Грамматика және оның салалары



бет7/9
Дата07.06.2023
өлшемі96,59 Kb.
#99537
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Грамматика және оның салалары Құралай

Морфологиялық сіңісу процесінің нәтижесінде алғашқы түбір морфема мен аффинкстік морфеманың бір-бірімен ажырамастай болып кірігіп, бұл күнде морфемаларға мүшеленбей бір тұтас морфема ретінде ұғынылатын түбір морфемалар сіңіскен түбірлер деп аталады. Сіңіскен түбірлерге төмендегі түбірлер мысал бола алады: жарық, жалын, моншақ, қайт, қайыр, оят, оян, мөлдір, мөлтең,құтыл, құтқар, семір, семіз және т. б. Бұлар қазіргі қазақ тілінде жар+ық, жал+ын, мон + шақ, қай + т, қай + ыр, оя +т, оя + н, мөл +дір, мөл +тең, құт-ыл, құт + қар, сем + ір, сем +із түрінде немесе басқа түрде мүшеленуге келмейді де, әрқайсысы бөлініп-жарылмайтын бір бүтін түбір морфемалар-сіңіскен түбірлер ретінде танылады.

  • Морфологиялық сіңісу процесінің нәтижесінде алғашқы түбір морфема мен аффинкстік морфеманың бір-бірімен ажырамастай болып кірігіп, бұл күнде морфемаларға мүшеленбей бір тұтас морфема ретінде ұғынылатын түбір морфемалар сіңіскен түбірлер деп аталады. Сіңіскен түбірлерге төмендегі түбірлер мысал бола алады: жарық, жалын, моншақ, қайт, қайыр, оят, оян, мөлдір, мөлтең,құтыл, құтқар, семір, семіз және т. б. Бұлар қазіргі қазақ тілінде жар+ық, жал+ын, мон + шақ, қай + т, қай + ыр, оя +т, оя + н, мөл +дір, мөл +тең, құт-ыл, құт + қар, сем + ір, сем +із түрінде немесе басқа түрде мүшеленуге келмейді де, әрқайсысы бөлініп-жарылмайтын бір бүтін түбір морфемалар-сіңіскен түбірлер ретінде танылады.
  • Сонымен, сіңісу процесінде сөздің түбірлес, төркіндес сөздерімен байланысы күңгірттеніп жойылады да, элементтері өз ара кірігіп (сіңісіп) кеткен сөздер өзімен төркіндес сөздерден оқшауланып алшақтайды. Мысалы, жақ (жағу), жан (жану), жарық, жалын деген сөздер этимологиялық тұрғыдан о баста бір ғана түбірден (жа-) тарағанмен, қазірде бұл сөздер түбірлес сөздер ретінде емес, іргесі бір-бірінен аулақ жатқан, жақындығы жоқ сөздер ретінде ұғынылады,

Аффикстер мағынасы мен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетін аффикстер бар. Мысалы, жоғарыда аталған көлшік деген сөздің құрамындағы -шік аффиксі жалпы ұғымды білдіретін көл деген түбірге жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсіп тұр. Аффикстердің кейбіреулері дербестігі жоқ түбір морфемадан сөз тудырады немесе дербестігі бар түбір сөзден туынды сөз тудырады. Мысалы, қазақ тілінде бүлік деген сөз бүл күнде өз алдына дербестігі жоқ бүл- деген түбірге (аталған түбір бүлін, булдір деген сәздердің де құрамында кездеседі) -ік деген аффикстің жалғануынан жасалса, осы аффикстің өз алдына дербес сөз ретінде қолданыла алатын тіл деген түбір морфемаға (түбір етістікке) жалғануынан тілік деген.туынды сөз жасалған. Дербестігі жоқ түбірден немесе дербестігін сақтаған түбір сөз жасайтын мұндай аффикстерді сөз тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық (Деривациялық - латынның derivatio (меншіктеп бөлу) деген сөзінен жасалған термин) мағына деп аталады.

  • Аффикстер мағынасы мен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетін аффикстер бар. Мысалы, жоғарыда аталған көлшік деген сөздің құрамындағы -шік аффиксі жалпы ұғымды білдіретін көл деген түбірге жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсіп тұр. Аффикстердің кейбіреулері дербестігі жоқ түбір морфемадан сөз тудырады немесе дербестігі бар түбір сөзден туынды сөз тудырады. Мысалы, қазақ тілінде бүлік деген сөз бүл күнде өз алдына дербестігі жоқ бүл- деген түбірге (аталған түбір бүлін, булдір деген сәздердің де құрамында кездеседі) -ік деген аффикстің жалғануынан жасалса, осы аффикстің өз алдына дербес сөз ретінде қолданыла алатын тіл деген түбір морфемаға (түбір етістікке) жалғануынан тілік деген.туынды сөз жасалған. Дербестігі жоқ түбірден немесе дербестігін сақтаған түбір сөз жасайтын мұндай аффикстерді сөз тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық (Деривациялық - латынның derivatio (меншіктеп бөлу) деген сөзінен жасалған термин) мағына деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет