Грамматика және оның салалары



бет1/9
Дата07.06.2023
өлшемі96,59 Kb.
#99537
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Грамматика және оның салалары Құралай

Грамматика және оның салалары.

Мақсаты: грамматика және оның салаларын, морфология, зерттеу нысанын, сөз құрамын және морфема туралы түсінік беру, түбір және қосымша морфемалары және олардың қызметі түсіндіру.

Жоспары: 1. Морфология, зерттеу нысаны. Сөз құрамы. Морфема туралы түсінік. 2. Түбір және қосымша морфемалар. Қызметі.

1. Сөз - ең кіші мағыналы тілдік бөлшек. Сөз тіл білімінің барлық саласында қаралады. Мәселен, фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксисте сөздің түрлі қырлары зерделенеді. Фонема, морфема, әр түрлі сөз тұлғалары, сөз тіркесі, сөйлем сияқты тілдік бірліктерден сөздің әрқилы ерекшеліктерін білуге болады.

Сөз – белгілі бір ұғымның атауы. Сондықтан белгілі бір нақты лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы, кітап, дала, жылқы, сүт деген сөздер лексикалық мағынаны білдіреді. Сол себепті сөздер санамызда жеке тұрып өмір сүре алады. Және де сөздікте сөз жеке лексема (реестр) ретінде беріледі. Әдетте, сөздер ортақ жалпы мағына аясына топтасады. Мысалы, адам, жер, аспан, топырақ, су сөздерінің жалпы мағынасы – зат есім.

Ал келді, келген, келмек, келеді сөздерінде ондай ортақ жалпы мағына бірнешеу: 1) етістік (қимыл) мәні; 2) шақтық мағына; 3) жақтық мағына т.б. Мұндай мағыналар сөздің дербес қалпынан туындайды, сондай-ақ әр түрлі қосымшалар арқылы да беріледі. Ортақ жалпы мағына сөздің лексикалық мағынасымен өзара тығыз байланыста болады, оның мағынасын жалпыландырады немесе түрлендіреді.

Грамматикалық ұғым аясында оны грамматикалық мағына дейді. Сөзжасамдық мағына мен грамматикалық мағынаның да өзара байланысы мен айырмашылығын ажырата білген жөн. Сөзжасамдық мағына туынды сөзде болады. Мысалы: емші, қаламгер, талапты т.б. Түптеп келгенде, бұлар да – туынды лексемалар. Олар сол қалпында сөздік құрамның туынды сөздер қабатын құрайды немесе сөздікте жеке реестр (лексема) ретінде беріледі. Демек, лексикалық және туынды лексикалық мағыналардың грамматикалық мағынаға қатынасын бірдей деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет