Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет17/25
Дата06.02.2017
өлшемі2,43 Mb.
#3539
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

 «Түркістан  ӛлкесінен  шыққан  мерзімді  басылымдарда»  осы  ӛлкеде  жарық  кӛрген 
басылымдардың  тарихы  туралы  айтылып,  олардың  қазақ  қоғамында  атқарған  қызметіне 
тоқталады.  «Түркістан  уәлаятының  газеті»,  «Туркестанские  ведомости»  және  басқа  да 
басылымдарға жан-жақты ғылыми тұрғыдан баға беріледі.  «Түркістан уәлаятының газеті»  - 
қазақ тілінде жарық кӛрген тұңғыш газеттердің бірі. 1870-1882 жылдар аралығында Ташкент 
қаласында  шыққан.  Бұл  газет  тек  қазақ  тілінде  ғана  емес,  жалпы  Ресей  империясының  қол 
астындағы  барша  түркі  халықтары  тілінде  шыққан  алғашқы  мерзімді  басылымдардың  бірі 
болды.  «Түркістан  уәлаятының  газеті»  белгілі  мақсатта  патша  үкіметінің  шешімі  бойынша 
жергілікті  әкімшіліктің  бақылауымен  және  қаржыландыруымен  шыққан  ресми  газет.  Оның 
пайда  болуының  және  мерзімді  басылым  ретінде  қалыптасуының  негізгі  объективті 
алғышарты  қазақ  жерін,  Қазақ  елін  отарлаудың  одан  әрі  күшеюі  болды.    Газет  патшаның 
отаршылдық  саясатына  кӛмектесті,  Ресейге  жаңадан  қосылған  ӛлкенің  табиғат  байлығын 
орыс капиталының талабына сай жан-жақты зерттеу мақсатында 12 жыл бойы шығып тұрды. 
Сонымен  қатар,  газет  бұқараның  санасын  уландыру,  жергілікті  мұсылман  халықтарын 
ӛздерінің  дінінен,  тілінен,  ділінен  айыру,  түптеп  келгенде  орыстандыру  мақсатында  да 
пайдаланылды.  «Түркістан  уәлаятының  газетінің»  алғашқы  редакторы  шығыстанушы  – 
ғалым  Ш.М.  Ибрагимов  болды.  Газет  алғашында  «Туркестанские  ведомости»  газетінің 

 
126 
 
қосымшасы ретінде айына тӛрт рет, екі саны қазақша, екі саны ӛзбекше, 200-250 таралыммен 
шығып тұрды. [2] 
 «Ӛлкеде алғашқы кітап басу ісі» мәселесі, ӛлкедегі баспаханалар мен олардың қызметі, 
басылып  шыққан  кітаптардың  авторлары  жайында  мәліметтерді  қарастырып  отырды.  1888 
жылдың  соңында  Ташкентте  С.А.Порцевтың  типографиясы  құрылды.    Алғашқы  баспа 
бетінен  шыққан  кітаптар  орыс  ғалымдарының  Түркістан  ӛлкесінінің  табиғат  жағдайы  мен 
байлықтарын,  экономикасы  мен  ӛндіріс  қуатын,  жергілікті  халықтың  әдет-ғұрыпын 
зерттеген еңбектері болды.Осының нәтижесінде ӛлкеде кӛптеп  жеке және ӛз бетінше жұмыс 
істейтін типографиялар ашылды. Литографиялық басылымдар қоғамның даму талаптары мен 
күнделікті саяси жағдайларға, ағарту саласы мен мәдениеттің дамуына лайықты жауап бере 
алмайтындықтан,  мерзімдік  баспасӛз  басылымының  қажеттігі  туды.  ХIХ  ғасырдың  соңына 
қарай  Орталық  Азия  қалаларында  кӛптеп  жеке  меншік  типографиялар  ашыла  бастады.  Бұл 
типографияларда жеке меншік газеттер мен жеке авторлардың кітаптары басылып тұрды. 
«Түркістан  ӛлкесіндегі  ұлттық  баспасӛз  дамуының  проблемалары»  «Қазақ  тілінде 
шыққан алғашқы басылымдар», «Ұлттық басылымдардағы оқу-ағарту мәселесі» және «Қазақ 
зиялыларының  баспасӛздегі  мақалаларының  деректік  құндылығы»  деген  үш  мәселені 
қарастырды.  «Қазақ  тілінде  шыққан  алғашқы  басылымдар»  ӛлкеде  болып  жатқан  саяси  –
экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  тағы  басқа  сипаттағы  үрдістер  қазақ  тілінде  шыққан 
алғашқы басылымдар бетінде белгілі бір дәрежеде бейнеленіп отырды. Қазақ тілінде шығып 
тұрған  алғашқы  басылымдар  кезеңі  қазақ  халқының  тарихында  оларды  толық  және 
түпкілікті  отарлау  мақсатында  жүргізілген  кең  кӛлемді  шаралардың  басталуымен 
ерекшеленеді.  
Кеңестік Түркістанда  «Ақ  жол»,  «Жаңа ӛріс»  газеттері  саяси  –қоғамдық  ӛмірде елеулі 
рӛл  атқарды.  "Ақ  жол"  газетінің  ерекше  кӛңіл  бӛліп,  жан-жақты  проблема  кӛтерген 
мәселелері  шаруалар  жағдайы  болды.  «Ақ  жол»  газетінде  басылған  тарихи,  саяси,  мәдени 
мәселелердің  деректемелік  құндылығы  ӛз  мәнін  әлі  де  жойған  жоқ.  Аталған  бӛлімде 
«Шолпан»,  «Сана»  журналдары  да  аталып  ӛтеді,  ол  журналдардың  қазақ  баспасӛзінде 
алатын  ӛзіндік  орнына  тоқтала  келіп,  сол  дәуірдің  айнасы  іспетті  болған  журналдарға  ӛз 
бетінше сипаттама беріледі. [1] 
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы ресейдің толықтай билеп 
алуына  байланысты  Қазақстанның  Ташкент,  Орынбор,  Омбы,  Орал  сияқты  кейбір  ірі 
қалаларында  патша  ӛкіметінің  жергілікті  әкімшілік  орындарының  жеке  ресми  органдары 
ретінде  жергілікті  ұлт  тіліндегі  алғашқы    газеттер  шыға  бастады.  Әрине,  бұл  басылымдар 
қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-
ағарту  тілектерін  ескергендіктен  шығарылған  жоқ,  керісінше  патша  үкіметінің  отарлау 
саясатын  күшейте  түсті,  оның  бұйрық-жарлықтарын  жергілікті  халықтың  ана  тілінде 
жариялап, сӛзсіз орындату, сондай-ақ оның ресми кӛзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен 
таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылады. 
Алайда, патшалық Ресейдің осындай жымысқы саясатына қарамастан, Қазақстанда ұлт 
тіліндегі  ӛз  баспасӛзінің  тууы  халықтың  санасын  оятып,  мол  рухани  байлыққа  ие  болуына 
елеулі түрде әсер етіп отырғаны да бізге белгілі. Оны мынадай мысалдардан айқын байқауға 
болады.  Мәселен,  қазақ  баспасӛзінің  тұңғышы  «Түркістан  уәлаятының  газеті»  екендігі 
белгілі. Ол сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 
1870  жылдың  28  сәуірінен  бастап,  орыс  тілінде  шығатын  «Туркестанские  ведомости» 
газетіне  қосымша  ретінде  айына  тӛрт  рет  (екі  саны  ӛзбекше,  екі  саны  қазақша)  шығарыла 
бастады. Газеттің редакторы – ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын 
соққан,  орыс  және  Шығыстың  кӛп  тілдерінде  еркін  сӛйлеген,  генерал-губернатордың 
тілмашы  болған  ізгі  ниетті  азамат  Шахмардан  Мирасұлы  Ибрагимов  еді.    Ол  кісіні  қанша 
мақтасақ та  артық етпейтінін айта кеткен жӛн болар. Ал, бұл  басылымның аудармашы, әрі 
әдеби қызметкері  болып Хасен Жанышев, Заманбек Шайхы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтер 
жұмыс істеді. Ол азаматтардың да ӛз қызметтерін ӛте жақсы істей білгенін білеміз. Ӛз халқы 
мен елі үшін ерінбей еңбек етіп, ӛз елінің мәртебесін одан әрі кӛтере білді. [4] 

 
127 
 
 «Ұлттық  басылымдардағы  оқу-ағарту  мәселесі»  жоғарыдағы  айтылған  газет, 
журналдардың еңбекшілерді ӛнер-білімге шақыруы-халқымыз мәдениетіне қосылған игілікті 
қадамдардың  бірі  екені  анық.  Мұнда  олардың  сауатсыздықты  жою  мен  бала  тәрбиесін  бір-
бірімен байланысты түрде насихаттағаны айтылады. Мұның жұртшылықты оқу-ағарту ісіне 
жұмылдыруда тиімді  әрі  әсерлі әдіс болғанына дәлелді  түрде кӛрсетіледі.  Жаңа бағыттағы 
мектеп  ашу  адамзат  мәдениетінің  босағасын  ғана  аттау  екенін,  ӛнер білімді  жұрт  қатарына 
теңелу үшін сол мектептердегі оқыту әдісін жетілдіре беру аса маңызды міндет саналатынын 
түсіндіруді газет ӛзіне үлкен мақсат тұтты. Бұл тұста қазақ мектептерінде ана тілінде оқыту 
жайына  тоқталып,  орыс  тілін  оқыту  методикасының  тәжірибесін  үлгі  етіп  ұсынды.  Орыс 
педагогикасының  озық  әдістері,  қазақ  тіліне  аударылып,  оны  ұлт  мектептерінде  пайдалану 
жолдарымен  таныстырғаны  айтылады.  Журнал  мен  газеттер  саяси-әлеуметтік  мәселелерді 
қамтып жазумен қатар, ғылымның түрлі  салаларына да қатысты пайдалы материалдарға да 
жол  ашып  отырды.  Бұл  баспасӛздегі  мақалалардың  ғылыми  ой-пікірі  мен  оның  қойылу 
шамасы - олардың мәдени, ғылыми дәрежесін анықтай түсетін мағлұматтар екені анық. 
«Қазақ  зиялыларының  баспасӛздегі  мақалаларының  деректік  құндылығы»  қазақ 
зиялылардың  авторлық  мақалаларда  әр  түрлі  материалдар  талданып  кӛрсетіледі,  осының 
негізінде  қорытынды  жасалып,  баға  беріледі,  тек  ғана  жақсы  жақтар  ғана  емес,  сонымен 
қатар жағымсыз құбылыстар, қиындықтар, жетіспеушіліктер ашылады. А.Байтұрсынов 1913 
жылы  «Қазақ»  газетінің  бірінші  нӛміріндегі  оқырмандарға  арнау  сӛзінде  баспасӛздің 
қажеттілігі  туралы  былай  айтып  ӛткен  болатын:  Әуелі,  газета-  халықтың  кӛзі,  құлағы,  һәм 
тілі... деп газет-журналдар туралы ӛз пікірін білдірген болатын. 
1920-30  жылдарда  мерзімді  басылымның  авторлары  нақты  пікірлерін  білдіріп,  ағарту 
мәселесін  кең  талдады.  Алғашқы  кезең  -  демократияшыл  қазақ  зиялы  қауымының  қызмет 
еткен  тұсы    1923-30-  жылдар  аралығы  болып  табылады.  Журнал-газет  мақалаларының 
тарихи  дерек  құндылығы  сынды,  олар  дәл  сол  уақытта  жазылғандықтан  қоғам  ӛмірін, 
жетістіктер  мен  кемшіліктердің  толық  ашып  кӛрсетеді.  Олардың  негізгі  ұстаған  мақсаты 
мерзімді басылым арқылы халыққа, оның ішінде әсіресе жастарды тәрбиелеуге назар аудару 
еді. Кӛптеген қазақ зиялылары тек қана  ағарту  және ғылым саласымен айналысуға  мәжбүр 
болды.  Басқа  салаларға  қарағанда  оларға  жол  жабылған  еді.  Ағарту  туралы  мақалаларды 
оқып отырсақ кейбір мақалалардың аты мен мазмұны басқа болып шығады. Бұдан мынандай 
қорытынды  шығаруға  болады,  қудалау  басталған  соң  қазақ  зиялылары  ағарту  және  ғылым 
туралы мақалаларға күдік түспеген соң, ӛз пікірлерін осы тұрғыдағы мақалалар мазмұнында 
елеусіз беріп отырды. [4] 
Соңғы  жылдары  еліміздің  тәуелсіздік  алып,  ӛз  тарихын  обьективті  жазуға  мүмкіндік 
тууына  байланысты  ұлттық  деректерге,  оның  ішінде  қазақ  тіліндегі  басылымдарға  деген 
жаппай  қызығушылық  оларды  ел  тарихының  дерегі  ретінде  ғылыми  айналымға  молынан 
тарату,  қазақ  баспасӛзін  ӛзіндік  ерекшеліктері  бар  тарихи  дерек  кӛзі  ретінде  кешенді 
талдаудың  қажеттілігін  күннен-күнге  арттырып  отыр.  Газет,  журнал  ӛзі  ӛмір  сүрген 
қоғамның  мәдени  дәрежесін  кӛрсететін  идеологиялық  құрал  десек,  сонымен  қатар  қазақ 
тілінде  шыққан  газеттердің  кейбірі  патша  үкіметі  тарапынан  шығып,  оның 
заңдарын,әкімшілік  істерін  қазақ  бұқарасына  жеткізу  мақсатымен  шығарылса  да,патша 
үкіметінің ықпалына қарамастан оларда ғылыми прогрестік мәні бар мақалалар, халық ауыз 
әдебиет нұсқалары басылып отырған. Түркістан республикасындағы қазақтардың 1920-1925 
жылдар  шамасындағы  ғылыми  ой-пікірінің  даму  сатысын  Оңтүстік  Қазақстанның 
баспасӛздері де ӛз әлінше кӛмек кӛрсетуге тырысады. 
 Мәдениетті  елдердің  ғылым,  техниканы  дамытумен  бірге,  ӛз  халқының  арғы  бергі 
тарихын зерттеуге де ерекше мән беретіні мәлім. Әңгіме болып отырған баспасӛздерде осы 
мақсатта қазақ, қырғыздағы басқа да түркі тілдес жұрттардың ежелгі тарихына байланысты 
деректерге, архив материалдарына кӛп кӛңіл бӛлінеді. Мұнда әсіресе қазақ халқының пайда 
болу,  қалыптасу  кездерін  сӛз  ететін  ғылыми  мақалалар  «Шолпан»,  «Сана»  журналдарында 
іргелі қозғалуы ғылым үшін пайдалы іс екенін мойындауымыз қажет. [2] 

 
128 
 
 Жастар  мен  шәкірттерді  мектеп  негізінде  тәрбиелеу  мәселесін  сӛз  етуі  -  бұл 
баспасӛздер беделін кӛтерген маңызды іс болғаны бәрімізге мәлім. Сауатсыздықты жою мен 
бастауыш  мектеп  кӛлемінде  білім  алуға  шақыру,  ӛнер-білімнің  пайдасын  болашақ  қоғам 
кӛзімен ӛлшеп түсіндіру-газет, журналдар атқарған оқу-ағарту бағытындағы игі шаралар еді. 
Бұл  тақырыптарға  Ғ.Мұратбаев,  О.Тұрманжанов,  Б.Кенжебаев,  Ж.Арыстанов,  С.Есова, 
Б.Сүлейовтер  қалам  тартып,әрқашан  ӛз  пікірлерін  білдіріп,қатысып  отырды.  Сонымен, 
қорытар  болсам  «Ақжол»,  «Шолпан»,  «Сана»,  «Тілші»  тағы  да  басқа  газет  журналдар 
Түркістан үкіметінің қолданған шараларын қазақ халқына жеткізіп отырған бірден-бір газет-
журналдардың  бірі  болды.    (Ауыл  газеті  1923  ж  20  желтоқсан)  осыған  байланысты 
мәдениетіміз  бен  қоғамдық  ой-пікірімізді  одан  әрі  дамытуға  қызмет  етті.Осының 
нәтижесінде қазақ тілі жаңғырып, ӛз елінің дамуына  және кӛркеюіне  үлкен үлес қоса білді. 
Болашақта  қазақ  баспасӛзі  мен  қазақ  тілінде  шығарылатын  газет-журналдардарын 
кӛбейтіп,ана  тілімізді  одан  әрі  дамытатынына  сенімдімін.  Ендеше  кӛк  байрағы  желбіреген, 
бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы жарасқан елімнің қазақ тілі 
одан әрі кӛркейе берсін.  
_________________ 
1.Қ.Атабаев. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері.Алматы. 
2.Х.Бекхожин Қазақ баспасӛзінің даму тарихы Алматы.1961ж 
3.Қазақстан тарихы кӛне заманнан бүгінге дейін бес томдық. Т.3. 
4.Кенжебаев Б. Қазақ баспасӛзінің тарихынан мәліметтер Алматы.1956ж . 
 
Аннотация.     В статье рассматривается   первых издании  в регионе Туркестана  и их 
проблемы  развития
Annotation.  This  article  was  first  published  in  rassmatryvaetsya  Turkestan  region  and  their 
development problems. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
129 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаратылыстану 
ғылымдары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
130 
 
Г.Ж.Баймырзаева, Т.У.Нартаева 
 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУ  
 
ӘӚЖ  378:004 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы 
«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты 
жолдауында:  «Тұрғындардың  компьютерлік  сауаттылығын,  соның  ішінде  әр  түрлі 
ынталандырушы  бағдарламалардың  есебінен  де  кӛтеру  қажет.  Мен  қазақстандықтарды 
ақпараттық  технологияларды  белсендірек  игеруге  шақырамын»  деп,  қазіргі  таңдағы  білім 
беру  жүйесі  жаңа  педагогикалық  технологиялар  мен  ақпараттық  құралдардың  кеңінен 
қолданылуын  қажет  ететінін  атап  кӛрсеткен  [1].  Демек,  оқу-тәрбие  үдерісінде  жаңа 
ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. 
Елімізде  болып  жатқан  ӛзгерістер  білім  жүйесіне  де  әсерін  беріп  отыр.  Ел  басшысы 
«Жаңа  әлемдегі  –  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында,  бастауыш  және 
орта  білім  беру,  сондай-ақ  мамандарды  қайта  даярлау  жүйесін  әлемдік  стандарттарға 
жақындату  қажеттілігін  айтып,  «Біз  бүкіл  еліміз  бойынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде 
сапалы білім беру қызметін кӛрсетуге қол жеткізуіміз керек»  - деді. Бұл міндеттерді жүзеге 
асыру  үшін  Елбасы  оқытудың  әр  білім  алушының  білім  мен  қабілет  деңгейінің  тиімділігін 
бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде 
оқу  теледидарын  құру;  оқу  жоспарларына  жаратылыстану  ғылымдар  бойынша,  бірінші 
кезекте,  математика  мен  ақпараттанудан  қосымша  сағаттар  немесе  пәндер  енгізу  керек 
екендігін атап кӛрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, 
пайым-парасаты  мол,  ӛрелі  жастар  болуы  керек.  Ол  үшін  білім,  ғылым  және  ӛндіріс 
үрдістерінің  ӛзара  байланысын  қамтамасыз  ететіндей  білім  саласын  ғылыми  -  әдістемелік 
тұрғыдан  дамыту  керек.  Бүгінде  жаһандану  заманында  жас  ұрпаққа  әлемдік  стандартқа 
сәйкес  білім  беру  мәселесі  республикамызда  ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  ізденіспен 
әлемдік  жинақталған  тәжірибеге,  отандық  қол  жеткен  табыстарды  саралай  отырып,  ұлттық 
ерекшеліктерді  ескере,  оқыту  мен  тәрбелеуді  жаңаша  ұйымдастыруымен  кӛкейкесті  мәселе 
болып отыр. 
Қазіргі  орта  мектеп  орынында  оқытудың  белгілі  бір  әдістемелік  дәстүрлері 
қалыптасуына  қарамастан,  оқытудың  жаңаша  әдістерін  іздестіру,  оқушылардың  ойлау 
қабілетін дамыту жолдарын, ӛздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара 
білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр.  
Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа еңбек етіп, ӛмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары
мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға 
жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. 
Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  ӛз  пәнінің  терең  білгірі  болуы  емес,  тарихи  танымның 
педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық 
сауаттылық талап етілуде. 
Білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім,  білік, 
дағдының  кӛлемі  күннен  -  күнге  артып,  мазмұны  ӛзгеріп  отыр.  Оның  басты  сипаттарына-
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  кеңінен  пайдалану  адамдардың  кӛптеген 
қызмет  түрлерін  компьютерлендіру,  комуникациялардың  біріңғай  халықаралық  жүйелерін 
жасау істері жатады. 
Қазіргі  кезеңде  дербес  компьютерлердің  ғылымда,  техникада,  экономикада  тіпті 
ӛндірістің кез келген саласында кеңінен қолданыла бастауымен оның маңызы туралы айтып, 
ешкімді  таң  қалдыра  алмайсың.  Бұл  салада  тек  білікті  мамандар  дайындау  мәселесі  күн 
тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отыр. 

 
131 
 
ҚР  орта  білім  жүйесін  ақпараттандыру  туралы  мемлекеттік  бағдарламасында 
«Қазақстандағы  жаңа  қоғамдық  –  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  шарттар  білім  беру 
саласында  принцптік  жағынан  жаңа  жағдайлар  жасады.  Орта  білім  беру  демократиялық 
мемлекеттің  және  нарық  экономикасының    талаптарына  жауап  бертіндей  етіп  түпкілікті 
қайта құру талап етілді. ҚР дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен 
ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни біріңғай ақпараттық білім беретін желіге 
негізделген  оқыту  жүйесін  жасау  қажет».  Осы  тұжырым  орта  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. 
Қазіргі  таңда  ақпараттық  технологиялар  білім  беру  үдерісінде  ең  тиімді  оқыту 
құралдарының  бірі  болып  табылады.  Олай  болса,  ақпараттық  технологияларды  және 
олардың  негізінде  оқыту  технологияларының  қалай  қалыптасатынын  бақылайық.  Сонымен 
қатар,  оқыту  технологиялары  мен  ақпараттық  технологиялар  арасындағы  байланысты  да 
анықтау маңызды.  
Технология  ұғымы  ақпараттық  технологиялар  саласынан  келіп  шыққан.  Нақ  осы  сала 
техникалық  тұрғыдан  едәуір  кӛбірек  зерттелген  сала  болып  табылады.  Оқыту 
технологиялары  мен  ақпараттық  технологиялардың  бірдей  емес  екенін  ескерте  кетейік. 
Себебі,  біріншіден  –  оқыту  технологияларына  ақпараттық  емес  технологиялар  (мысалы, 
сыртқы  бӛлімдегідей  оқытушының  қатысуынсыз,  дербес  оқу  жоспарына  сай  оқулықтар 
бойынша  оқыту  технологиясы)  да  жатады.  Екіншіден  –  ақпараттық  технологиялар  оқу 
үдерісіне  тікелей  қатысы  жоқ  кӛптеген  мәліметтерді  (мысалы,  мәліметтерді  кодтау  және 
ӛңдеу,  желі  бойынша  мәліметтерді  беру,  магниттік  таратушыларға  мәліметтерді  жазу 
механизмдерін  және  компьютерлік  техниканың  кӛптеген  басқа  да  ерекше  элементтерін) 
қамтиды. Сондықтан, ақпараттық технологиялар мен оқыту технологиялары кішкене ауданда 
ӛзара қиылысқан екі түрлі салалар болып есептеледі[3].  
Қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялардың  жоғары  деңгейде  дамуы  оларды  білім 
беру  саласында  да  қолдануға  мүмкіндік  берді.  Ақпараттық  технологиялардың  білім  беру 
саласында қолданылуы маңызды обьективтік себептермен дәйектелген.  
Жалпы,  қазіргі  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  оқыту  тиімділігін  20-50%-ға  ғана 
емес,  бірнеше  есе  кӛтеруге  қабілетті  екені  анық  аңғарылады.  Мамандарының  жүргізген 
зерттеу  нәтижелеріне  сүйенсек,  компьютерлік  оқыту  кәдімгі  лекция  тыңдау  кезіндегіге 
қарағанда білімді 10 есе кӛп игеруге септігін тигізеді екен.  
Меңгеру жылдамдығын арттыру – ақпараттық технологиялардың ең күшті жақтарының 
бірі.  Ол  бізді  ақпараттық  технологияларды  ұқыптырақ  үйренуге  және  «Ақпараттық 
технологиялардың  кӛмегімен  тағы  да  қандай  жетістіктерге  жетуге  болады?  Оқу  үдерісінде 
қандай  да  бір  сапалы  ӛзгерістер  туындайды  ма?»  деген  сауалдардың  шешімін  табуға 
итермелейді. 
Ақпараттық  технологиялардың  құрылымдық-тармақтық  негізгі  бірлігі  компьютер 
болып  табылады.  Ол  ақпараттық  технологияларды  қолдануда  оқушының  тікелей 
байланысатын  ӛткізгіш  рӛлін  атқарады.  Алайда  оқыту  технологиясының  негізгі  бірлігі 
компьютер  емес,  компьютерлік  оқыту  бағдарламасы  екенін  де  естен  шығармаған  дұрыс. 
Яғни,  нақ  осы  бағдарлама  технологияның  «кірпіші»  десек  артық  болмас.  Сол  себепті,  біз 
үшін  компьютердің  рӛлін  емес,  оқу  үдерісіндегі  компьютерлік  бағдарламаның  рӛлін 
қарастырған маңыздырақ.  
Компьютер  білім  беру  жүйесінде  тек  қана  оқыту  құралы  ретінде  қалып  қоюда.  Оқу 
үдерісін  қалыпты  күйде  жекелеген  фрагменттер  (үй  тапсырмасын  орындау,  сыныпта  сабақ 
оқу)  бойынша  қарастыратын  болсақ,  онда  компьютер  құрал  ретінде  негізге  алынады.  Ол 
оқушыға қандай бағдарламаны ұсынса  да және оқушы қандай оқу  бағдарламасын қолданса 
да – бәрібір оқушы оны проектор, кесте, сызба, карта, т.б. кез келген кӛрнекі құрал секілді 
пайдаланады.  
Ал,  егер  біз  оқу  үдерісін  жекелеген  фрагменттер  емес,  динамикалық  күйде 
қарастыратын болсақ,  онда жағдай мүлдем басқаша сипатта ӛзгереді. Бұл кезде компьютер 
ӛзінің  оқу  бағдарламаларымен  бірге  оқыту  құралы  болудан  шығады.  Дәлірек  айтқанда,  ол 

 
132 
 
жай ғана оқыту құралы емес, одан да маңыздырақ бір дүниеге айналады. Мәселен, дәстүрлі 
оқыту жүйесінде оқытушының алдында сабақ айтып, баға алатын оқушы енді компьютердегі 
жұмысын  орындап  болған  соң,  баға  алу  үшін  оқытушыға  бірден  бармастан,  компьютерге 
орнатылған  бағдарламалардың  кӛмегімен  ӛз  жұмысының  деңгейін  бағалай  алады.  Яғни, 
компьютер  ӛзінде  бар  бағдарламалар  арқылы  белгілі  бір  жағдайларда  ұзақ  уақыт  бойы 
оқытушының қызметін атқара  алады. Егер оқыту бағдарламасы бір  сағатқа  есептелсе, онда 
оқушы  оқытушының  кӛмегінсіз  бір  сағат  бойы  сабақ  оқып,  жаңа  оқу  материалын  меңгере 
алады.  Тіптен,  компьютерлік  бағдарлама  аясында  оқушыға  дәстүрлі  оқыту  жүйесіндегі 
оқытушыдан  да  тиімдірек  әдістермен,  әсерлі  және  кӛрнекі  мысалдармен  оқу  материалын 
егжей-тегжейлі  игеруіне  жағдай  жасалады.  Мұнымен  қоса,  оқушының  жеке 
қызығушылықтары мен қабілеттерін тереңірек ашуына мүмкіндік туындайды[4].  
Аталмыш  оқыту  құралының  қасиеттерін  жақсартып,  оның  негізгі  оқытушылық 
қызметін  кеңейткен  жағдайда  компьютер  мен  компьютерлік  бағдарламалардың  білім  беру 
саласындағы рӛлі одан сайын күшейе түседі.  
Ғылым  үшін  бір  құбылыстың  атын  атау  ғана  маңызды  емес,  сонымен  қатар 
категориялардың қалыптасқан жүйесінде осы құбылыстың орнын табу да маңызды.  
Бүгінге  дейін  белгілі  болған  категориялар  қатарынан  технологияның  орнын  табуға 
әрекет  етейік.  Оқыту  технологиясы  дегеніміз  оқыту  түрі  ме,  әдісі  ме,  құрылымы  ма  әлде 
қандай да бір басқа жаңа категория ма?  
Егер  компьютер  мен  компьютерлік  бағдарламалар  оқу  үдерісін  қалыпты  күйде 
қарастыру кезінде біз үшін жай оқыту құралы болса, онда технология да жай оқыту құралы 
деп есептеледі. Мұндай пікірдің қисыны қарапайым әрі түсінікті. Алайда құрал – анықтамаға 
сүйенсек,  бұл  оқытушының  немесе  мұғалімнің  оқу  үдерісінің  тиімділігін  кӛтеру  үшін  ӛз 
қызметінде қолданатын дүниесі.  
Технологиялық оқытуда оқытушы оқу үрдісіне тікелей қатыспаса да болады. Енді, осы 
тұжырымды  анығырақ  қарастырайық.  Жалпы,  педагогика  жайлы  оқулықта  оқытушының 
оқыту  барысында  қолданатын  дүниесі  оқыту  құралы  деп  аталатынын  оқимыз.  Ал, 
технологиялық  оқыту  үдерісінде  оқытушының  ӛзі  жоқ  болғандықтан,  технология  оқытушы 
тарапынан  қолданыла  алмайды.  Әйтсе  де,  технология  оқыту  құралы  деп  аталмағанымен, 
бұрын  соңды  пайдаланылмаған  және  ӛздігінен  оқып-үйрететін  һәм  тексеретін  жаңа  оқыту 
құралы  ретінде  қабылданады.  Олай  болса,  технология  оқыту  құралының  дәстүрлі 
анықтамасына сәйкес келмейді. Ол оны жаңа мазмұнмен толықтырады.  
Проекторлар, аудио және бейне магнитофондар, теледидарлар секілді біз үйреніп қалған 
құралдарға  қарағанда  технологияның  орындайтын  қызметі  (бірінші  кезекте,  оқыту-үйрету 
қызметі)  мейлінше  кӛп.  Ендеше,  технология  бұл  оқытушыға  оқыту  тиімділігін  арттыруға 
мүмкіндік беретін жай оқыту құралы ғана емес, оқытудың күллі қызметін орындайтын және 
оқу  үдерісінің  барлық  кезеңдерінде  жұмыс  істей  алатын  маңызды  құрал.  Сондай-ақ,  ол  – 
бүкіл  оқу  үдерісін  сапалы  жаңа  деңгейге  де  кӛшіретін,  зор  мүмкіндіктері  бар,  жоғары 
деңгейдегі жаңа оқыту құралы.  
Дегенмен, бұл технологияны қолдану арқылы оқытудың әрдайым жақсырақ, тиімдірек 
әрі  сапалырақ  бола  беретінін  білдірмейді.  Ақаулар  мен  қателіктер  технологияларда  да 
болады. Мұнымен қоса, күнделікті тіршілікте ескірген технологиялар да, бір ғана параметр 
бойынша  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  есептеліп  жасалған,  ал  қалған  параметрлер 
бойынша  нашар  жұмыс  істеуі  мүмкін  технологиялар  да  кездеседі.  Оның  үстіне, 
компьютерлік  оқыту  бағдарламаларын  дайындағанда  алға  қойылған  мақсаттың  нақтылығы 
мен  дәлділігін  жіті  бағалау,  оқушылардың  білім  деңгейін  тексеру  әдістері  мен 
материалдарының  (графиктер,  мультипликациялар,  т.б.  компьютерлік  құралдар)  тиімділігін 
арттыру ӛз алдына бір мәселе.  
Сонымен,  оқыту  технологиясы  оқытушының  кӛмегінсіз  (лекцияларда  да,  семинар 
сабақтарында  да)  ӛз  бетінше  оқу  үдерісін  жүзеге  асыруға  қабілетті,  жаңа  деңгейдегі  оқыту 
құралы екені түсінікті. Компьютердің ешқандай жаңа нәрсе жасамайтынын айта кеткен жӛн. 
Оқытатын  бағдарламаларға  енгізілетін  оқу  материалының  мазмұнын  пән  оқытушылары 

 
133 
 
дайындайды.  Демек,  оқу  материалы  оқушыға  компьютер  арқылы  адамнан  беріледі,  бірақ 
оқулықтың мазмұнын ӛзінше түсіндіретін және қайта айтып беретін жай оқытушыдан емес, 
тікелей осы компьютерлік бағдарламаны жасаушы автордан беріледі. Яғни, оқушы оқытатын 
компьютерлік бағдарламаға енгізген оқулықтың авторымен жанама түрде байланысады[5].  
Мұнда  оқытатын  әр  бір  компьютерлік  бағдарламаның  белгілі  бір  оқу  мазмұнын  емес, 
сонымен қатар оқу материалын ұсынудың ерекше түрлерімен де сипатталатыны байқалады. 
Оқу материалын ұсыну формалары әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, алдымен мәтін беттерін 
ұсынып,  кейіннен  бақылау;  автордың  түсініктемесі  бар  бейне  үзінділерді  кӛрсету;  ойын 
ережелерін  (жаңа  оқу  ұғымдарын)  меңгеруге  бағытталған  іскерлік  ойындарды  ӛткізу,  т.б. 
Ұсынылған  оқу  материалына  сәйкес,  оқушыдан  оны  меңгерудің  қандай  да  болсын  әдісі  де 
талап етіледі. Осылайша, технологияға оқу материалының мазмұны ғана емес, оны меңгеру 
әдістері  де  енгізіледі.  Бұл  әдістерді  де  оқытатын  компьютерлік  бағдарламаның  авторы 
анықтайды.  Сондықтан,  компьютер  осы  бағдарламаларды  жасаушы  автордың  ниеттері  мен 
тілектерін жеткізуші рӛлін атқарады.  
Ақпараттық  технологияларда  оқыту  бағдарламарын  дайындауға,  біріктіруге, 
орналастыруға  және  мультимедиялық  әрі  графиктік  тұрғыдан  рәсімдеуге  қабілетті 
бағдарламалар  болады.  Бірақ  бұл  бағдарламалар  оқытушы  емес,  қалыптастырушы  немесе 
қамтамасыз етуші бағдарламалар болып табылады. Бағдарламалауда оқыту технологиясынан 
бӛлек  технологияның  басқа  түрлері  де  қолданылады.  Олар  –  оқытуға  жанама  түрде 
қатынасатын  мультимедиялық  кӛріністерді  бейнелеу  технологиясы,  тест  тапсырмаларын 
іріктеуге  арналған  бет  әзірлеу  технологиясы,  оқыту  технологиясын  жазу  бағдарламасы. 
Әйтсе  де,  оларды  оқыту  технологиясын  дайындау  немесе  қалыптастыру  үшін  қолдануға 
болады[6]. 
Оқыту  технологиясы  жаңа  оқыту  бағдарламаларын  құрастыруға  арналмаған.  Дәлірек 
айтқанда,  олар  жаңа  бағдарламаларды  құрастырмайды,  тек  оқытады.  Оқыту  технологиясы 
берілген  пән  бойынша  оқу  үдерісін  ӛз  бетінше  жүргізуге  қабілетті  оқыту  құралы  міндетін 
атқарады.  Сонымен,  технология  –  күні  бүгінге  дейін  еш  қарастырылмаған  оқыту  үдерісін 
жүргізуге арналған оқыту құралының мүлдем жаңа түрі. Оқыту құралдарының екі түрі бар.  
Бірінші реттегі (яғни, біз үшін үйреншікті) оқыту құралдары мұғалім немесе оқытушы 
тарапынан  оқу  үдерісінде  оқушылардың  жаңа  білімді  меңгеруін  ұйымдастыру  кезінде,  оқу 
үдерісінің  тиімділігін  арттыру  мақсатында  қолданады.  Бұларға  оқулықтар,  оқу  құралдары, 
кітаптар,  кӛрнекі  құралдар,  зертханалық  жабдықтар,  оқытудың  техникалық  құралдары,  т.б. 
жарқын мысал бола алады.  
Екінші  реттегі  оқу  құралдары  ӛзіндік  техникалық  сипаттамаларының  арқасында  оқу 
үдерісін оқытушының қатысуынсыз жүргізуге мүмкіндік береді. Мұнда оқу үдерісі негізінен 
бақылаушы  қызметін  атқаратын  арнайы  дайындықтағы  оқытушы  менеджерлер  тарапынан 
ұйымдастырылады.  
___________________ 
1.Назарбаев Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты, 
Ел президентінің халыққа жолдауы, 2012 
2.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 2011 
3.Малев  В.В.  Введение  в  педагогическую  информатику:  В  3  ч.  –    Ч.1.  Информатизация 
образования.  –  Воронеж:  ВГПУ,  2000,  Ч.2.  Компьютер  в  учебном  процессе.  –  Воронеж: 
ВГПУ, 2000 
4.Васильев В.В. Информационное обеспечение упарвления общеобразовательной школой.  – 
Воронеж: ВГПУ, 2000 
5.Халықова  К.З.,  Абдулкәрімова  Г.А.  Педагогикалық  информатика  /білім  беруді 
ақпараттандыру. – Алматы, 2007. 

 
134 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет