиада СПО)
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ереже
1. Педагогикалық олимпиада мұғалімдердің дарынды балалармен –
педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс жасауға
дайындықтың бір түрі болып табылады.
2. Педагогикалық олимпиада педагогтың жеке шығармашылық кеңістігін
шоғырландыруға, зерттеушілік-ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық
өз ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға
мүмкіндік береді.
3. Осы Ереже ҚР «Білім туралы» заңына, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР
білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, ҚР жаңа
формациялы
педагогтың
үздіксіз
педагогикалық
білім
берудің
Тұжырымдамасына сәйкес жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: