Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата07.04.2017
өлшемі2,28 Mb.
#11304
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35

Әдебиеттер тізімі: 
1.Әдебиеттану – терминдер сӛздігі. –Алматы, «Ана тілі», 1998, - 204 б., 376 б., 97 б., 39 б. 
2.Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –Алматы, «Мектеп», 1964, - 245 б 
3.Махамбет Ӛтемісұлы. Жыр семсер. –Алматы, «Жазушы», 1979, - 124 б 
4.Сүлейменов О. Әр күн – арайлы таң. –Алматы, «Жазушы», 1986, - 369 б 
5.Керімбеков М. Ата-ана тәрбиесі (ырымдар мен тыйымдар). – Тараз, 1992, - 100 б 
6.Керімбеков М. Ата тәрбиесі (Алмастай асыл ойлар). – Түркістан, 1998, - 100 б 
7.Керімбеков М. Кітап – білім бұлағы. – Тараз, 2009,  3 б 
 
Аннотация. В данной статье сказано, что проводятся ежедневные повторные занятия в школах и 
высших учебных заведениях, определенно все должна рассматривается своим чередом. 
Annotation. This article states that conducted repeated daily classes in schools and universities, definitely all 
be considered in due course. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
80 
ӘОЖ 930.26 
       К 62 
 
ТАРИХТА КӚНЕ ТҤРІКТЕР ӘЛЕМІНІҢ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
М. Керімбеков 
Тараз мемлекеттік педагагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Кӛне түріктер жайлы жазылған белгілі ғалым, тарихшы, этнограф Лев Николаевич Гумиловтың 
«Кӛне  түріктер»  атты  зерттеу  еңбегінде:  «Ежелгі  түріктердің  қуатты  мемлекеті-түрік  қағанатының 
туу, даму және құлау жолын зерттеп, тарихи  проблемалардың кең кӛлемді мәселелерін; түріктердің 
саяси ӛміріне, тіліне, тұрмысы мен дініне, мәдениетіне жеке Орталық Азия кӛшпелілерінің екі дәуір – 
ежелгі заман мен орта ғасыр заманы тоғысар кездегі  географиялық қоныс  – ӛзгерістеріне кӛп кӛңіл 
бӛлгені» - кітаптағы түсініктемеден айқын аңғарылады. Автордың ӛз сӛзіне жүгінсек: «Бұл кітап 1935 
жылдың  5  желтоқсанында  басталған  еді.  Содан  бері ол  бірнеше рет  қайта  ӛңделіп,  толықтырылды. 
Алайда  ол  кӛне  түріктер  тарихына  байланысты  мол  материалдың  бәрін  сарқып,  барша 
проблемаларды қамти алмады. Сондықтан да зерттеуді жалғай беру құр тілек қана емес, қажетті де іс 
болып отыр» - [1] деген пікірінде салиқалы терең ой жатыр. Бұл ойды ӛзге ұлттардың бірі түсінсе, 
бірі  түсінбей  аңызға  айналған  кӛне  түріктер  әлемін  ойша  шарлаумен  келеді.  Кітапты  қазақ  тіліне 
аударған аудармашылар Ә.Жұмабаев пен П.Бейсеновтің қажырлы еңбек еткені кӛрініп тұр. Бұл еңбек 
аса құнды да маңызды. 
Профессор Лев Николаевич Гумилевтің «Кӛне түріктер» атты зерттеу еңбегі кӛпшілік оқырман 
қауымға  арналғанмен түрік әлемін зерттеуші  ғалымдарға, кӛне түрік әлемі бойынша жаңалығы мол 
еңбек болып табылады.  
Кіріспедегі  автор  ойлары  кеңестік  ғалымдардың  қабырғасын  қайыстырып,  талайының  тӛбе 
шашын  тік  тұрғызғанмен,  ол  кезеңде  кӛбісі  тайсалып,  темір  торға  түсуден  сақтанып,  түрік  әлемін 
зерттеуден  бойын  аулақ  ұстағаны  белгілі.  Автор  ӛз  басына  тӛнген  қауіптен  де  тайсалмай,  ӛз  ойын 
ашық айтып, алғаш рет тарихи тұрғыда кӛне түрік әлемінің алтын есігін айқара ашады. Тақырыптың 
аса маңызды екеніне кӛзі жеткен автор , ӛз ойын түйіндеп ашық жазады: «... Адамзат тарихы тіпті де 
біркелкі  зерттелмеген.  Европа  мен  Таяу  Шығыстағы  оқиғалар  мен  қоғамдық  формациялар 
алмасуының  жүйелілігі  кӛпке  түсінікті  жанама  еңбектерде,  тіпті  ХІХ  ғасырдың  соңғы  кезінде 
баяндалып,  Үндістан  мен  Қытай  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  сипатталған  болса,  Еуразия  даласының 
ұланғайыр  жері  зерттеушісін  әлі  күтіп  жатыр.  Бұл  әсіресе  Орталық  Азия  далаларында  тамаша  екі 
халық,  ӛз  атын  шығарып  үлгермеген  басқа  халықтар  құрылып  барып,  құрып  кеткен  кезеңге  тарих 
сахнасына  Шыңғысхан шыққанға дейінгі кезеңге жатады»  - деп, автор ӛз ойын кең толғайды. Кӛне 
түріктер әлемін зерттеуші ғалымдардың аздығына қынжылады. Шығыстағы құпиясы кӛп, теңдесі жоқ 
түрік әлемін жаңаша зерттеуді нұсқайды: 
«...  Әлем  тарихының  аясынан  алып  қарасақ,  кӛне  түрік  халқы  мен  оның  ӛзінің,ол  құрған 
мемлекеттің  тарихы:  түріктер  неліктен  пайда  болып,  сосын  тіпті  де  ӛз  жұрағаттары  болып 
табылмайтын  кӛптеген  халықтарға  атын  беріп,  неге  құрып  кетті?  –  деген  сауалға  келіп  тіреледі. 
Осынау  мәселені  тек  саяси  тарихты  немесе  әлеуметтік  қарым-қатынасты  талдау  арқылы  шешу 
жолында талай-талай талпыныстар жасалса да, одан ешбір нәтиже шықпады» - [-1-4-б.] деп, ғалым ӛз 
ойын ашық айтып, ғылыми негізде жорамал жасайды. 
«...  VI  ғасырдың  аяқ  кезінде  Түрік  қағанатының  шекарасы  батыста  Византиямен,  түстікте 
Персиямен, тіпті Үндістанмен,  ал шығыста Қытаймен тұйықталған десек, осы бір елдер тарихының 
қысыл-таяң  жәйіттері,  біз  сӛз  етіп  отырған  кезеңде  түрік  мемлекетінің  тағдырымен  байланысты 
болғаны ӛзінен-ӛзі түсінікті. Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде 
бетбұрыс кезең болды, ӛйткені сол кезге дейін Орта теңіз мәдениеті мен Қиыр шығыс мәдениеті, бір-
бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді. Шетсіз – шексіз далалар мен заңғар таулар 
Шығыс пен Батыстың қарым-қатынасына кедергі жасады. Тек кейінірек барып, Темір үзеңгіні жасау 
және арба орнына теңдеу әбзелдерін ойлап табу керуендердің шӛлдер мен асулардан кӛп қиналмай, 
оңайырақ  ӛтулеріне  жағдай  жасады»  -  [1]  деп,  түркі  әлемін  VI  ғасырдың  аржақ,  бержағымен 
шектеледі.  Ашығын  айтқанда,  бірінші  қағанат  түріктері  (546-658  ж.ж.)  мен  кӛк  түріктер  –  екінші 
қағанат  түріктері  (678-747  ж.ж.)  және  кейінгі  кӛшпелі  Ұйғырлар  хандығы  жайлы  (747-847  ж.ж.) 
деректермен тұйықталады.  
Дегенмен ғалым-тарихшы алыстан болжап, түрік әлемінің ашылмай жатқан құпиясының ӛзіне 
белгілі жағын ғана ашық айтады: «Міне, осындай хал-ахуалға ұшыраған түріктер тек арадағы дәнекер 

 
81 
рӛлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге ӛз мәдениетін де дамытып, оны  Қытай,  Иран,  Византия, 
Үндістан  мәдениетіне  қарсы  қоюға  болады  деп  есептеген.  Осынау  ӛзгеше  дала  мәдениетінің, 
сүйексіңді дәстүрлері (ырымдары мен тыйымдары - К.М.) мен терең тамырлары бартұғын, бірақ, біз 
онымен,  отырықшы  халықтар  мәдениетіне  қарағанда,  болмашы  дәрежеде  ғана  таныспыз.  Мұның 
себебі,  әлбетте,  түріктердің,  басқа  да  кӛшпелі  халықтардың  кӛршілерімен  салыстырғанда,  дарын-
қабілетінің  кемдігінен  емес,  олардың  материалдық  мәдениеті  жәдігерлерінің  –  киіз,  тері,  ағаш  пен 
ұлпан-тастан  гӛрі  нашар  сақталатынында,  міне  сондықтанда  батыс  европалық  ғалымдар  арасында 
кӛшпелілер  «адамзаттың  арам  тамағы»  (Виолле  ле-Дюк)  деген  пікір  пайда  болған.  Қазіргі  таңда 
Оңтүстік  Сібірде,  Монғолия  мен  Орта  Азияда  жүргізіліп  жатқан,  археологиялық  жұмыстар  бұл 
пікірді жылма-жыл жоққа шығарып келеді, енді кӛп ұзамай-ақ кӛне түріктердің кӛркем ӛнері жӛнінде 
әңгіме  қозғайтын  да  күн  туады  әлі»  -  [1-5  б.]  деп,  ғалымның  алдын-ала  болжап  айтқан  пікірі  кӛп 
ұзамай  шындыққа  айналды.  Кӛп  кешікпей  кӛне  түркілердің  Отаны  –  Қазақстан  жерінен  табылған 
«Алтын  киімді  адам»,  әлемді  таңдандырды.  Алтыннан  киім  киген  елдің  тарихы  –  кӛне  түріктен  де 
бұрынғы  халқымыздың  тарихынан  сыр  шертеді.  Кӛне  тарихтың  кӛп  нәрсені  жасырып  жатқанын 
ескертеді.  Тарихты  терең  зерттей  білген  ғалымдар  кӛне  түріктердің  тарихына  қызыға  қарайды. 
Ғұлама ғалым ӛзінің күмәнді ойларын ысырып тастап, түріктер жайлы тарихи кезеңдерге батыл түрде 
шолу жасайды.  
Тарихтың ӛрт-жалынында: «Түрік»  аты ӛшпеді. Қайта ол ӛршіп, Азияның жартысына тарады. 
Араптар Соғдиананың теріскейінен  әрі қарай жатқан қалың жауынгер кӛшпелілерді «Түріктер» деп 
атап  кетті  де,  олар  осынау  атты  шын  кӛңілден  қабылдап  алды,  ӛйткені  оның  әуелгі  иелері  (кӛне 
заманғы ата-бабаларымен) жер бетінен құрып кетпегеннен кейін, дала тұрғындары үшін ержүректік 
пен  батырлықтың  ӛшпес  үлгісіне  айналды.  Жүре  келе  «Түрік»  термині  тағы  бір  құбылып,  тіл 
ұясының тұрақты атауына айналды. Сӛйтіп (ырымдар мен тыйымдар сияқты – К.М.) VI-VII ғ.ғ. Ұлы 
Қағанат  құрамына  ешқашанда  кірмеген  кӛптеген  халықтар  мен  тайпалар  «Түрік»  атанып  кетті. 
Олардың  кейбіреулері,  мәселен,  Түрікпендер,  Османдар,  Әзербайжандар  сияқты,  тіпті  монғол 
тектілерден еместі. Ал, басқалары Якуттардың арғы атасы – Құрықандар, Хакастардың арғы атасы – 
Қырғыздар – Түрік қағанатының хас жауы болды. Үшіншілері кӛне түріктердің ӛздерінен де бұрын 
құрылған еді, олар, мәселен, болқарлар мен шуваштар болатын. Қазіргі кезде «Түрік» терминінің ең 
кӛп таралған лингвистік түсінігінің ӛзінің белгілі бір негізі бар: кӛне түріктер сонау Ғұндар дәуірінде 
кәмелетке  жетіп,  толысып,  ІІІ  –  V  ғ.ғ.  қысылтаяң  қиын  заманда  анабиоз  жағдайында  болған  дала 
мәдениетінің  ізгі  бастауларын  жарқын  дамытып,  ӛмір-тіршіліктің  игілігіне  айналдырды»  -  [1-5  б.] 
деп,  тарихшы-ғалым  «Түрік»  сӛзінің  құпиясын  аша  түсті».  Бұл  ғалымдар  түсінігін  бір  жүйеге 
келтіруге мүмкіндік жасады.  
Екі бӛлімнен құралған «Кӛне түріктер» туралы еңбектің бірінші бӛлімі  «Ұлы Түрік қағанаты» 
(аударған Ә.Жұмабаев) 18 тараудан тұрса, екінші бӛлімі «Кӛк түріктер мен Ұйғырлар немесе екінші 
қағанат  дәуірі»  (аударған  П.Бейсенов)  12  тараудан  тұрады.  Барлығы  отыз  тарауды  қамтыған. 
Л.Н.Гумилевтің  «Кӛне  түріктер»  жайлы  зерттеу  еңбегі  –  теңдесі  жоқ,  қайталанбас  еңбектердің 
қатарынан орын алады. Кітап соңындағы синхронистік,  генеологиялық, ономастикалық кестелердің 
де алатын орны ерекше.  
Шетел  ғалымдарының  түріктер  жайлы  құнды  еңбектері  кітаптағы  пайдаланылған 
әдебиеттермен  нақтыланған.  Бұл  еңбектерді  зерттеп,  жинақтай  отырып,  түрік  мәдениетінің  кӛне 
заманғы даму, жетілу, орнығу заңдылықтарын, жаңалықтарын ашу -ғасырлардан ғасырларға ұласады. 
Кӛне түріктер әлемін зерттеу – ғалымдар үшін оңай шаруа емес. Ауыз әдебиетіндегі деректердің 
археологиялық, фольклорлық деректермен ұштасуы – кӛне түріктер әлемін жарқырата түсетіні анық. 
Түркі  әлемін  жан-жақты  білетін  ғалымдар  –  тілдің  даму  кезеңдерін  салыстыра  отырып 
зерттейді. Кӛне түркі тілі мен әдебиеті, мәдениеті,  әдет-ғұрпы мен дәстүрі, діні, ділі, рәсімдері мен 
ырым-тыйымдары  халықпен  бірге  жасап,  бірге  дамып  келеді.  Осы  жағдайды  жан-жақты  зерттеген 
қазақтың  ғалымдары  да  баршылық.  Атап  айтқанда  кӛне  түріктер  әлемін  зерттеген  академик 
Ә.Қайдаров  пен  профессор  М.Оразовтың  «Түркітанушыға  кіріспе»  оқу  құралдарында  (-Алматы: 
«Қазақ университеті», 1992, - 248-бет) кӛне түркі тілдерінің зерттелуін басты-басты бес тарауға бӛліп 
қарастырады. Ол еңбекте: 
1.
 
Түркі тілдерінің зерттелуі; 
2.
 
Түркі тілдерін салыстырмалы – тарихи тұрғыдан зерттеу; 
3.
 
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері; 
4.
 
Түркі тілдерінің жіктелуі; 
5.
 
Қазіргі түркі тілдері туралы айтылады. 

 
82 
Аталған  тарулар  бойынша  ғалымдар  түркі  тілдерін  салыстырмалы  –  тарихи  зерттеулер 
нәтіижесінде  салыстырмалы  фонетика,  грамматика,  лексика  талаптары  тұрғысында  құнды 
материалдарды  жинақтаған.  Ғалымдар  түркі  тілдерінің  дамуы  мен  қалыптасуындағы  басты-басты 
кезеңдерді  тарихи  дәуірлерді  негізге  алып,  ғылыми  жүйеге  келтірген.  Нақтылап  айтқанда,  түркі 
тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдерін 6 дәуірге бӛліп қарастырады: 
1.
 
Түркі тілдерінің қалыптасуындағы алтай дәуірі (б.з.д. ІІІ ғ.); 
2.
 
Түркі тілдерінің дамуындағы ғұн дәуірі (б.з.д. ІІІ ғ. – б.з.V ғ.); 
3.
 
Түркі тілдерінің дамуындағы кӛне түркі дәуірі (V – Х ғасырлар); 
4.
 
Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуірі (Х – ХV ғасырлар); 
5.
 
Түркі  тілдерінің  дамуындағы  жаңа  дәуір  және  жеке  түркі  тілдерінің  қалыптасуы  (ХV  –  ХХ 
ғасырлар); 
6.
 
Түркі тілдерінің дамуындағы ең жаңа дәуір (ХХ ғасырдан қазіргі кезеңге дейінгі). 
Түркі  тілдерінің  дамуы  мен  қалыптасу  кезеңдерінде  тілдердің  жіктелуі  де  ерекше  кӛзге  түсіп 
отырған. Ғалымдар кӛне түркі тілдерінің жіктелуін басты-басты үш топқа бӛліп қарастырады. 
1.
 
Батыс ғұн тілдері; 
2.
 
Шығыс ғұн тілдері; 
3.
 
Қырғыз – қыпшақ тілдері – деп топтайды.  
Аталған кезеңдер мен топтарда кӛне түркі тілдерінің дамуы жайлы ғылыми түсініктер берілсе, 
қазіргі түркі тілдерін тағы да бес топқа бӛліп қарастырған: 
1.
 
Түркі тілдерінің бұлғар тобы: (чуваш тілі); 
2.
 
Түркі тілдерінің оғыз тобы: (түрік, әзірбайжан, түрікмен, ғағауыз, салар тілі); 
3.
 
Түркі тілдерінің қыпшақ тобы: (қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарайым, қарашай-
шалқар, құмық, қырым-татар тілі); 
4.
 
Түркі  тілдерінің  қарлұқ  тобы:  (ұйғыр,  ӛзбек,  ұйғыр-оғыз  тобы,  яқұт  (саха),  хакас,  тува, 
тофолор, шор, сары ұйғыр тілі); 
5.
 
Түркі тілдерінің қырғыз-қыпшақ тобы: (қырғыз, алтай және басқа түркі тілдері). 
«Түркітануға  кіріспе»  жай  ғана  оқулық  емес,  түркі  тілін  жүйелі  зерттеген,  жаңалығы  мол 
оқулық.  Ғалымдар  Ә.Қайдаров  пен  М.Оразов  «Түркітануға  кіріспе»  оқу  құралының  басты 
мақсатында:  түркі  тілдерінің  зерттелу  тарихынан,  олардың  топтастырылуы,  жіктелуі  жайынан 
мәлімет  беру,  әрбір  түркі  тілінің  ӛзіндік  ерекшеліктерімен  таныстыру,  олардың  бір-бірінен  алыс-
жақындығын ажырата білуді үйретуге кӛп назар аударған.  
Оқу құралының алғы сӛзінде:  
«Қай  халық  болмасын  ӛзінің  тарихын,  әдет-ғұрпын,  әдебиеті  мен  мәдениетін,  тілін,  ӛзінің 
этникалық тарихын жете білуге ерте кезден-ақ қызығатындығы анық. Түркі халықтары, соның ішінде 
қазақ халқы үшін де бұл сезім жат емес. Қазақ халқының ауызша таралып, ұрпақтан-ұрапаққа мирас 
болып  келе  жатқан  шежірелері,  аңыз-әңгімелері,  ырымдары  мен  тыйымдары,  мақал-мәтелдері  т.б. 
жанрлары түркі әлемі айтылған пікірлерді дәлелдей түседі. 
Әр халықтың тарихын, мәдениетін, әдебиетін, тілін, дінін, ділін (менталитетін -  М.К.)жете білу 
оңай  жұмыс  емес.  Тіпті  ғылыми  негіздері  айқын  болмаса  да  шежірелерде  түріктің  ата  тегін  Нұқ 
(с.с.ғ.) пайғамбар мен байланыстыру да кездеседі.  
Қазіргі  ғалымдар  пікірінің  тарихи  шындыққа  жақын  келуі  –  кӛбіне  тілге  тығыз  байланысты 
екендігінде  дау  жоқ.  Ой  түйінін  –  тіл  арқылы  басқаға  жеткізе  білу  –  кӛне  заманнан  келе  жатқан 
қағида. Тіл - тарихтың айнасы.  
Тілді зерттеу арқылы – кӛне түркі тілдерінің даму кезеңдерін жан-жақты білуге болады.  
Қазіргі  таңда  тіл  тарихын  зерттеген  ірі  ғалымдардың  бірі  Мархабат  Томанов  туралы  «Егемен 
Қазақстанда»  (18  ақпан,  2012  ж.)  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  профессоры, 
филология ғылымдарының докторы Анар Салқынбайдың «Тіл тарихын зерттеген кемел ғалым» деген 
тақырыбындағы  мақаласы  жарық  кӛрді.  Онда  Мархабат  Томановтың  кӛп  жылғы  еңбегіне  шолу 
жасаған.  Тілге  байланысты  құнды  да  маңызды  еңбектерімен  қоса  түркі  тарихының  кӛне 
ескерткіштеріне де тоқталған. Әсіресе «Кӛне түркі жазуының (Орхон - Енесей) ескерткіштері» (1963), 
«Махмұд  Қашғари  түркі  тілдерінің  фонетикалық  құрылымы  туралы»  (1971),  «Кӛне  түркі  жазба 
ескерткіштері – қазақ тілі морфологиясының тарихын зерттеудің кӛзі болып табылады» (1977) деген 
еңбектері түркі тілінен сыр шертеді. 
Профессор  Анар  Салқынбай  тіл  ғылымы  туралы:  «Мархабат  Томанов  сондай-ақ,  түркі 
тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасын  жазып,  түркітануға  үлкен  үлес  қосты.  Ежелгі  деректерді 
кешенді  түрде  жан-жақты  салыстыра  зерттеу  арқылы  түркі  тілдерінің  фонетикалық  және 
морфологиялық  құрылысының  басты  ерекшеліктерін  ашып  кӛрсетті.  Түркі  тілдерінің  негізгі 

 
83 
жүйелілік  ерекшеліктерін  анықтап,  оларға  тән  ортақ  белгілерді  кӛрсетіп  берді.  Әлеуметтік, 
экономикалық,  тарихи  ерекшеліктеріне  сәйкес  қазіргі  түркі  халықтарының  тарихи  этногенездік 
тұрғыдан (тектілік жағынан – М.К.) әр диалектіде сӛйлеген тайпалардан құралғанын ескере отырып, 
әдеби  тілді  қалыптастырған  негізгі  арнаны  тауып,  тілдегі  басты  заңдылықтарды  анықтады.  Соңғы 
мың жарым жыл бойында  түркі халықтары басқа  халықтармен жиі қарым-қатынасқа түсіп, ӛте кең 
кӛлемді  мекенді  жайлап,  түркі  тектес  емес  тайпалардың  тілдерін  ассимиляциялап,  түркілік  сипат 
бергенін дәлелдеді» - деген пікірді ашық айтады. 
«Қазақ  тілі  –  түркі  тілдер  тобындағы  біршама  жас  тіл  ретінде    де  таныла  бастағаны  белгілі. 
Оның  дамудың  күрделі  процестерінен  ӛткен  ӛзіндік  грамматикалық  құрылымы,  қалыптасу  тарихы 
бар тіл екеніне қарамастан, Кеңес заманындағы түркітану ғылымының аса білімпазы саналған. Үлкен, 
беделді  ғалым  С.Малов  қазақ  тілін  ең  жас  тілдердің  қатарына  жатқызады.  Қай  кезде  де  беделді 
ғалымдардың  айтқан  пікіріне  қарсы  дау  айтып,  жаңа  кӛзқарас  білдіру  оңай  болмаған  ғой.  Қазақ 
тілінің ӛзге түрік тілдерінің қай-қайсысымен салыстырғанда да, бастау бұлағы – ортақ, даму жолы – 
бір,  сондықтан  оның  кейін  шыққан  жас  тіл  бола  алмайтындығын  терең  ғылыми  пайымдаулармен, 
тарихи  деректермен  дәлелдеген  ғалым  да  М.Томанов  еді.  Ол  С.Маловтың  пікіріне  қосыла  ала 
алмайтынын  жасырмай,  ойын  былайша  тұжырымдайды:  ...»  қазақ  тілінде  ұяңдар  мен  қатаңдардың  
арақатынасы да шамалас, рт, лт, ит тәрізді кӛне дыбыс тіркестері де екі буынды сӛздер құрамында 
сақталған.  Бірақ  бұл  соңғы  ерекшеліктер  қазақ  тілінің  де  пәлендей  жаңа  емес,  оның  қалыптаса 
бастауы да сол кӛне дәуірлерде болғандығына дәлел бола алады» - [3] деген ғалым пікірін профессор 
А.Салқынбай да алға тартады: «Мұндай ойлар кейінгі зерттеушілердің фольклорға қатысты ӛздерінің 
кӛзқарасын  қалыптастыруға  итермелейді,  жетелейді.  Ауызекі  тілде  жасалған  туындылар  да  тіл 
тарихын  анықтауда  ӛзіндік  мәнге  ие  болады.  Ғалымның  (М.Томановтың  –  М.К.)  тіл  тарихына 
қатысты  жазғандары  білім  кӛк  жиегінің  кеңдігін,  арнаулы  білігін  таңытады.Қазақ  тіліндегі  кӛне  не 
орта  түрік  тіліндегі  сӛздер  мен  сӛз  тұлғаларды  ғана  сӛйлетіп  қана  қоймай,  тілдік  деректерді 
ареальдық  бағытта,  алтайстикалық  деңгейде  салыстыра,  жалғастыра  зерттеді»  -  деп  профессор 
М.Томановтың еңбектерін ерекше бағалайды. 
Қазіргі таңда «Кӛне түркі әлемін» танытатын жаңалығы мол, жаңашыл еңбектер баспа бетінде 
біртіндеп  жарық  кӛріп,  оқырмандар  кӛңілінен  шыға  бастады.  Белгілі  ғалым,  сенатор  Әділ 
Ахметовтың  «Еуразия  кілті:  Бесінші  ӛркениет  табалдырғында»  атты  кітабының  алғашқы  тұсау 
кесеріне  арнаған  журналист  Сүлеймен  Маметтің  «Түркі  тарихын  түгендеген»  тақырыбындағы 
мақаласы республикалық «Егемен Қазақстан»  газетінде [4] (18 ақпан, 2012 ж.) жарияланды. Мақала 
авторы  «Түркі  тарихын  түгендеуге  алтын  тұғыр  болған  кітап  туралы  пікір  білдірушілер  қазақ 
ғалымының осы бір жанкешті еңбегін жоғары бағалап, адам санасына, ойлау ауқымына, ерекше әсер 
ететін  жер  бетіндегі  тірлік  –  дыбысты  ғана  емес,  ғарыш  әлеміндегі  құпиялардың  қыр-сырын 
халықтық ұғымдарымен ұштастыра зерттеуге мүмкіндік беретінін,  ең бастысы, алдағы уақытта осы 
еңбектің  бастауына  тарау-тарау  бұлақ  секілді  зерттеулер  жүргізуге  нақты  мағлұматтардың  мол 
екенін,  жастарды  (жас  ғалымдарды  –  М.К.)  соған  тарту  қажеттігін,  нақты  ғылыми  бағдарламалар 
әзірлесе де (Кӛне түрік әлемін терең зерттеу мақсатында – М.К.) еш артықтығы болмайтынын қадап 
айтуында» - түркі тарихын түгендеген, профессор Әділ Ахметовтың еңбегіне ерекше назар аударады. 
Тұсау  кесер  рәсімінде:  «Халықаралық  Түрік  Академиясының  президенті,  профессор  Ш.Ыбраев 
тәуелсіздік  арқасында  АҚШ-тағы  үндістердің  тарихы  мен  мәдениетін  сӛз  етуге  жеткенімізді,  бұл 
түрік  тарихының  бастауы  бола  бастағанын,  осы  тұрғыда  мекендік,  мезгілдік  ӛлшемдер  кеңейіп, 
ғарыштық  ӛлшем  қалыптасып  келе  жатқаны  Ә.Ахметовтың  «Еуразия  кілті:  Бесінші  ӛркениет 
табалдырығында» атты кітабында дәйектеліп отырғанын айтты» - деп тілге тиек етеді.  
Кӛне түркі әлемін зерттеуші ғалымдардың бірі, профессор Дандай Ысқақов «Түркі халықтарына 
ортақ  әдебиет»  тақырыбындағы  мақаласында  («Қазақ  әдебиеті»,  14.10.2011  ж.,  №41)  [6]  «Түркі 
халықтарында  ауыз  әдебиетімен  бірге  жазба  әдебиеті  де  есте  жоқ  ескі  замандардан  (Кӛне 
замандардан  –  М.К.)  бастау  алады.  Біз  күні  кешеге  дейін  әдебиетіміздің  тарихын  Орхон-Енисей 
жазбаларынан (VI ғ.) бастап келсек, соңғы зерттеулер оданда арыда жатқандығына кӛзімізді жеткізіп 
отыр. Қазір тіпті ең алғашқы жазу үлгісі ретінде  еврейлердікі саналып келген шумер жазуларының 
ӛзіне түркілердің қатысы барлығын түрік ғалымдары дәлелдеп отыр. Ал, әлемдік әдебиет тарихының 
бастауында тұрған парсынікі делініп келген «Авестаның» ӛзі (Әзірбайжанның кӛне түрік шығармасы 
– М.К.) түркі топырағында туғандығы дәлелденді»  - деп, мақала авторы түркілік әлемнің құпиясын 
тереңдетіп аша түседі.  
Түбі  бір  түркі  халықтарының  шежірелерінде  Түріктің  түп  атасы  Нұх  (с.с.ғ.)  пайғамбардан 
басталатыны  белгілі.  Әлемге  әйгілі  ғұндар  кӛсемі  Аттила  (Еділ)  туралы  дастанды  бүкіл  Европа 
халықтары,  білсе  де,  біз  оны  әлі  күнге  дейін  зерттей  алмай  келеміз.  Бұл  туралы  «Аттила  –  Еділ» 

 
84 
жайлы  шетелдік  барлық  шығармалар  Қазақстанда  басылып,  сахналарда  қойылуы  қажет»  деген 
тақырыптағы мәжіліс депутаты, белгілі  ғалым Алдан  Смайылдың мақаласы («Егемен Қазақстан»,18 
ақпан, 2012 ж.) [7] қазіргі оқырмандардың назарын бірден аударды.  
Аттила туралы аңыздар мен деректерге сүйенсек, түріктің кӛне тарихы талай сырдың құпиясын 
ашатыны  белгілі  «Әлем  мойындаған  ежелгі  Грек-Рим  ӛркениетінің  терең  тамырлары  үнді-түркі 
замандарда  жатыр.  Батыс  пен  Шығыс  әдебиетінің  білгірі  Ф.Капрулузаде:  «Славян,  фин,  француз, 
герман әдебиетіне эпикалық жанр, поэма жазу дәстүрі «Аттила» дастаны арқылы кӛрінеді»  - дейді. 
Ӛкінішке  қарай  Батыс  та,  Шығыс  та  жетік  біліп  қадірлеген  осы  дастан  ӛзімізге  белгісіз.  Біздің 
дәуірімізге дейінгі VIІ-VІ ғасырларда туған «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», «Кӛк бӛрі», «Оғыз қаған» 
дастандарымен  бірге,  Ұлы  Дала  жағалай  жырлаған  «Аттила»  дастаны  Еуропада  талай  ғасыр  жатқа 
айтылыпты.  Скандинавия  елдерінің  ғажайыбы  «Алып  қолды  Вольтария»  дастаны  соған  еліктеуден 
туған»  - деп мақала авторы Аттила туралы құнды деректерге тоқталады.  
«Эпикалық  дүниеге  осылай  ауызданған  Батыс  келе-келе  Аттиланы  ӛзіне  жырға  қосқан 
Германия  мен  Скандинавия  тарихында  Этцель,  Славян  дүниесінде  Атыл  есімімен  белгілі,  сонау  IV 
ғасырда халықтардың ұлы қоныс аударуына ықпал еткен, атақты Шығыс Рим империясын бас идіріп, 
Еуропада феодалдық қоғамның құрылуына жол ашқан, кәрі құрылықта қуатты Ур-Аргун империясын 
құрған  жарты  әлемде  әскери  демократия  орнатқан  даңқты  қолбасшы  жайлы  дауылдата  жырлаған. 
Немістің  «Нибелунга»,  «Равен  шайқасы»,  «Зейнфрид  батыр  туралы  жыр»,  «Берндік  Дитрих», 
«Хильде  Бранд  туралы  жыр»,  Исландияның  «Эдда»  және  «Волсунга  туралы  саға»,  Норвегияның 
«Тидрек  туралы  саға»,  халық  жырларында  Аттила  тұлғасы  дараланады.  Біз  осы  күнге  дейін  түркі 
әлемі  Еділ  деген  атпен  дәріптейтін,  Еуропа  елі  «Құдайдың  қамшысы»  деп  кӛкке  кӛтерген  дарабоз 
бабамыз бейнеленген сол эпостарды тӛл тілімізде сӛйлете алмай келеміз. Француз театрының атасы, 
әйгілі  ақын  драматург  Пьер  Корнельдің  ӛлеңмен  жазған,  Парижде  1667  жылы  қойылған  «Аттила» 
трагедиясын  республика  сахналарында  жаңғырта  алмай  жүрміз.  Корнельдің  Аттила  жайлы  бұдан 
бұрын  жазған  «Агесилас»  драммасын  рухани  игілігімізге  айналдыра  алған  жоқпыз»  -[7]  деп  ғалым 
Алдан  Смайыл  ӛз  ӛкінішін  ашық  білдіреді.  Мақалада  кӛрсетілген  деректерге  сүйенсек,  кӛне  түркі 
әлемінің біз білмейтін құпиясы әлі күнге дейін ашылмай келе жатқан сырлары бар екені аңғарылады.  
Түркі  әлемінің  тілі  мен  әдебиеті,  мәдениеті  жайлы,  Түрік  Академиясының  президенті, 
филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Шәкір  Ыбраев  «Астана  –  түркі  әлемінің  рухани 
орталығы»  деген  мақаласында  [8]  («Егемен  Қазақстан»,  24  ақпан,  2012ж.)  түрік  әлемі  жайлы  сыр 
шертеді:  «Түркі  әлемі  –  ұшы-қиыры  жоқ  телегей  теңіз  кең  дүние,  шетсіз  ұғым.  Оның  негізі  қай 
ғасырдан  бастау  алатындығын,  қанша  замандарды  басынан  кешкендігін,  бүгінгі  таңда  қандай 
мағынаға ие болатындығын қысқаша қайыру  қиын қалай болғанда да, түркі әлемі дегенде біз бүгін 
адамзат  ӛркениетінің  дамуына  ӛзіндік  қайталанбас  мәдениет  қосқан  байырғы  түркілерді,  олардың 
мұрагерлері  –  бүгінгі  түркі  халықтарын  кӛз  алдымызға  елестетеміз.  Олардың  материалдық  және 
рухани  құндылықтарын  еске  аламыз.  Түркі  әлемі  мәдениеті  ұғымының  ішіне  арғы  түркілердің 
заманынан бастап, күні бүгінге дейін түркі этносы жасаған, жазған, тудырған, салған, құрған қандай 
да бір деректі һәм дерексіз құндылықтарды кіргіземіз» - деп түркі әлемінің болашағына кӛз жүгіртіп, 
ӛткеніне ой жіберіп, ғылыми негізін ашып кӛрсетеді. 
Кӛк түріктің кӛгілдір туын берік  ұстаған, Орта  Азияда теңдесі жоқ елге айналып келе жатқан 
Қазақстан  республикасының  алтын  ордасы, бұрынғы  Ақмола,  Целинград  атанған  Астананың  соңғы 
жиырма  жылда  адам  танымайтындай  ӛзгергенін  әлем  біледі.  Астана  –  елдің  тірегі,  соғып  тұрған 
жүрегі.  Астана  –  түрік  әлемінің  рухани  орталығына  айнала  бастағанына  әлем  халқы  да  таңдана 
қарауда. 
Профессор  Ш.Ыбраевтың салиқалы ой тастаған мақаласы, түркі әлемінің алтын таңы атқанын 
әлемге таныта түседі: «Қазақстан Республикасы деген атаумен шаңырақ кӛтерген жаңа мемлекет, ең 
алдымен, қазақтардың мүддесін қорғап, әлем алдында соның жоғын жоқтайтын елге айналды. Қазақ 
халқы азап  пен азаюды ӛткен ғасырда (ХХ ғасырда  – М.К.) қаншалықты кӛріп келсе, жаңа ғасырда 
(ХХІ ғасырда –  М.К.) табыспен кӛбеюге де  соншалықты кенеледі деп сенеміз» - деп ғұламалық ой 
айтады. ХХІ ғасырда жаңа жетістіктерге жетудің жолдарын нұсқай отырып, түрік әлемінің жарқын 
болашағына  кӛз  жібереді.  Кӛне  түрік  әлемі  жайлы  түйінді  ойлар  айтады:  «Қазақтың  сақталғаны  – 
Қазақстанның сақталғаны. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Қазақстанда ӛмір сүретін қазақ 
болсын, ӛзге ұлт ӛкілі болсын, осы қағидаға берік болып, соның ӛміршеңдігіне қызмет істеуге тиісті. 
Ал қазақ ұлтының табиғатын, болмыс-бітімін, аңсары мен арманын, жан дүниесін түсінбейінше, біз 
оның ертеңін болжай алмаймыз. Осы орайда қазақтың жанын ұғыну үшін кӛне замандағы түркілердің 
тарихын  ой  кӛзімен  зерделеп,  сол  ықылым  заманнан  бері  (Нұқ  (с.с.ғ.)  пайғамбардан  бері  –  М.К.) 
сақталып келе жатқан материалдық және рухани мұраға аса үлкен ыждағатпен қарағанымыз абзал» - 

 
85 
деп  ой  түйеді.  Түрік  әлемін  тереңдеп  зерттеген  ғалым,  бүгінгі  қазақтың  тағдырына  ерекше  мән 
береді:  «Бүгінгі  қазақтың  бойында  осынау  алып  Еуразия  даласында  тағдырдың  жазуымен  сан 
ғасырлар  бойы  Шығыстан  Батысқа,  Батыстан  Шығысқа  үдере  кӛшкен  (кӛшпенді  –  М.К.)  қаншама 
тайпалар  мен  рулар,  ұлттар  мен  халықтардың  қаны  бір  екендігі  мәлім.  Оны,  тіпті  бүгін  дамыған 
генетика  ғылымы  арқылы  да  оп-оңай  дәлелдеуге  болады.  Ол  тайпалар  мен  рулар,  ұлттар  мен 
халықтар  түркі, монғол  немесе  иран,  араб,  славян  т.б.  тектен  болды ма?  Ол  жағы  бӛлек  әңгіме.  Ең 
бастысы,  біз  бүгін  қай  тамырдан  ӛрбісек  те,  кімнің  қанын  бойымызға  сақтасақ  та,  соның  бәрі  -  біз 
үшін тағылым алатын құнды тарих, ӛткен ӛміріміз. Ал кез келген қоғамда, дамыған халықтар баянды 
болашақтың бағытын белгілегенде қашанда тағылымды тарихтан сабақ алып отырған» - [8] деп кӛне 
түрік  әлемінің  тарихи  кезеңдерін  еске  түсіреді.  Парасатты  ғалым  болашаққа  жол  сілтейді.  Ғалым 
ойларының дұрыстығына кӛзің жетеді. 
Ғалым  –  түрік  әлемі  ӛмір  сүрген,  бұрынғы  ғұндар  мен  сақтардың,  қыпшақтың  кең  даласына 
еркін  орналасқан  Қазақстанның  құдіреті  мен  құпиясына  мән  береді.  Ғұлама  ғалым  ӛз  ойын  ашық 
айтады: «Бүгінгі таңда қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты тәуелсіз Қазақстан Республикасы 
әлемдік қауымдастың алдындағы ӛзінің барлық міндеті мен борышын ескере отырып, барған сайын 
түрік  әлемімен  жан-жақты  интеграциялық  жолдарды  іздестіре  бергендігі  орынды.  Бұл  орайда 
әлемдегі  араб,  роман,  герман,  славян,  мәдени,  ғылыми,  ағартушының  мәселелерді  бірлесіп  шешуге 
талпына  бергендігі  жақсы.  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың  сындарлы  да  салиқалы  саясатының  ішінде  түркі  әлемімен  бірігу  идеясының  орны 
бӛлек  екендігі  –  соның  жарқын  айғағы»  -  [8]  деп,  түркі  әлемі  мен  бірігу  арқылы  әлемдік  мәнге  ие 
болудың  бағытын  айқындай  түседі.  Ол  үшін:  «туған  жердің  ұлыларын  мақтан  ете  отырып,  сол 
арқылы ескі құндылықтарды сақтап, жаңа буынды тәрбиелейміз.  
Екіншіден, түркілік мәдениет дегенде, біз түркілерге тән дархан мінез, кеңпейіл меймандостық, 
кӛршімен  тату  тірлік,  отбасы  құндылығы,  ғылым-білімге  құштарлық,  жақсыға  жақын  болу  секілді 
асыл қасиеттерді еске аламыз. Мысалы, еш уақытта түркілер ӛздері барып, біреуге дінін, тілін, салт-
дәстүрін, мәдениетін (ырым, тыйымдарын да – М.К.) күшпен сіңдірген емес. Қайта, керісінше, ӛздері 
сан  ғасырлар  бойы  тектілігін  сақтап  келіп,  қандай  бір  жақсы  жаңалықты  бойларына  қабылдауға 
қарсы болмаған. Соның арқасында бүгінде жойылып кетпей, ХХІ ғасырда жаңаша тыныстап жатыр. 
Біз  –  бүгінгі  түркілер,  соның  ішінде  қазақ  халқы,  байырғы  есте  жоқ  ескі  замандардан  бері 
бабаларымыздан  келе  жатқан  асыл  қасиеттерімізді:  ӛзімізге  тән  мінез  –  құлқымызды,  бай  рухани 
дүниемізді, мәдени құндылықтарымызды (ырымдар мен тыйымдарымызды – М.К.) шашау шығармай 
сақтап,  соларды  жаңа  заманның  талабына  сәйкестендіріп,  кейінгі  ұрпаққа  аманаттап  қалдыруымыз 
керек. Қазақ болып сақталу үшін (Түрік болып қалу үшін – М.К.), ең алдымен түркілік тамырымызды 
ұмытпағанымыз  абзал.  Түркілік  ұлы  рухты  ұрпақ  санасына  сіңіре  бергеніміз  дұрыс»  -  [8]  деген 
талапты таразыға салады. Есте қалмаған ескі замандағы түрік әлемінің құпиясына ой жүгіртеді. Қазақ 
халқының  түбі  бір  түрік  елінен  екенін  әлем  таниды.  Ғалым  пікіріне  сүйенсек,  біздің  тарихымыз 
түркілердің  тарихымен  ӛріліп,  бірігіп  жатқанын  айқындай  түседі.  Түрік  әлемін  түбегейлі  зерттеп 
жүрген ғалымның ой-пікірі түркі әлеміне  еріксіз жетелейді: «Қазіргі Қазақстан  – Батыс пен  Шығыс 
ӛркениеттері  тоғысқан,  екі  әлемдік  үлкен  мәдениеттер  басын  біріктірген  мемлекет.  Қаласақ  та, 
қаламасақ та, тағдырдың жазғаны – осынау алып дала, сонда ӛмір сүретін халық ел мен елді, әдебиет 
пен  мәдениетті  табыстыратын  алтын  кӛпір  іспеттес.  Еліміз  түркілердің,  қала  берді  адамзаттың 
алдындағы үлкен тарихи миссиясы – жаңа заманда жаһандану тудырып отырған кӛп қауіптің алдын 
сейілтуге ӛзінің үлесін қосу. Осы жолда нақты істер, адамзаттық деңгейдегі маңызды шаруалар жаңа 
заманның тағылымды тарихына айналды – [8] деп, түркі әлемінің жетістіктеріне тоқталады. 
Ғалымның  ӛзі  басқарып  отырған  Түркі  академиясы отандық  және  шетелдік  танымал  түрколог 
ғалымдармен  байланыс  орнатып,  сол  арқылы  бірнеше  іргелі  зерттеулердің  ӛмірге  келуіне  жағдай 
туғызғанын  тілге  тиек  етеді.  Атап  айтқанда  :  «Н.Назарбаевтың  еуразиялық,  идеясы  және  түркі 
кеңістігі» , «Түркі әлемінің кӛшбасшылары», «Түркі халықтарының байырғы этникалық тамырлары», 
«Түркі  мұрасы  және  қазіргі  қазақ  әдебиеті»,  «Түркі  фоностилистикасы»,  «Саян-Алтай  түркілерінің 
мәдениеті мен тұрмысының ерекшеліктері», «Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі тарихи орны», 
«Орта  ғасырдағы  түркі  тілдерінің  даму  жолдары»  т.б  зерттеулер  түркі  әлемінің  тарихынан  сыр 
шертеді. 
Шындығында  Астана  –  түркі  әлемінің  рухани  орталығына  айналып  келе  жатқанына  әлем 
халықтарының  назары  ауа  бастады.  Түрік  Академиясының  президенті  Ш.Ыбраевтың:  «Астананың 
дамығаны – Қазақстанның дамығаны. Ал Қазақстанның дамығаны – түркі әлемінің жаңғырғаны. Бұл 
ақиқатты дос та, дұшпан да мойындап жатыр, бүгінде  «2012 жылы  Астана қаласы  – түркі әлемінің 
мәдени астанасы» деп жарияланғаны кӛп жәйтті аңғартады, сондай-ақ бұл саяси маңызы терең шешім 

 
86 
тұтас түрік дүниесінің басын одан әрі біріктіруге ӛз үлесін  қосатыны  сӛзсіз. Түрік Академиясы осы 
ортақ  мақсатқа  қызмет  атқаруға  жұмыла  кірісіп  отыр»  -  [8]  деп  Академияның  соңғы  жылдары 
атқарған жұмыстарына тоқталады. 
Астана мен Түркістан – түрік әлемінің рухани орталығы екенін әлем халықтары біртіндеп танып 
келеді.  Түркістан  –  түрік  әлемінің  туын  кӛтерген  кӛне  шаһардың  бірі.  Түркістан  –  түрік  әлемінің 
рухани және діни негізін қалаған қала. Оның болашағы да зор міндеттерді жүктейді. Түрік әлемінің 
тағылымды тарих сабағы – бәрімізге ортақ. Түрік әлемімен интеграциялық жолдарды іздестіру – тіл , 
дін, діл, әдебиет пен мәдениет бірлестігін қажет етеді. Астанада құрылған Түрік әлемінің Академиясы 
–  түрік  тілдес  халықтардың  тілі  мен  әдебиетін,  діні  мен  мәдениетін,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерін, 
рәсімдері  мен  ырым-тыйымдарын,  кӛне  заманғы  фольклор  жанрларын,  ділін,  рухани  байлығын 
зерттеп,  жинақтап,  дамытатын  орталық  болуға  тиіс.  Академияның  Қазақстан  қалаларында  түрік 
әлемін  зерттеп,  жинақтап,  дамытатын  ғылыми  бӛлімдері  (филиалдары)  болуға  тиіс.  Мақала  авторы 
айтқандай,  онда  :  «Тамыры  тереңге  тартатын,  тағдыры  қилы,  ӛнегесі  мен  мұрасы  бай  түрік  әлемін 
зерттеуде ашылмаған аралдар, шешімін күткен  сауалдар жеткілікті екендігі белгілі. Оның мезгілдік 
шеңберін,  мекендік  кеңістігін  айқындау  ісінде  әліге  дейін  нүкте  қойылмады.  Керісінше  бұл  әлемді 
қазған сайын (Түрік әлемін – М.К.), бұл дүниені зерттеген сайын оның тылсымы адамзат баласын таң 
қалдырып жатыр. Қазақтар – айбынды түркілердің заңды мұрагері, (қара шаңырағы – М.К.)солардан 
қалған  қандай  да  бір  мәдени,  рухани,  материалдық  құндылықтарға  иелік  етуге  құқығы  бір  халық. 
Сонымен қатар, қара шаңырақта қалған қазақтар – түркілердің ӛсиет еткен асыл аманатын орындауға 
тиісті  қауым»  -  деп  түркі  әлемінің  келелі  істеріне  бағыттап,  міндеттерді  жүктейді.  Бұл  міндеттер 
баршамызға  ортақ.  Түрік  әлемін  зерттеу,  жинақтау,  дамыту  –  жас  ұрпақтардың  елдігін  сақтайды, 
бірлігін  нығайтады.  «2012  жылы  Астана  қаласы  –  түркі  әлемінің  мәдени  астанасы»  -  [8]  деп 
жарияланғаны қуанарлық шара екенін әлемде танып келеді. 
Әлем  халықтарына  Астана,  Алматы,  Тараз,  Шымкент,  Түркістан,  Қызылорда  т.б. 
қалаларымыздың  түркі  әлемінен  алатын  орнын  айқындау  –  баршамызға  ортақ  міндет  болуға  тиіс. 
Қазақстан  аймағындағы  қала,  облыс,  аудан  аймақтарында  түркі  әлемін  дәріптеудің  жолдарын 
қарастырып,  мектептер  мен  жоғары  және  арнаулы  оқу  орындарында  жас  ұрпаққа  жан-жақты 
түсініктер берілсе, жастардың түркілік ақыл-ойы, ділі (менталитеті) дами түседі, түркілік сана-сезімі 
қалыптасады. 
Тарихтағы  кӛне  түріктер  әлемінің  тілі  мен  әдебиеті,  мәдениеті,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлері, 
рәсімдері,  шығу  тегі  (генезисі),  шежіресі,  діні  мен  ділі,  ырымдары  мен  тыйымдары,  мақал-мәтел, 
жұмбақ,  жаңылтпаш,  аңыз-әңгімелер  мен  эпостық  жырларының  ғасырлар  бойы  қордаланып, 
жинақталмай жатқаны ӛкінішті-ақ. Амал не, ел болып  Егемендігімізді  алғанымызға 20 жылдан  асса 
да,  рухани  байлығымызды  жан-жақты  жинауға  шама  келмей,  әлі  күнге  дейін  етек,  жеңімізді  жиа 
алмай келеміз. Кеңестің қасіретті заманы артта қалса да, кӛне түріктің рухани байлығын жан-жақты 
зерттеу  назардан  тыс  қалуда.  Шығармашылықпен  айналысатын  ақын-жазушылар  мен  ғалымдарға, 
зерттеушілерге  жан-жақты  қамқорлық  жасалуға  тиіс.  Қазіргі  таңда  «Кӛне  түрік  әлемін»  зерттеу  – 
басты  мақсат  болуға  тиіс.  Сонда  ғана  біз  ӛркениетті  елге  теңеле  аламыз.  Бабаларымыз  мұра  етіп 
қалдырған асыл қазынаны жинақтап, зерделеп болашақ ұрпаққа жеткізе білсек, ӛшкеніміз жарқырап 
елге  танылады.  Алтын  қазына  жер  қойнауында  жатса,  рухани  асыл  қазына  ел  қойнауында  жатыр. 
Қолда  бар  рухани  қазынаны  елге  жеткізу  -  ердің  ісі.  Ел  –  ерін  сыйласа,  ер  де  –  елін  сыйлайды, 
құрметтейді, дәріптейді. Елдің туын – ері ұстайды, елі қоштайды. Елге – ер қадірлі, ер – елге қадірлі. 
Кӛне  түрік  әлемін  жан-жақты  зерттеу  ісіне  басты  назар  аударсақ  тіліміз  де,  дініміз  де,  діліміз  де 
(менталитетіміз  де),  әдебиетіміз  бен  мәдениетіміз  де  мәңгі  сақталынып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жетеді. 
Кӛне түрік әлемін зерттеу, жинақтау әлем ғалымдарының да назарынан тыс қалмауға тиіс. Қазақстан 
– түрік тілдес халықтардың мәңгілік Отаны, Астанасы болуға тиіс. 
                                          

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет